Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының хабары

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 20-бабы 12 тармағының 4-бөлігіне, 19 бабының 6) тармағына сәйкес  Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының 2020 жылғы  03 желтоқсандағы №АСК-01/45  қаулысының негізінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау науқаны кезеңіне № 128, № 129,

№ 131, № 137  учаскелік сайлау комиссияларының  мүшелерінің  орнына кандидатура қабылданатындығын хабарлайды.

    Учаскелік сайлау комиссиясының құрамында жоқ, саяси партиялардан немесе өзге де қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар қабылданады.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері   2020 жылғы 3 желтоқсаннан бастап 8 желтоқсанға дейін аудандық сайлау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

1) сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме; 

2) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

3) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініші.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының мекен-жайы: Жалағаш кенті, Желтоқсан, 32 , телефон/факс нөмірі: /872431/ 32445, электрондық пошта мекенжайы: jalsay2019@mail.kz.

 

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
04 декабря 2020
Дата обновления
09 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы