Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 2020 жылдың ІV тоқсан бойынша атқарылған жұмыстары туралы

Атаулы әлеуметтік көмек: 2021 жылдың 1 қаңтарына 496 отбасының 2934 мүшесіне 176144,2 мың теңге төленді.

Кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға барлығы 27735,0 мың теңге қаржы төленді.

Тұрғын үй көмегі:  Жергілікті бюджеттен тұрғын үй көмегін көрсетуге 1147,0 мың теңге қаржы қаралды. 30 отбасының 75 мүшесіне тұрғын үй көмегі тағайындалып 1146,4  мың теңге төленді. 

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2021 жылдың 1 қаңтарына жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 2931 адамға 73431,8  мың теңге әлеуметтік төлемдер төленді.

Енгізілген төтенше жағдайларға байланысты азық-түлік тұрмыстық жиынтық алуға республикалық бюджеттен 68,6 млн. теңге қаржы қаралып, 3170 адамға төленді.

МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ    

Аудан бойынша мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2021  жылдың 1 қаңтарына 936 мүгедек тіркелген, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны-197.

2021 жылғы 1 қаңтарына мүгедектерді оңалтудан өткізу мақсатында 519 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, 388-і орындалды немесе 74,7 %. Сондай-ақ, өткен жылдардың ауыспалы ЖОБ қоса есептегенде 1064-і   орындалды.

2021 жылғы 1 қаңтарына 58 мүгедек таяқпен, 10 мүгедек балдақпен, 18 мүгедек сурдотехникалық құралдармен, 54 мүгедек тифлотехникалық құралдармен, 11 мүгедек жетек арбамен, 35 мүгедек кресло арбамен, 96 мүгедек протезді ортопедиялық бұйымдармен, 61 мүгедек санаторлы-курорттық емделумен, 221 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, есту кемістігі бар 3 мүгедекке 1 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 91 мүгедекке 90 жеке көмекші «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Жосалы корпоративтік қоры арқылы қызмет көрсетті.

Сонымен қатар «Инва такси» қызметі ұйымдастырылып жұмыс жасауда. 2020 жылға әлеуметтік такси қызметіне облыстық бюджеттен 2470,0 мың теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда 74 мүмкіндігі шектеулі 1 топ мүгедектері осы қызмет түрін пайдаланып, 2468,5 мың теңге қаржысы игерілді.

Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына баруға өтініш білдіргендерден  29 мүмкіндігі шектеулі адамға жолдама берілді.

91 мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 55  балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілді. 

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша 61 мүгедек баланың ата-анасына 3530,1 мың теңге төленді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша. Бөлім бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 6405. Оның ішінде азаматтық хал актілерін тіркеу қызметінің  9 түрі бойынша 1614 азаматтық хал актілер жазбасы тіркелді. Оның ішінде: 828-і бала тууды тіркеу, 213-і қайтыс болуды тіркеу, 225-і неке қиюды тіркеу, 34-і некені бұзу, 8-і  әкелікті анықтауды тіркеу,  6-ы тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, 2-і бала асырап алуды тіркеу, 5-і азаматтық хал актілерін жазбаларын қалпына келтіру, 293-і қайталама куәлік беру  мемлекеттік тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Дата публикации
12 января 2021
Дата обновления
12 января 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы