Лого

Меню

Страницы

Статья

2026 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша Жалағаш ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің есебі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган тарапынан ұйымдастырылғанымен, соңғы нәтиже ретінде аудан әкімдігінің қаулысы қабылданады. Олар – аудан көлеміндегі жер учаскелеріне іздестіру жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге, жайылымдық жерлер үшін, бау-бақша мен бағбандық жүргізу үшін рұқсат беру сияқты қызметтер.

Сонымен қатар, өз кезегінде цифрлық технологияларды дамыту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингілеу бөлімі аудан көлеміндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бизнес-процесіне мониторинг жүргізіп отырады.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді  Жалағаш ауданы бойынша 5 дербес бөлім және кент, ауылдық округ әкімі аппараттары көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 106  қызмет түрі көрсетіліп келеді.

Атап айтқанда:

1) Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi 22  қызмет түрі;

2) Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі 10 қызмет түрі;

3) Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі 28 қызмет  түрі;

4) Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі  13 қызмет түрі;

5) Жалағаш ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі 13 қызмет түрі;

6) Жалағаш ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі 20 қызмет түрі;

2026 жылдың 8 ай бойынша қызмет алушыларға барлығы 2920 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Нақтысы:

-мемлекеттік органдарда қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 28 қызмет;

-мемлекеттік корпорация (ЦОН) арқылы - 122 қызмет ;

-электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 2376 қызмет ;

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар саны – 394 қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесстерін оңтайландыру мақсатында қазіргі таңда аудан бойынша  53 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасауда (ауылдық округ әкімі аппаратарының, мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдар ғимараттарында). Аталған бұрыштарға жауапты мамандар бекітіліп, бүгінгі күнге 560 мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет порталы арқылы көрсетілуіне оң септігін тигізуде.

Қызмет сапасын одан әрі жақсарту мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, мемлекеттік қызмет көрсететін органдарда ішкі бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Есепті кезеңде «Жалағаш ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм» КММ бөлімінежәне Аққұм, Жаңаталап, Бұқарбай, Мәдениет, Қаракеткен ауылдық округтеріне ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлердің қатысуымен барлығы 3 рет түсіндірме іс-шаралар мен құқықтық оқытулар өткізіліп, практикалық көмектер көрсетілді.

Жалағаш ауданы бойынша қызмет алушыларды кеңінен ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің жұмысына баға беру жөніндегі «Digital agent» және «e-gov mobile» мобильдік қосымшасы туралы парақшалар (брошюра) , билборд әзірленуде.

2026 жылдың 2-тоқсанында қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігіне қоғамдық бақылау жұмыстары  жүргізілді. Мониторинг шарасы Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қызылода облысы бойынша департаменті жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі, Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдреева Меруерт Талгатовна «Жалағаш ауданының ауылшаруашылығы мен жер қатынастары» бөліміне жүргізді.

Қоғамдық бақылау барысында қызмет көрсетуші мекелерінде ғимараттарында мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдайлар жасалған, мемлекеттік қызмет көрсету туралы өзекті ақпараттар орналастырылған және өзектендірілген, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасауда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі мен оларды толтыру нысандары үлгілері орналастырылған.

2026 жылдың І-IIтоқсанында аудан әкімі аппаратының цифрлық технологияларды дамыту және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің ұсынуымен аудандық мемлекеттік қызмет көрсететін Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарыбөлімінің және Мәдениет, Жаңаталап ауылдык округтердің қатысуымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытында атқарылған жұмыстары» туралы тақырыбында Жалағаш ауданының Қоғамдық кеңес отырысы өтті.

 

Дата публикации
12 октября 2026
Дата обновления
22 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы