
Аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Мәдениет-Т.Жүргенов-Жаңаталап-Аққыр» автомобиль жолының бойында орналасқан жалпы құны 281,6 млн теңгені құрайтын «Оңтүстік коллектор» көпірін қайта жаңғырту жұмыстары 2019 жылы басталды. Бүгінгі күнге нысан пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, Еңбек және Есет батыр ауылдары аралығындағы Оңтүстік коллектор (ЮК-16) көпірін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп (жобалаушы мекеме «СанжарПроектСервис» ЖШС), мемлекеттік сараптамадан өтті. Жобаның жалпы құны 149,5 млн теңгені құрайды. Жобаны қаржыландыру үшін 2021 жылға бюджеттік өтінімдер тиісті басқармаларға тапсырылды.
Аудандық маңызы бар Мәдениет елді мекені бағытындағы автомобиль жолының 0-9,4 аралығын, Жаңадария елді мекені бағытындағы автомобиль жолының 8 – 20,3 аралығындағы 12,3 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізілді. Жоба құны тиісінше 308,2 млн теңгені және 306,0 млн теңгені құрады.
Биылғы жылға, аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Мәдениет–Т.Жүргенов–Жаңаталап–Аққыр» автомобиль жолының 0-9,4 шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарына Республикалық бюджеттен 146,6 млн теңге, Облыстық бюджеттен 5,0 млн теңге және «Самара-Шымкент-Еңбек-Есет батыр-Жаңадария» автомобиль жолының 8,0-20,3 (12,3 шқ) шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарына Республикалық бюджеттен 147,4 млн теңге, Облыстық бюджеттен 5,0 млн.теңге қаржы қаралып, бөлінген қаржыға сәйкес мердігер мекеме «ТехСервис» ЖШС-мен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар 2021 жылы жалғасын табады.
Қаракеткен ауылына кіре-беріс автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» аясында 91,8 млн теңге қаралып, жөндеу жұмыстарына барлығы 20 адам, оның ішінде 10 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылды. Бүгінгі күнге мердігер мекеме «Мұнай құрылыс» көп салалы құрылыс фирмасы» ЖШС-мен жөндеу жұмыстары толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» аясында Таң ауылына кіре беріс автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 106,0 млн теңге қаралып, барлығы 22 адам, оның ішінде 11 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылды. Бүгінгі күнге мердігер мекеме «Мұнай құрылыс» көп салалы құрылыс фирмасы» ЖШС-мен жөндеу жұмыстары толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді.
Темір жол арқылы жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірге жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін аудандық бюджеттен 5,0 млн теңге қаржы бөлінген болатын. Жобалаушы мекеме «ПроектСервис» ЖШС-мен 4,2 млн теңгеге келісім-шарт жасалып, жобалау-сметалық құжаттар әзірленді. Бөлінген қаржы толығымен игеріліп, қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттар мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Жалағаш кентіндегі Сәрке батыр (108,4 млн.теңге), Әйтеке би (119,9 млн.теңге), Сопбеков (74,9 млн теңге), Бисенов (77,3 млн теңге), Аманкелді (68,3 млн теңгеге), Қазыбек би (64,6 млн теңге) көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудандық маңызы бар Бұқарбай батыр елді мекеніне кіре-беріс 6,3 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеуге жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, ведомстволық сараптамадан өткізілді. Жоба құны 196,5 млн теңгені құрайды.
Ақсу елді мекеніне кіре-беріс 2,3 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеуге жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, ведомстволық сараптамадан өткізілді. Жоба құны 76,7 млн теңгені құрайды.
Жаңадария бағытындағы 20,3-37,4 аралығындағы 17,1 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеуге жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, ведомстволық сараптамадан өткізілді. Жоба құны 392,1 млн теңгені құрайды.
2020 жылы аудандық маңыздағы Ақсу ауылына кіре беріс автомобиль жолын жарықтандыру жұмыстарына 14,6 млн теңге қаралды. Мердігер мекеме «Сырдария Строй Сервис» ЖШС-мен жарықтандыру жұмыстары толық аяқталып, нысан пайдалануға қабылданды.
«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» аясында бұл жұмыстарға жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 адам тартылды.
Жалағаш кентіндегі №202 орта мектептің жылу жүйесін газ отынына ауыстыруға аудандық бюджеттен 12,8 млн теңге бөлінген болатын. Конкурс нәтижесімен жеңімпаз болып танылған мердігер мекеме «Компания Газ Строй» ЖШС-мен 11,6 млн теңгеге келісім-шарт жасалып, бүгінгі күнге мердігер мекемемен таңда газ желісін тарту жұмыстары толық аяқталды.
Сонымен қатар, №19 санаториялық балабақшаның, «Күн шуақ», «Ақмаржан» балабақшаларының, Аудандық мәдениет үйінің, Мәдениет және өнерді дамыту орталығының жылу жүйелерін газ отынына ауыстыру үшін жобалау-сметалық құжаттар әзірленді.
Жалағаш кентінде 27 көппәтерлі тұрғын үйлердің 19-ы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет еткен болатын.
2014-2019 жылдар аралығында бюджеттен бөлінген қайтарымды қаржы есебінен 5 көппәтерлі тұрғын үйлерге (Ж.Жабаев көшесі №4, Қазыбек би көшесі №2, №48, 50, 52) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2020 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 6,0 млн теңге қаржы есебінен Жалағаш кентіндегі 5 көппәтерлі тұрғын үйлерге (Қазыбек би көшесі №34, №46, Желтоқсан көшесі №2, М.Шәменов көшесі №76, №78) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, жобаларды бюджеттен қаржыландыру үшін тиісті басқармаларға бюджеттік өтінім тапсырылды. Жобалардың жалпы құны 43,121 млн теңгені құрайды.