
Жалағаш ауданында 14 пен 29 жас аралығында 8226 жас тіркелген. Бұл көрсеткіш жалпы халық санының 23,4 пайызын құрайды.
Өздеріңізге белгілі, 2020 жыл - «Еріктілер жылы» болып жарияланды. Басты мақсат – ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру болып табылады.
Жалағаш ауданы бойынша еріктілер жылын атап өтудің кешенді іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.
2020 жылы Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 12,02 млн теңге бөлінді.
Оның ішінде 3,368 млн теңге жастар арасында іс-шаралар ұйымдастыруға арналған.
1) Жастарға патриоттық тәрбие беру және азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру кызметі.
2) Жастар арасында еріктілер корпусын дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру қызметі.
3) Жалағаш ауданындағы жұмыссыз (NEET) санатындағы жастарға бағытталған шараларды ұйымдастыру және жастар шығармашылығын дамыту қызметі.
Үстіміздегі жылы кент және ауылдық округтерде еріктілер қозғалысын дамыту бойынша «Nur Otan» партиясы мен жастар ресурстық орталығы арқылы жастар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, еріктілер топтары құрылды.
«Жалынды жас» еріктілер мектебінің еріктілер саны 300 еріктіге жетті (2019 жылы 120 жас).
Еріктілердің ұйымдастыруымен 112 шара өткізіліп, 3441 жас қамтылды. Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде қайырымдылық шаралары аясында 270 мың теңге көлемінде тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, карантин режиміне байланысты іс-шараларды өткізу онлайн форматқа көшуіне орай әлеуметтік желілер арқылы жастарды еңбекке баулу, тұрғындарды тазалық сақтауға шақыру, спортпен шұғылдануға шақыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау секілді іс-шараларды онлайн форматта өткізу қолға алынды.
(15-сәуір ұлттық ғашықтар күніне орай жас отбасылардың қатысуымен «Үздік Love story», белсенді студенттер арасында «Studentman», жас аспазшы жастарды қолдауға бағытталған «Тәтті ару» байқаулары сынды жаңа жобалар бастама алды).
Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен аудандық жайдарман ойындарының ¼ ширек финалы, ½ жартылай финалы, 14 ауылдық округтің ерікті жастарымен кездесу, жастардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу мақсатында акциялар, орман шаруашылығы қызметкерлерімен бірге Сырдария өзенінің жағалауында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды жинастыру волонтерлік бағыттардың ішіндегі «Taza Alem» жобасы аясында ауданнның ерікті жастары қатысты, Аудандық кітапхана және жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен коворкинг орталығында "Кітапханадағы туған күн" жобасы аясында туған күн кеші аталып өтті.
Жастар ресурстық орталығы және Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында 2020 жылдың қыркүйек-қазан айларында Жалағаш ауданы ерікті жастарының арасында аймақтық спорттық сайыстар (Шағын футбол, қол күресі, арқан тарту т.б.) ұйымдастырылып, жастар өзара бақ сынасып, сайыс жеңімпаздарына қоғамдық бірлестіктің дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде аудандық жастар ресурстық орталығы мен ерікті жастардың ұйымдастыруымен орталық базарлар мен қоғамдық орындарда тұрғындарға 1000 маска тегін таратылды.
Сонымен қатар ерікті жастар мен мектеп бітірген түлектер, демалыс уақытында ауданға келген студенттер мен жас мамандардың ұйымдастыруымен тұрмысы төмен 15 отбасыға азық-түлікпен көмектер көрсетілген.
Дәуімбай елді мекені тұрғыны, жалғызбасты ананың үйіне шатырын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, 135 000 теңге көлемінде қаржы жұмсалды.
«ДорСтрой» ЖШС және "Абай-Дәулет" ЖШС аудан халқына деген арнайы көмегін қабыл алып, тиісінше көмекті қажет ететін отбасыларға жастар ресурстық орталығы, «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі және ерікті жастар 200 отбасыға азық-түлік таратуға атсалысты.
Ал қазіргі таңда 2020 жыл «Еріктілер жылы» аясында Жалағаш ауданының ерікті жастары түрлі бағыттағы 14 жобаның жеңімпазы атанды.
Үстіміздегі жылдың 9 желтоқсан күні мәдениет және өнерді дамыту орталығында аудандық Волонтер жылының қорытынды жабылуы өткізілді.
Волонтер жылының жабылуына орай түрлі бағыттағы 14 жобаның жеңімпаздары Жалағаш ауданы әкімімен кездесіп, жыл бойы жоба бойынша атқарылған жұмыстарымен таныстырды.
Шараға аудан әкімі Шаменов Асылбек Өмірбекұлы, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Мастеков Бауыржан Қайырбекұлы, бөлім және мекеме басшылары мен ауданның белсенді жастары қатысып, дәстүр бойынша, өз саласының үздіктеріне Жалағаш ауданы әкімінің «Жалын» жастар сыйлығы және волонтерлық қызметті жүзеге асыруда аянбай еңбек еткен жастар марапатталды.
16 желтоқсан мерекелік көңіл-күймен М.Шаменов ауылында жастарға арналған КОВОРКИНГ орталығының лентасын қиылып, ашылу салтанаты өткізілді.
Волонтер жылын жүзеге асыру аясында жарияланған республикалық шағын гранттар арқылы ауыл жастарының бос уақытын ұйымдастыруға арналған орталық дене жаттығуларын жасауға арналған түрлі спорттық құрал-жабдықтар және музыкалық аспаптармен қамтылған.(үстел теннисі, гір тасы, көпбейінді жаттығу құрылғылары, домбыра, гитара, дыбыс күшейткіш, түрлі тақырыптағы кітаптар және т. б)
Енді ауыл жастары өзіндік достығы мен бірлігін арттырып, қоғам дамуындағы жұмыстарда белсенді бола бермек.
Мемлекеттік жастар саясатының ақпараттандырылуы
Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық, облыстық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде кеңінен ақпараттандыру тұрақты түрде жүргізілуде.
2020 жылы жастарға қатысты аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде 63 мақала жарияланды. Әлеуметтік желілерге (facebook. Vk. Instagram.) 200-ге жуық ақпарат және 57 бейнероликтер әзірленіп, жарияланған.