Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданында білім беру саласы бойынша 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы

Саланы  дамыту бағыттарын айқындайтын 2016-2019 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың бағдарламасы қорытындыланып, үстіміздегі жылы жаңа 2020-2025 жылдарға арналған бағдарлама бекітілді. Бұл стратегиялық маңызды құжат саладағы әрбір деңгей бойынша алдағы даму бағыттарымызды айқындайды.

Білім берудің бастапқы сатысы - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Ауданда 36 (28 балабақша, 8 шағын орталық) мектепке  дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасайды, онда 2109 бала тәрбиеленуде. 28 балабақшаның 10-ы мемлекеттік, 18-і жекеменшік балабақша. Балабақшалардың 64,2% жекеменшік секторда.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен 3  жастан 6 жасқа дейінгі  балалардың 100%-ы  қамтылған. Қазіргі  таңда 1-6 жастағы балалардың қамтылуы – 70%. 1 жастан  3 жасқа дейінгі  балалардың  қамтылуы  36%  құрап   отыр.  Алдағы  міндет - 1 жастан 3  жасқа  дейінгі  балалардың  қамтылуын  арттыру.     

Балабақшалар механизмі автоматтандырылған, Egov порталы арқылы жүргізілуде. Бұл көрсетілетін қызметтің оңтайландырылған және автоматтандырылған жүйесі. Аталған жүйе балабақша кезегі және жолдама беру қызметінің ашық түрде жүргізілуін қамтамасыз етеді. 

Балабақшада берілетін тәрбие мен білімнің сапасын барынша  бәсекелестікке түсіріп, оны дамытудың әдістемесі жаңартылуда.

Бәсекелестікке түсуде басты фактор- педагог кадрдың сапасы.

Балабақшалардағы 307 педагогтің 45 пайызының   біліктілігі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға сәйкес келеді. Атап өтуіміз қажет,  2019  жылы  бұл көрсеткіш 40 пайызды құраған болатын.

Кәсіби біліктілік деңгейін арттыру бағытында  66 педагог курстардан өткізілсе, оның 15-сі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сертификат алды. Келер жылға педагогтарды кезең-кезеңімен оқыту жоспарлануда.

Орта білім беру

Мемлекеттік бағдарламадағы бекітілген индикаторлар мен көрсеткіштердің негізгі бөлігі орта білім деңгейіне тиесілі. Білім алушылар жалпы  контингенті- 6980 оқушыны құрайды.

Еліміздегі пандемия кезеңіне байланысты биылғы оқу жылының І оқу тоқсанының оқыту форматы ата-ананың өтінішіне сәйкес 1-4 сыныптағы 2972 оқушы кезекші топтар арқылы білім алуы ұйымдастырылып,  170 сынып комплектісі жасақталды. Кезекші топтарда 2502 оқушы оқытылды.

Тәрбиелік шаралардың барлығы онлайн түрінде жүргізілді.                  5-11 сыныптар қашықтан оқыту форматында білім алды (4135 оқушы).

Ауылдарда интернет жылдамдығы төмен және оқушы саны 180-нен аз мектептерде оқу процесі дәстүрлі түрде оқытылды. Атап айтқанда, Далдабай ауылындағы №115 (90 оқушы), Жаңаталап ауылындағы №119 (162 оқушы), Жаңадария ауылындағы №203 (90 оқушы) мектептер санитарлық нормаларды қатаң сақтап, штаттық режимде (343 оқушы) оқытылды.

Оқу жылының ІІ тоқсанында (342 оқушыға) 300 балаға дейін оқушылары бар 5 мектеп (№34, 114, 118, 122, 188 мектептер) жергілікті атқарушы органның және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының шешімі арқылы, санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі оқыту форматына көшірілді.  Барлығы 1449 оқушы.

Сонымен қатар 5-сынып оқушылары ата-аналарының өтінішіне сәйкес кезекші топтар арқылы мектепте  білім алуда. Қазіргі таңда 1-5 сыныптарда (дәстүрлі форматта оқитындарды қоспағанда) 2923 оқушының 2831-і кезекші сыныпта оқытылуда.

300 баладан астам оқушылары бар 12 мектептің 6-11 сыныптағы 2678 оқушысы І - ІІ  оқу тоқсанында қашықтықтан оқытылуда. Мектептерде санитарлық нормаларды сақтау мақсатында дизенфекциялық құралдармен қамтамасыз ету үшін тиісті 16 млн 250 мың теңге қаржы қаралып, заттары алынды (дезинфекциялық туннель, байланыссыз термометр, санитайзер, бактерицидті шамдар, дезинфекциялық ерітінділер, антисептик сұйықтығы).

Қашықтан оқыту BilimLand интернет платформасы арқылы жүргізілуде.

Қашықтан оқитын оқушыларды электронды құрылғылармен қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар жүргізілді.

Атап айтқанда, мектеп балансындағы  компьютерлер оқушыларға уақытша пайдалануға берілді. Жергілікті бюджет есебінен  276 планшет сатып алынды.  «Демеушілермен  әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан  192 балаға техникалық құралдар берілсе, 20 отбасы (80 балаға) роутер орнатылып берілді.

Үкімет резервы есебінен мектеп теңгеріміне 1452 дана компьютерлік техникалар алынып  (планшет-305, ноутбук-912, компьютер-235) аз қамтылған қажет ететін отбасы балаларына берілді.

Байланыс операторларымен бірлесіп, елді мекендегі интернет жылдамдығын арттыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілді.

Инфрақұрылым бойынша

Аудан мектептерінің 75 пайызы жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз етілген.

Материалдық базасын нығайту бағытында биылғы жылы  облыстық бюджеттен 125 млн 53 мың тг қаржыға 4 мектепке «3Д модельдеу» жабдықтары (инновациялық мектептер №201,123,31,32 мектептер) алынды және 10 мектепке (№33,34,38,114,116,117,118,122,124,188 мектептер)  4 химия кабинеті,  6 биология, 5 физика пәндік кабинеттерімен толықтырылды.

12 мектепте робототехника үйірмелері жұмыс жасайды.

 Ұлттық бірыңғай тестілеу

Үстіміздегі жылы 271 мектеп түлектерінің (232-і) 85,6% ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Қорытындысымен 200 талапкердің 182-сі оқу орнына түсуге арналған грантқа қол жеткізді. Бұл ҰБТ-ға қатысқан түлектердің 78,4 пайызы. Олардың 76-ы педагогикалық, 35-і техникалық, 31-ы медициналық мамандықтар болса, 15-і ауылшаруашылық  және  25 –і басқа салаларды таңдаған. Жалпы 2020 жылғы мектеп бітірушілердің 99% университеттер мен коллледждерде оқуларын жалғастыруда.

2020-2021 оқу  жылында  318 оқушы 11 сыныпты аяқтайды.                      306 бітіруші ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп отыр. Бұл барлық бітірушілердің 96,2 пайызын құрайды.

42  бітіруші «Алтын белгіге», 12 бітіруші «Үздік аттестатқа» үміткер.

Бітірушілеріміз қазіргі таңда мектептен тыс оқу орталықтарымен және қашықтықтан жеке репетиторлар арқылы және топқа (5 оқушыдан) бөліп мектепте пән мұғалімдері  дайындықтарын жалғастыруда.  Оқушылардың дайындық жұмыстары мектеп әкімшілігі тарапынан бақыланып, тест орталықтары әзірлеген нұсқалармен жұмыс жасап, әлсіз тұстарына байланысты жеке жұмыстар жүргізілуде. Ай сайын сынама тесттер алынып, білім деңгейіне мониторинг жүргізілуде.

Қараша айында алынған сынама тестілеуге 306 бітіруші қатысып,  жалпы орташа балл 60,7% көрсетуде.

Дарынды балаларды қолдау шаралары туралы

Қазақстан Респбуликасының Тұңғыш Президенті, Елбасы қорының бастамасымен жас таланттар мен көшбасшыларды ауылдық жердегі дарынды балаларды қолдау мақсатындағы   «Ел үміті» жобасы аясында «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының облыстық кезеңіне 16 оқушы қатыстырылып,  4 оқушымыз жеңіске жетіп, мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептерге конкурстан тыс қабылданды (№122,123,232,246 мектеп оқушылар).

Жыл басынан аудандық деңгейдегі байқауларға 844 оқушы қатысып 352-сі жүлделі орындарға ие болды. Облыстық деңгейдегі танымдық байқауларға 184 оқушы қатысып, 154-і жүлделі орын иеленсе, республикалық деңгейдегі байқаулардан 13 оқушы жүлделі орындар иеленді.

Өздеріңізге белгілі, өткен жылы білім саласы үшін маңызды құжат «Педагог мәртебесі» туралы Заңы қабылданды.

Осы жаңа бастамалар аясында ауданда ағымдағы  жылы                         1217 педагогтың жалақылары 25%-ға көтерілсе,
2021 жылы  тағы 25%-ға артады деп жоспарлануда.

Функционалдық міндеттеріне және санаттарына қарай қосымша  30-50%  үстемақы төленуде.

Орта білім беру ұйымдарында тәлімгерлік үшін 17 мың теңге, магистрлік дәрежесіне 26 мың теңге қосымша ақы төленсе, сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін берілетін еңбек ақы 2 есеге көтерілді.

Бүгінгі мәселеміз - білім беру мазмұнын жаңарта отырып болашаққа бағдар алу болса, ол жұмыс мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты болмақ. 

Педагог кадрларды аттесттаудың жаңа форматына сәйкес ағымдағы жылдан бастап  балабақша, қосымша білім және арнайы білім беру педагогтары жаңа формат бойынша аттесттаудан өткізілуде.

Аудан бойынша 1217 педагог қызметкердің 52,6 пайызы (зерттеуші-233, сарапшы-251, модератор-157) жаңа формат бойынша аттестациядан өткен.

Осыған  қоса, білім беру ұйымдарының басшыларын аттестациядан өткізу, ротация жасау және жалақы төлеу тәртіптері де жаңадан айқындалды. Қазіргі таңда білім беру ұйымдарының басшыларын аттестациядан өткізу жұмыстары басталды.

Қосымша білім беру ұйымдары

Ауданда қосымша білім беру ұйымдары - Оқушылар Үйі, Балалар өнер мектебі, «Ақтерек» тынығу лагері, №202  мектеп жанындағы орталық жұмыс жасауда.

Жалпы қосымша біліммен 4992 бала (71,5 %) қамтылуда.           Оның ішінде:

- Қосымша білім беру ұйымдарының  үйірмелері мен секцияларына  - 660 бала(9,4%);

-мектеп жанындағы әртүрлі  үйірмелерге -2802 (40,1 %);

- мектеп жанындағы спорттық секцияларға 1530 (21,9 %) тартылды.

Мемлекет басшысы 2020 жылғы  1 қыркүйектегі  Жолдауында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін спорттық секциялар мен үйірмелерді ашу  жөнінде нақты тапсырма берді. Бұл бағыттағы қосымша білім беруді дамыту  үшін 2021-2023 жылдарға  арналған облыстық Жол картасы әзірленді.Осыған орай ауылдық елді мекендерде Балалар өнер мектебінің филиалдарын ашу жұмыстары ұйымдастырылуда. (2021 жылы Мәдениет ауылынан 3 класпен 35 баланы, Еңбек ауылынан 3 класпен 30 баланы қамту)

Сонымен қатар  Оқушылар Үйі мен Өнер мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілген кезеңде қосымша 4 үйірмені ашу арқылы  250 баланы қамту жұмыстары жоспарлануда.

Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау

Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселесі ерекше назарда. Мектептерде (2018-2019ж) 149 дана бейне бақылау камералары орнатылған.

2020 жылы жергілікті бюджеттен 2750,0 мың теңге қаралып, №188, №117 және 116 мектептерге барлығы 36 камера орнатылды. Қазіргі таңда  облыстық бюджеттен бөлінген 17865,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, №31,123,201,202,246,33 мектептерге әр қайсысына 14 камерадан, барлығы 84 камера орнатуға жұмыстар жүргізілуде.

Мектепке дейінгі ұйымдарда 28 балабақшада 219   бейнебақылау камерасы құрылған.  Ондағы ішкі камера-145, сыртқы камера-74.

Инклюзивті білім беру

Бүгінгі күннің басты мәселесі. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы (ПМПК), Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК),  №201 мектеп-лицей жанынан логопедиялық пункт, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы сынып және инклюзивті ортаны қалыптастыру бағытында  11 мектеп (55 пайыз) 7 балабақша (40 пайыз) арнайы мамандармен қамтылып түзету және білім беру жұмыстарын жүргізуде.

2020 жылы ПМПК қорытындысына сәйкес ауданымызда  306 ерекше білім беруді қажет ететін балалар анықталып отыр.Олардың ішінде 93 бала мектепте, 26 бала арнайы психикалық дамуы тежелген сыныпта, 57 бала үйден оқытылуда, 26 бала балабақшада, 67 бала психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде (7-8 жас аралығы-22, 0-6 жас аралығы-45)  түзету сабақтарын алуда.

Инклюзивті білім беруді дамытудың  2020-2022 жылдарға арналған Жол картасы аясында  облыстық бюджеттен 27 млн 823,0 тг қаржы қаралды.

Аталған қаржыға  4 балабақша Жалағаш кентіндегі Ақмаржан, №19 санаторлық балабақшасы, Аққұм ауылындағы №7 Шұғыла, Мәдениет ауылындағы №8 Балауса балабақшасы логопедиялық пунктермен және мамандармен қамтамасыз етілсе, 2 мектепте Бұқарбай батыр ауылындағы №33, кент орталығындағы №246 мектепке инклюзивтік кабинеттер ашылып, арнайы мамандармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, Жол картасы аясында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға сабақ беретін 115 мұғалім арнайы біліктілік арттыру  курсынан өткізілді.

Әлеуметтік қолдау көрсету  бағытында бүгінгі күні   мектептерде 1987 әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасынан шыққан балалар бар.

Бұл бағытта 2020 жылы міндетті оқу қорына103 млн. 450 мың теңге қаржы бөлініп, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балалары кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен (943 бала) қамтылды.

Дата публикации
20 января 2021
Дата обновления
20 января 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы