Лого

Меню

Страницы

Статья

Ауылшаруашылығы бөлімінің 2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы

Экономикалық көрсеткіштердің орындалуы 

Жалағаш ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 2020 жылдың қорытындысымен 22 297,2 млн. тенгеге орындалып, (өсімдік шаруашылығы 15 896,4 млн, мал шаруашылығы 6 013,2 млн тенге) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,7 % құрайды. Ауылшаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына 2 394,4 млн. тенгеге орындалып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 92,9%  құрады. 2019 жылдың қорытындысымен 2 810,5  млн теңге болды.

Жыл басынан бері  ауданнан экспортқа шыққан күріш өнімі 3833,5 тонна. (Ресейге 2093,5 тн, Қырғызстанға 1196 тн,Тәжікстанға 476 тн, Өзбекстан 68 тн). 2019 жылдың қорытындысымен экспортқа шыққан күріш өнімінің көлемі 5068,5 тонна.

Жыл қорытындысымен ауылшаруашылығы саласы бойынша Жалағаш ауданы облыста алдыңғы қатардан көрініп, күріштің әр гектарынан 69,2 центнерден өнім жинап, облыстық «Алтын дән - 2020» мерекесінде «Үздік аудан» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Егін шаруашылығы туралы 

2020 жылы орналастырылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес 36 731 га жерге ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылды.

Р/с

Дақыл атауы

Егіс көлемі, га

Айырмасы

2020 жыл

2019 жыл

1

Күріш

21 600

21 800

-200

2

Жаздық бидай

507

306

+201

3

Жаздық арпа

-

50

-50

4

Мақсары

1757

2 200

-443

5

Жаңа жоңышқа

3 715

3530

+185

6

Ескі жоңышқа

6452

6079

+373

7

Картоп

500

500

 

8

Көкөніс

1 000

1 000

 

9

Бақша

1 200

1 200

 

Барлығы

36 731

36 665

+66

2020 жылдың егісі үшін қажетті 5500 тонна күріш тұқымы дайындалды. Оның ішінде Янтарь 588 тн, Лидер 4904 тн, Маржан  8 тн.

Ағымдағы жылдың егісіне қажетті 13105 тонна минералдық тыңайтқыштар (аммоний сульфаты 6500 тн, карбамид 2640, аммофос 3200, фосфор ұны 765 тн) мен 22040 литр гербицид (гулливер 640 кг, топшот 2700 литр, солито 1200 литр, рейнбоу 15150 литр, номини 2350 литр) уақытылы жеткізіліп, егістікке себілді.

2019 жылы науқан қортындысымен 1 гектар күріш дақылының гектарынан 66,0 центнерден немесе 143 800 тн жалпы өнім алынса, 2020 жылы 1 гектардан 69,2 центнерден немесе 149 472 тн өнім алынды.

Егілген 507 гектар бидайдың 1 гектарынан 6,4 центнерден алынып, 324 тн өнім жиналды (2019 жылы орта өнім 11,1 ц/га);

1757 гектар мақсарының 1 гектарынан 8,5 центнерден алынып, 1493 тн өнім жиналды (2019 жылы орта өнім 6,7 ц/га);

3715 гектар жаңа жоңышқаның 1 гектарынан 11,3 центнерден алынып,  4198 тн өнім жиналды (2019 жылы орта өнім 10,6 ц/га);

6452 гектар ескі жоңышқаның әр гектарынан 49,1 центнерден алынып, 31723 тн өнім жиналды (2019 жылы орта өнім 45,3 ц/га);

500 гектар картоптың  1 гектарынан 110,4 центнерден алынып, 5520 тн өнім жиналды (2019 жылы орта өнім 109,9 ц/га) ;

1000 гектар көкөністің 1 гектарынан 169,9 центнерден алынып 16990 тн  өнім жиналды (2019 жылы орта өнім 169,2 ц/га);

1200 гектар бақшаның 1 гектарынан 213,6 центнерден алынып, 25629 тн өнім жиналды (2019 жылы орта өнім 212,6 ц/га);

7 гектар алманың 1 гектарынан 27,1 центнерден өнім алынып, 19 тн өнім алынды.

Аудандағы күріш саласындағы ірі кәсіпорынның бірі «Агро Холдинг Қызылорда» ЖШС. Ағымдағы жылы облыс бойынша 42 шаруашылық субъектілерімен  1 028,4 млн теңге қаржыға  немесе 14 692,1 тн қара күрішке фьючерстік келісім шарт жасасса, оның ішінде аудандағы 22 шаруашылықпен 364,1 млн теңге қаржыға немесе 5 201 тн қара күрішке фьючерстік келісім шарт жасасты.   

2019 жылы облыстағы 22 шаруашылықпен 14 087 тн қара күрішке фьючерстік келісім жасалған.

«Жалағашсушар» өндірістік учаскесімен биылғы жылдың егісіне қажетті сумен қамтамасыз ету үшін 175 шаруашылық құрылыммен 256,5 млн теңге қаржыға келісім шарт жасалған. Қазіргі  таңда шаруашылықтар тарапынан суға 214,0 млн теңге қаржы төленген.

2019 жылы мемлекет тарапынан аудан шаруашылықтарына:

-суармалы суды жеткізіп беру қызметтер құнының арзандатуға тек күріш дақылына 175 шаруашылықтарға 90,5 млн.теңге;

-жұмсалған гербицидтерге 203,8 млн. теңге;

-тұқым шаруашылығын дамытуға 55 млн. теңге;

-минералдық тыңайтқыштардың құнын арзандатуға 521 млн. теңге,

- 2019 жылы басым дақылдарды субсидиялаудан қалып қойған 19 шаруашылыққа 82,2 млн. теңге барлығы 952,5 млн. теңге субсидия төленді.

2021 жылы аудан бойынша 36750 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда. Оның ішінде: негізгі дақыл күріш 20400 га, жаздық бидай 600 га, күздік бидай 90 га, мақсары 2200 га, жаңа жоңышқа 3960 га, ескі жоңыншқа 6800 га, картоп 500 га, көкөніс 1000 га және бақша дақылдары 1200 гектар.

Жалағаш ауданы бойынша  2021 жылы егілетін дақылдар көлемі (меже)

 
                         

Р/с

Шаруашылықтың атауы

Жаздық бидай

Күздік бидай

Күріш

Мақсары

Жаңа жоңышқа

Ескі жоңышқа

Картоп

Көкөніс

Бақша

Барлығы

 
 

1

Аққұм а/о:

178

 

2023

192

575

1066

 

 

 

4034

 

2

Аламесек а/о:

80

 

1886

234

531

681

 

 

 

3412

 

3

Ақсу а/о:

81

 

2106

281

302

721

 

 

 

3491

 

4

Бұқарбай а/о:

 

 

3365

176

493

942

 

 

 

4976

 

5

Еңбек а/о:

 

 

1807

 

530

591

 

 

 

2928

 

6

Жаңаталап а/о:

 

 

679

 

161

194

 

 

 

1034

 

7

Мақпалкөл а/о:

117

90

1883

219

432

797

 

 

 

3538

 

8

Мәдениет а/о:

 

 

2001

381

264

584

 

 

 

3230

 

9

Мырзабай а/о:

20

 

1293

236

290

439

 

 

 

2278

 

10

Таң а/о:

124

 

2291

323

297

557

 

 

 

3592

 

11

Шәменов а/о:

 

 

1066

158

85

228

 

 

 

1537

 

 

Үй іргелік отбасы:

 

 

 

 

 

 

500

1000

1200

2700

 

 

Аудан бойынша:

600

90

20400

2200

3960

6800

500

1000

1200

36750

 

 Мал шаруашылығы туралы 

2020 жылдың 1 желтоқсанына МІҚ – 35 362 басты (111,3 пайыз), жылқы –13 286 басты (122,0 пайыз), түйе – 581 басты (111,5 пайыз), қой-ешкі – 42 214 басты, шошқа – 243 басты (154,8 пайыз), үй құстары – 9450 дананы (104,8 пайыз) құрады.

Ауданда 106 шаруашылық мал шаруашылығымен, оның ішінде 88 шаруашылық «Сыбаға» бағдарламасымен айналысуда.

Аудан көлеміндегі асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының үлес салмағы 2,0 пайызға, жылқы 0,16 пайызға, қой 24 пайызға жетті.

2020 жылы индикативтік жоспарға сәйкес 265 бас импорттық мүйізді ірі қара малын және(ауданға «Агронесие корпорациясы» АҚ-нан несиеге 200 млн тенге қаржы бөлінген), 5000 бас қой малын сатып алу, 1007 бас бұқашықты мал бордақылау алаңына өткізу және мүйізді ірі қара аналығының 5755 басын тұқымдық түрлендіруге қатыстыру жоспарланды.

Осы көрсеткіштерді орындау мақсатында келесі жұмыстар атқарылуда.

Таң ауылынан «СМ Қайнар» фермерлік кооперативі 200 бас , «АгроЛидерТаң» ЖШС 300 бас Ресейден асыл тұқымды «қалмақ» сиырын сатып алуға ниет білдіруде. Бүгінгі күнге «АгроНесие корпорациясы» АҚ-да құжаттары қаралу үстінді.

5000 бас қой малын сатып алу жоспары қазіргі таңда 26,7 пайызға орындалды.

Атап айтқанда, Қаракеткен ауылынан «Жанель» шаруа қожалығы «Ауыл КТ» ЖШС арқылы 37,0 млн. теңге несие алып, 740 бас қой малын және шаруашылыққа қажетті трактор сатып алып жұмыс жасауда.

Жаңаталап ауылынан «Махамедияров» жеке кәсіпкері «Ауыл КТ» ЖШС арқылы  3,5 млн. теңге несие алып, 88 бас жергілікті қой және асыл тұқымды қошқар сатып алып, жұмыс жасауда.

Таң ауылдық округінен «Ізбасов»ЖК 200 бас асыл тұқымды «гиссар» қойын өз қаражатымен Алматы облысынан сатып алуды жоспарлап отыр. (бүгінгі күнге 70 басын сатып алған.)

Аққыр ауыл округінен «Атамекен» ШҚ «Ауыл кредиттік серіктестігі»ЖШС-нен 47млн 6 мың теңге несие алып, алынған несиеге 1200 бас қой сатып алу жұмыстарын жүргізуде. (бүгінгі күнге 400 басын сатып алды)

Есепті кезеңге «Сыбаға» бағдарламасы аясында 44 шаруашылық 106 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.

Тұқымдық түрлендіруге қатысқан МІҚ аналығы 3406 бас, жоспар есепті мерзімге 19 пайызға орындалды.

2020 жылы Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес аудан бойынша 113 млн 417 мың  тенге субсидия алынды. Оның ішінде сатып алынған бұқа құнын арзандатуға 44 шаруашылық 106 басқа 15 млн 900 мың тенге, қой шаруашылығын дамытуға 7 шаруашылық  9 млн 510 мың 5600 тенге , мүйізді ірі қара малының тұқымдық түрлендіруіне  56 шаруашылық 42 млн830 мың тенге, мал азығын арзандатуға 27 шаруашылық 35 млн 764 мың теңге. 

Ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы

Ауданда 2020 жылы 3 жобаны іске асыру жоспарланған болатын.

Атап айтқанда:

  1. Жалағаш кентіндегі «АгроХимСервис» ЖШС-нің минералдық тыңайтқыштарды өңдеу зауыты. Жобаның құны 520 млн теңге. Оның ішінде 372 млн. теңге қаржы ЕДБ арқылы қаржыландырылса, 148 млн теңге өз қаржысы. 240 млн теңге құрал-жабдық сатып алуға және 280 млн. теңге құрылыс жұмыстарына жұмсалды. Қазіргі таңда аудандағы шаруашылық құрылымдарын минералдық тыңайтқышпен қамтамасыз етуде, зауытта 15 адам тұрақты жұмыс жасайды.
  2. Жалағаш кентіндегі «Қарабура Ата-1» ФҚ-ның күріш ақтау зауыты өз қаржысымен салынды. Зауыттың қаржылық құны 60,0 млн теңге, қуаттылығы тәулігіне 60 тонна. Жер көлемі 0,5 гектар, зауыт қазіргі таңда толық іске қосылып, 7 адамды тұрақты жұмыспен қамтуда.
  3. «Толғанай» жеке кәсіпкерлігі «50 бастық МІҚ малын бордақылау алаңы» құны 50,0 млн. теңге болатын 2 мал бордақылау алаңы салынып, іске қосылды. (Өңірлік инвестициялық орталықтан-10,0 млн. теңге несие алған, 40,0 млн. теңге өз қаражаты). «Агронесие корпорациясы» АҚ-нан 15,0 млн. теңге несие алып, алынған несиеге 3 бас асыл тұқымды бұқа мен 75 бас жергілікті аналық сатып алып, мал басын көбейту мақсатында жұмыс жасауда.

 Техника туралы

Аудандағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің күзгі егін жұмыстарына  барлығы 994 ауыл шаруашылығы техникалары қатысты. Оның ішінде 426 трактор, 245 комбайн, 108 жатка,53 жүк көлігі және 162 трактор тіркемесі бар.

Аудандағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне күзгі егін жинау және дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан 2398 тн дизель отыны бөлінді. Шаруашылық басшыларының жазбаша ұсыныстарына сәйкес «Нефть-Транс Қызылорда» ЖШС және «РК-Мұнай» ЖШС  дизель отынын жеткізіп беруші оператор ретінде таңдалды. «Нефть-Транс Қызылорда» ЖШС 962 тн және «РК-Мұнай» ЖШС 1436 тн. Күзгі егін жинау жұмыстарына 1 литр дизель жанармайы 165 тг жеткізіліп берілді.

Ауданда ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді, ағымдағы жылы 4 615,9  млн. теңге қаржыға 93 жаңа техника сатып алынды (оның ішінде өз қаржысына 35 техника 1 001,1 млн теңге, «ТехноЛизинг» ЖШС арқылы 6 техника 358,8 млн теңге, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 48 техника 2 948,0 млн теңге, «Халық-лизинг» АҚ арқылы 4 техника 308,0 млн теңгеге алынды). Жаңадан алынған техникалар уақытылы статистика органдарына тіркелуде.

(2017-2019 жылдары аралығында  133 дана ауыл шаруашылығы техникалары 5 836,7 млн теңге қаржыға сатып алынды). 

«Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру»

және «Суармалы жерлерді қайта айналымға қосу» жобалары туралы 

«Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының 2-кезеңіне (ИДЖЖЖ-2)  аудан бойынша жалпы көлемі 15123 гектарды құрайтын инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерлер енгізілді. Атап айтқанда Аққұм ауылдық округінен 3555 га, Бұқарбай батыр ауылдық округінен 5451 га, Таң ауылдық округінен 3094 га және Мәдениет ауылдық округінен 3023 гектар. Жобаның іске асыру үшін 9,3 млрд теңге қаржыға мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, «Мелиоратор» ЖШС жеңімпаз атанды. «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының 2-кезеңінің жұмыстары 2019 жылдың тамыз айында басталып 837 млн теңге қаржыға жұмыстар атқарылды.  2020 жылы 3,417 млрд теңгеге «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының 2-кезеңінің жұмыстары атқарылады деп жоспарланған. Бүгінгі күнге 2,267 млрд теңге қаржыға жұмыстар жүргізілді.

«Суармалы жерлерді қайта айналымға қосу» жобасын жүзеге асыру барысында барлығы 4220,8 гектар, оның ішінде 3813,53 гектар инженерлік жерлер, 407,27 гектар жайсын жер қалпына келтірілетін болады. Ақсу, Мырзабай ахун, Мақпалкөл, Қаракеткен, Жаңаталап ауылдық округтері аумағындағы суармалы жерлердегі жер пайдаланушылардың жер үлестерінің құрамындағы уақытша өтеулі жер пайдаланушылардан каналдар мен қашыртқылар астындағы жер учаскелерін құжаттандыру үшін мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілді. Жобаға енген 28 канал, 5 қашыртқы жүйесі және карталық суару мен карталық су тастау каналдарының құжаттары республикалық меншікке Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінің Су ресурстары комитетінің шаруашылық жүргізуге құқығындағы «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қызылорда филиалы теңгеріміне табысталды.

«Ирригация және дренаж жүйлерін жетілдіру жобасының 3-кезеңін» жүзеге асыру барысында Еңбек, Мақпалкөл, Жаңаталап, Шәменов, Ақсу, Аққұм, Аламесек ауылдық округтерінен барлығы 14 049 гектар жер қалпына келтірілетін болады. Су нысандарының жерге орналастыру жобаларын және сәйкестендіру құжаттарын әзірлеу, жерді пайдалану құқығын беретін мемлекеттік жер актілері әзірлеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 52,6 млн теңге бөлінді. 144 дана мемлекеттік жер актілері әзірленіп, жер актілері мемлекеттік тіркеуден өтті. Құжаттардың көшірмелері «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қызылорда филиалы теңгеріміне табыстау мақсатында облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына ұсынылды.

Дипломмен ауылға бағдарламасы туралы 

Жалағаш ауданы бойынша 2020 жылға республикалық бюджеттен тұрғын үй несиесі түріндегі әлеуметтік қолдау шарасына 365 837 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлінген 365 837 мың теңге қаржы 92 маманға тұрғын үй несиесіне берілді.

Оның ішінде білім беру саласына-57 маман, денсаулық сақтау саласына-20 маман, мәдениет саласына-8 маман, спорт саласына-5 маман, агроөнеркәсіп кешен саласына-1 маман, әлеуметтік саладан-1 маман.

Көтерме жәрдемақы әлеуметтік қолдау шарасына 49 маманға 12 930,0 мың теңге қаржы берілді.

Оның ішінде: Білім саласы-22, денсаулық саласы-13, әлеуметтік саласы-3, мәдениет саласы-4, спорт саласы-5, агроөнеркәсіп саласы-2 мамандарға  көтерме жәрдемақы берілді.

Жалағаш ауданы бойынша 2010-2019 жылдар аралығында 768  маманға тұрғын үй несиесін алуға,  2 117 559,8 мың теңге қаржы берілген.

2009-2018 жылдары аралығында көтерме жәрдемақы  532 маманға 62 997 мың теңге берілді.                              

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары туралы

Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында алыпсатарлықтың өсуіне жол берілмеу  жұмыстарына бақылау жүргізіліп келеді. 2020 жылдың 25 маусым айында облыс  әкімінің  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы қаулысына сәйкес Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде. Аудандағы барлық ірі сауда орындарының басшыларымен аудан әкімі азық-түлік бағаларының өспеуіне және бағаны тұрақты түрде ұстап отыру жөнінде  кәсіпкерлермен жиын өткізіп, меморандумға қол қойылды. Аудан көлемінде нан өнімін өндіретін ірі наубайхана иелерімен, нан бағасын негізсіз өсермеу  және аудан  тұрғындарынын тұтынуына қажетті көлемдегі қорын қалпатастырып үздіксіз нан өнімімен қамтамасыз етіп отыру үшін, 2020 жылдың 10 қазан күні  «ИП Жусупов Сакен», «ИП Әбілов Мұрат» және  Аудандық кәсіпкерлік  өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы  Ғ.Ербол, Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Кальниязов болып үш жақты  меморандумға қол қойылды.

Жалағаш кентінде Ақниет сауда дүкенінде әлеуметтік бұрыш ашылды. Әлеуметтік бұрыштағы азық-түлік бағасы базар бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада халыққа ұсынылуда.

Облыста және ауданда  азық-түлік өнімдерінің бағасы  тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып келеді.

Дата публикации
18 января 2021
Дата обновления
18 января 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы