
Жалағаш ауданы бойынша 2026 жылдың 1 қыркүйегінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімі 6561,0 млн теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,3 пайыз орындалды.
Жалағаш ауданы бойынша 2026 жылы 41864 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде күріш дақылы 16618 га, бидай 627 га, мақсары 2684 га, арпа 50 га, сұлы 5 га, соя 162 га, дәндік жүгері 5021 га, қант құмайы 371 га, жаңа жоңышқа 5436 га, ескі жоңышқа 8225 га, картоп 250 га, көкөніс 1115 га, бақша 1300 га.
|
Р/с |
Дақыл атауы |
Егіс көлемі, га |
айырмасы |
|
|
2026 жыл |
2025 жыл |
|||
|
1 |
Күріш |
16618 |
19357 |
-2739 |
|
2 |
Жаздық бидай |
627 |
775 |
-148 |
|
3 |
Арпа |
50 |
50 |
0 |
|
4 |
Дәндік жүгері |
5021 |
- |
+5021 |
|
5 |
Мақсары |
2684 |
595 |
+2089 |
|
6 |
Қант құмайы |
371 |
200 |
+171 |
|
7 |
Соя |
162 |
65 |
+97 |
|
8 |
Сұлы |
5 |
5 |
0 |
|
9 |
Жаңа жоңышқа |
5436 |
4850 |
+586 |
|
10 |
Ескі жоңышқа |
8225 |
8150 |
+755 |
|
11 |
Картоп |
250 |
250 |
0 |
|
12 |
Көкөніс |
1115 |
1115 |
0 |
|
13 |
Бақша |
1300 |
1300 |
0 |
|
Барлығы |
41864 |
36712 |
+5152 |
|
2026 жылы 230 құрылым егін орналастыру жұмыстарын жүргізуде, оның ішінде күріш дақылын орналастыратын шаруашылықтар саны 166.
Орналастырылған 16618 гектар күріш дақылының 16154 гектары (97,2%) орылып, 15700 гектары (94,5%) жиналды. Күріштің әр гектарынан 52,3 центнерден, барлығы 821334 цн өнім жиналды.
Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін бидай, арпа, сұлы, қант құмайы, мақсары, жүгері, жоңышқа, көкөніс, бақша дақылдары толық жиналып алынды. Атап айтқанда:
627 гектар жаздық бидайдың әр гектарынан 12,6 центнерден, барлығы 7904 центнер;
5021 гектар жүгерінің әр гектарынан 59,9 центнерден, барлығы 300785 центнер;
2684 гектар мақсарының әр гектарынан 6,8 центнерден, барлығы 18397 центнер;
371 га қант құмайының әр гектарынан 17,2 центнерден, барлығы 6386 центнер;
162 гектар сояның әр гектарынан 13,2 центнерден, барлығы 2138 центнер;
50 гектар арпаның әр гектарынан 10,5 центнерден, барлығы 525 центнер;
5 гектар сұлының әр гектарынан 13,8 центнерден, барлығы 69 центнер;
1115 гектар көкөністің әр гектарынан 210,6 центнерден, барлығы 234819 центнер;
1300 гектар бақшаның әр гектарынан 230,7 центнерден, барлығы 299910 центнер өнім жиналды.
5436 га жаңа жоңышқаның әр гектарынан 13,5 центнерден, барлығы 73372 центнер;
8228 гектар ескі жоңышқаның 150 гектары тұқымға алынып, қалған 8078 га ескі жоңышқаның әр гектарынан 58,6 центнерден,барлығы 473508 центнер;
Бүгінгі күнге 250 гектар картоптың 200 гектары (80,0%) жиналды. Картоптың әр гектарынан 95,0 центнерден, барлығы 19000 центнер өнім жиналды.
Аудан шаруашылықтары техника паркін жаңарту жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді.
Аудан шаруашылықтары тарапынан биылғы жылы 154,9 млн теңгеге қаржыға 4 дана ауылшаруашылығы техникалары сатып алынды. Егін жинау жұмыстарына ауылшаруашылығы техникалары толық дайын. Аудан бойынша 997 дана ауылшараушылығы техникалары егін жинау жұмыстарына қатысуда. Оның ішінде 115 дана комбайн, 509 дана трактор, 118 дана жатка, 73 дана жүк көлігі, 182 дана трактор тіркемесі бар.
Күзгі егінді жинау жұмыстары толығымен бақылауға алынып, қадағалануда.
Мал шаруашылығы туралы
Аудан көлемінде 2026 жылдың 1 қыркүйегіне барлығы 35463 бас мүйізді ірі қара, 25605 бас уақ мал, 33674 жылқы, 901 бас түйе, 84 бас шошқа, 12440 бас құс өсірілуде.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 98,0%, уақ мал 88,8% жылқы 107,9%, түйе 119,8 %, , құс 128,0 % орындалды.
Барлығы 2322,8 тн (тірілей салмақта) ет, 3369,6 тн сүт, 218,9 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 102,9 пайызға, сүт 101,9 пайызға, жұмыртқа 102,0 пайызға орындалды.
2026-2027 жылдың қысына түсетін 64740 шартты мал басына барлығы 94,0 мың тонна шөп, 29,5 мың тонна сабан және 20,0 мың тонна жем дайындау жоспарланды.
Ағымдағы жылдың 06 қазанына қысқа түсетін ауылшаруашылығы малдарына барлығы 94,0 мың тонна табиғи шөп (оның ішінде 54,7 мың тонна жонышқа) 100%.
17,7 мың тонна жем 88,5%, 24,9 мың тонна сабан 84,4% дайындалды.
Аудан бойынша 3 шаруашылық асыл тұқымды мүйізді ірі қара (Бақдаулет-57 ШҚ, Адал ЖК, Еркебұлан ЖК), 1 шаруашылық асыл тұқымды қой малын өсірумен (Атамекен ШҚ) айналысуда.
Алдағы уақытта сүт тауарлы фермасын ашу мақсатында «Адал» ЖК 2022 жылы 30 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы Симментал сиырының қашарларын өз қаражатымен сатып алып жұмыс жасауда 2027 жылы шаруашылық жанынан сүт өңдеу цехын ашуды жоспарлап отыр.
«Бақдаулет-57» ФҚ Чехия мемлекетінен 95 бас асыл тұқымды «Симменталь» сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының аналығын сатып алып жұмыс жасауда, бүгінгі күнге сатып алынған малдың 72 пайызы төлдеп тәулігіне 700 литр сүт өндіруде.
Азық – түлік туралы
Облыс әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 31 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде.
Атап айтқанда: ұн, нан, рожки, қарақұмық жармасы, ақ күріш, картоп, сәбіз, жуа, қырықабат, қызынақ, қияр, алма, қант, өсімдік майы, сүйегі бар сиыр еті, сүйексіз сиыр еті, тартылған ет, қой еті сүйексіз, жылқы еті сүйексіз, балық, тауық еті, тауық ұшасы, сүт майлылығы 2,2-6 %, айран майлылығы 2-3%, қаймақ, сүзбе майлылығы 5-9%, ірімшік майлылығы 40-50%, сарымай, тауық жұмыртқасы, қара шай, ас тұзы.
Жыл басымен 1 қыркүйек аралығындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің салыстырмалы бағалары бойынша 31 түрлі азық-түлік өнімдерінің ішінде 10 өнімнің бағасы арзандаған.
Қарақұмық жармасы-3 % (10 теңгеге), ақ күріш-9 % (30 теңгеге), қырыққабат-20 % (50 теңгеге), қызанақ-80 % (575 теңгеге), қияр-115 % (1100 теңгеге), тауық ұшасы-23 % (275 теңгеге), айран-36 % (200 теңгеге), ірімшік-15 % (500 теңгеге), сары май-10 % (500 теңгеге), тауық жұмыртқасы-11 % (6 теңгеге).
9 өнімнің бағасы қымбаттаған.
Ұн-4 % (10 теңгеге), картоп-10 % (25 теңгеге), сәбіз-15 % (40 теңгеге), жуа-20 % (30 теңгеге), алма-8 % (50 теңгеге), қант-7 % (30 теңгеге), сиыр еті-16 % (500 теңгеге), тартылған ет-9 % (300 теңгеге), тұз-15 % (10 теңгеге).
12 өнімнің бағасы тұрақты
Нан, рожки, өсімдік майы, сүйексіз сиыр еті, қой еті сүйексіз, жылқы еті сүйексіз, балық, тауық еті, сүт майлылығы 2,2-6%, қаймақ, сүзбе майлылығы 5-9%, қара шай.
2026 жылдың 1 тамыз бен 1 қыркүйек (1 ай) аралығындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің салыстырмалы бағасы бойынша 31 түрлі азық-түлік өнімдерінің ішінде
5 өнімнің бағасы арзандаған.
6 өнімнің бағасы қымбаттаған.
20 өнімнің бағасы тұрақты.
Бүгінгі күнге Жалағаш ауданы бойынша ірі және шағын сауда орындарында өндірілетін және сырттан келетін 504,9 тн азық-түлік өнімдерінің қоры бар.
Анықтама үшін:
Ұн-88 тн, күріш-74 тн, қант-32 тн, макарон-78 тн, күнбағыс майы-33 тн, тұз-35 тн, жуа-48 тн, картоп-40 тн, сәбіз-30 тн.
Ауданда азық-түлік өнімдерінің бағаларына тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді. Мониторинг нәтижесімен азық-түлік өнімдерін жоғары бағада сатқан кәсіпкерлер тиісті мекемелерге шара қолдану үшін ұсынылуда.
Мониторинг нәтижесімен жыл басынан бүгінгі күнге дейін сауда және тұтынушыларды қорғау департаментіне жеке тұлғалардан азық түлік бағаларын негіссіз көтермелеп сатқаны үшін 27 өтініш берілді. (Данияр, ИП Қасымова, Бастау, Қашахбай ата, Рита, Сәтті, Жәния, Қаракөз, Эврика, Қаракөз, Жәния, Аружан, Гани, Қаракөз, Данияр, Бағдат, Бастау, Сәтті, Nur market, Данияр-2, Бағжан, Қашахбай ата, Тәтті, Күншығыс, Бастау, Miks market) сауда дүкені. Облыстық сауда және тұтынушыларды қорғау департаменті 27 өтініштің 4 өтінішіне шара көрген, 7 өтініш қаралымда, 16 өтініштің сауда орнының атауы, мекен жәйі, ЖСН, БИН номері көрсетілмеген деп жауап қайтарып отыр. Сонымен қатар сауда орындарында кассалық аппараттардың болмауы, тұтынушыларға тауарлы чектерді бермегені үшін аудандық кірістер басқармасына 6 сауда орнының тиісті құжаттары ұсынылды. (Сағымбай-ата, Нұрислам, Алихан, Береке, Айнұр, Эврика). Аудандық кірістер басқармасы 6 сауда орындарына тиісті шара қолданғаны жөнінде хат жүзінде жолдады.
Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында 2026 жылдың 17 қаңтар, 15 наурыз, 23 тамыз, күндері аудан орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрменкеде азық түлік өнімдері аудандағы сауда орындарындағы бағалармен салыстырғанда 10-12 пайызға төмен ұсынылды.
Алдағы уақытта азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмыстар жалғасын табатын болады.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген «ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидасына сәйкес 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2026 жылы көтерме жәрдем ақы сомасы 432 500 теңгені құрады. 2026 жылы жергілікті бюджеттен 19 895,0 мың теңге қаржы қаралып, 46 сала мамандарына көтерме жәрдем ақы төленді. Қазіргі уақытта 59 сала мамандары кезекте тұр.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:
1) ауданның әкімшілік орталығына (Жалағаш кенті) келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бюджеттік кредит 2026 жылға сомасы 10 812 500 теңге.
2) ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бюджеттік кредит – 2026 жылға 8 650 000 теңгені құрайды.
2026 жылға республикалық бюджеттен 240 038,0 мың теңге қаржы қаралып, оның ішінде 24 маманға тұрғын үй несиесін беру жоспарлануда.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы «Отбасы Банк» АҚ-мы «Баспана маркет» сайт арқылы мамандардан құжаттары қабылдануда.
Жер мәселесі туралы
Жалағаш ауданының жер қоры 2 873 640 гектарды құрайды, оның ішінде 591 563гектары Қарағанды облысынан ұзақ мерзімді пайдалануға алынған. Бұдан басқа Жалағаш аумағының 11 149 гектар жері Ресей Федерациясына пайдалануға берілген.
Санаттар бойынша;
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 275615,8 га,
Елді мекен жерлері – 42760 га,
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлері – 16083,7 га,
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – 6,9 га,
Орман қоры жерлері – 769482,2 га,
Су қоры – 14915,1 га,
Босалқы жерлер – 1754776,3 гектарды құрайды.
Аудан бойынша 33 016 гектарды құрайтын, жалпы саны 60 инженерлік тұрғыда әзірленген күріш ауыспалы егіс жүйесі, 1 мал азығындық және 1 картоп ауыспалы егіс жүйелері бар.
Пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып отырған жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға байланысты тиісті жұмыстар атқарылып келеді.
Нәтижесінде, бүгінгі күнге жалпы көлемі 674 гектар болатын 5 жер учаскеcі мемлекет жер қорына қайтарылды.
Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайта айналымға енгізу бойынша өткізілген конкурстар нәтижесінде бүгінгі таңға жалпы көлемі 24858 гектар болатын жер учаскелері жеке және заңды тұлғаларға табыс етілді.
Өзіңізге белгілі, өңірімізде швейцариялық «Харвест Агро» компаниясымен 68 млрд. теңгеге техникалық қара сора, жүгері мен сояны өсіру, қайта өңдеу бойынша агроиндустриялдық кластер құру жобасы іске асырылуда.
Жобаны жүзеге асыру мақсатында өңірде «АА Агро Қызылорда» ЖШС тіркелген.
Бүгінгі таңға, «АА Агро Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қаракеткен ауылдық округі аумағынан жалпы көлемі 14532 гектар жер учаскесі 49 жыл мерзімге жалға табысталды.
(Жалағаш ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №221 қаулысымен 14273 гектар және 2026 жылғы №51 қаулысымен 259 гектар).
Бұдан бөлек «АА Агро Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Жанель» шаруа қожалығынан 153 гектар жер учаскесінің пайдалану құқығы берілген.
Бүгінгі таңға аталған жер учаскесінің 14375 гектары суармалы егістікке ауыстырылды.
Бұдан бөлек көлемі 2071 гектар болатын орман қорындағы жер учаскесін босалқы жер санатына ауыстыруға байланысты облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Аудан тарапынан жер учаскесін босалқы жер санатына ауыстыруға байланысты қажетті құжаттар облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына толық ұсынылған.
Қазіргі уақытта, жоба аясында агроөнеркәсіп саласындағы дақылдарды өңдеу бойынша өндіріс орындарын ашу жоспарлануда.
Осыған орай, осы аймақтың жанынан индустриялық аймақ құрып, оған инженерлік-инфрақұрылым желілерін жеткізу қажеттілігі туындауда.
Осыған байланысты аудан тарапынан индустриялық аймақ құруға қажетті 50 гектар жер учаскесінің сызбасы облыс әкімдігіне ұсынылды.
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес 2026 жылдың ІІІ-тоқсанда 322 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.