
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 20-бабы 12 тармағының 4-бөлігіне сәйкес Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 27 қарашадағы №АСК-01/41 қаулысының негізінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау науқаны кезеңіне Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы мүшесінің орнына кандидатура қабылданатындығын хабарлайды.
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының құрамында «Nur Otan» партиясы», «Қазақстанның халық партиясы», «Adal» партиясы», «Ауыл» ХДПП» қоғамдық бірлестіктері филиалдарының /өкілдіктерінің/ және "Темірқазық” жастар қоғамдық бірлестігі, “Жалағаш достық мекені” қоғамдық бірлестігінің ұсынған мүшелері болғандықтан, олардан басқа саяси партиялардан немесе өзге де қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар қабылданады.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2020 жылғы 3 желтоқсаннан бастап 6 желтоқсанға дейін Қызылорда облыстық сайлау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:
1) сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
2) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
3) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініші.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының мекен-жайы: Жалағаш кенті, Желтоқсан, 12, телефон/факс нөмірі: /872431/ 32445, электрондық пошта мекенжайы: jalsay2019@mail.kz.
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы