Лого

Меню

Страницы

Статья

Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2026 жылдың ІІІ тоқсанында атақарылған жұмыстары туралы

«Аламесек ауылдық округі, Есет батыр елді мекеніне ауыз су жүйесін жаңғырту және кеңейту» жұмыстарына 2025 жылы облыстық бюджеттен 38,1 млн теңге бөлініп, құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілген болатын 2026 жылы облыстық бюджеттен 253,2 млн теңге бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2026 жылдың тамыз айында пайдалануға қабылданады. Мердігер мекеме «Бақ-Береке 2030» ЖШС-і.

 «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, М.Шәменов ауылы, Абылайхан көшесі бойындағы дәрігерлік амблутория ғимаратын газбен жабдықтау құрылысы» жобасына облыстық бюджеттен 4,2 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, мердігер мекеме анықталды. Мердігер мекеме «Ақбозат LTD» ЖШС. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын бастауға рұқсат алу жұмыстары жүргізілуде.

«Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының Жалағаш кентінде қоқыс полигонын және сұрыптау пунктін салуға» жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге аудандық бюджеттен 20,2 млн теңге қаржы бөлініп, жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобалаушы мекеме

«СК Ризалит» ЖШС.

«Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Еңбек ауылдық округіндегі электр желілерінің құрылысы» жұмыс жобасының сметалық құжаттарына демеушілік есебінен түзету (корректировка) жұмыстары жүргізілуде.

Жалағаш кентінің бас жоспарына түзету енгізуге жеңімпаз мекеме «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» ЖШС болып анықталды. Сонымен қатар Жалағаш кенті, «Наурыз» 110 га және «Дәуімбай-2» 68 га егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуші жеңімпаз мекеме болып «Сантех-Строй Проект» ЖШС болып анықталды.

Жалағаш ауданы, Есет батыр, Мәдениет, Бұқарбай батыр ауылдық округі елді мекендерінің дамыту және құрылысын салу схемасына түзету енгізуге жеңімпаз мекеме болып «KAZGEOSAULET» ЖШС болып анықталды. Жобалар бойынша жұмыстар толыққанды жүргізілуде. Қазіргі таңда жобалар сараптамадан өтуге әзірленуде.

Дата публикации
12 октября 2026
Дата обновления
22 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы