Лого

Меню

Страницы

Статья

Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласының 2026 жылдың ІІІ тоқсандағы атқарылған жұмыстары туралы

Аудан бойынша 2026 жылдың 8 айында халық саны 35285 адам, тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі - ШОК) саны 2516 бірлікті құраса, халық санына шаққандағы үлесі 7,1 пайызды құрап, тіркелгендер өсімі 91 пайыз.

Оның ішінде, 2462 субъектісі немесе 97,8 пайызын нақты жұмыс жасап тұрғандар құрап отыр.

Аудан бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 4180 адам немесе 92,3 пайызды құрауда.

Макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша

Аудан бойынша 2026 жылдың 8 айында макроэкономикалық көрсеткіштеріне өсім қалыптасты.

Атап айтқанда:

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 112,1 пайызға артып, 28 млрд 435,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді.

Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 103,7 пайызға артып, 7 млрд 73,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді.              

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 124,3 пайызға орындалып 18 млрд 203,0 млн. теңгені құрады.

Үстіміздегі жылы ауданда мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту бойынша 79 жоба 2 млрд. 521,7 млн. теңгеге қаржыландырылды (2025 жылдың 12 айында 277 жоба 5,1 млрд теңгеге қаржыландырылған).

Оның ішінде Мемлекет басшысының ауылдық жерлердегі тұрғындардың табысын арттыру туралы тапсырмасына сәйкес елімізде жеңілдетілген 2,5 пайызбен «Ауыл Аманаты» бағдарламасы іске қосылып, бұл бағдарлама өңірімізде 2023 жылдан бастап жүзеге асырылуда.

Үстіміздегі жылы «Amanatnesie.kz» цифрлық платформасына аудан бойынша 524,3 млн. теңгені құрайтын 71 жоба енгізілген.

Анықтама ретінде:

Жалағаш кенті – 21 жоба 184,2 млн. теңге,

Жаңаталап а.о – 2 жоба 14,0 млн. теңге,

Мақпалкөл а.о – 5 жоба 34,8 млн. теңге,

Бұқарбай батыр а.о – 5 жоба 36,7 млн. теңге,

Аққұм а.о – 4 жоба 24,4 млн. теңге,

Мәдениет а.о – 9 жоба 71,0 млн. теңге,

Мырзабай Ахун а.о – 6 жоба 35,7 млн. теңге,

Аламесек а.о – 2 жоба 14,8 млн. теңге,

Еңбек а.о – 1 жоба 3,0 млн. теңге,

М.Шәменов а.о – 3 жоба 21,3 млн. теңге,

Аққыр а.о – 2 жоба 19,9 млн. теңге,

Таң а.о – 3 жоба 18,2 млн. теңге,

Ақсу а.о – 3 жоба 14,4 млн. теңге,

Қаракеткен а.о – 4 жоба 29,6 млн. теңге,

Жаңадария а.о – 1 жоба 2,3 млн теңге.

 Оның ішінде, бүгінгі күнге 41 жоба 260,3 млн. теңгеге қаржыландырылып, 43 жұмыс орны құрылатын болады.

Анықтама ретінде:

Жалағаш кенті – 10 жоба 71,1 млн. теңге,

Жаңаталап а.о – 1 жоба 9,8 млн. теңге,

Мақпалкөл а.о – 6 жоба 34,1 млн. теңге,

Бұқарбай батыр а.о – 1 жоба 20,0 млн. теңге,

Аққұм а.о – 5 жоба 21,2 млн. теңге,

Мәдениет а.о – 3 жоба 16,2 млн. теңге,

Мырзабай Ахун а.о – 3 жоба 19,5 млн. теңге,

Аламесек а.о – 1 жоба 4,0 млн. теңге,

Еңбек а.о – 1 жоба 3,0 млн. теңге,

Аққыр а.о – 1 жоба 10,2 млн. теңге,

Таң а.о – 2 жоба 11,2 млн. теңге,

Ақсу а.о – 5 жоба 27,0 млн. теңге,

Қаракеткен а.о – 2 жоба 13,0 млн. теңге.

 Салалар бойынша:

Өңдеу саласы – 6 жоба

Мал шаруашылығы – 22 жоба

Құс шаруашылығы – 1 жоба

Балық шаруашылығы – 1 жоба

Техника – 1 жоба

Басқа да қызмет көрсету – 10 жоба

250,4 млн теңгені құрайтын 35 жоба әр-түрлі себептермен мақұлданбады.Сонымен қатар, соңғы өткен комиссия отырысының шешімімен 59,6 млн. теңгені құрайтын 5 жоба мақұлданды.

Анықтама ретінде:

Жалағаш кенті – 1 жоба 9,6 млн. теңге,

Мәдениет а.о – 2 жоба 34,5 млн. теңге,

Таң а.о – 1 жоба 7,0 млн. теңге,

Шәменов а.о. – 1 жоба 8,5 млн теңге.

Бүгінгі күнге құжаттары толық 9,8 млн. теңгені құрайтын 1 жоба «Amanatnesie.kz» цифрлық платформасына енгізілген.

Анықтама ретінде:

Мәдениет а.о – 1 жоба 9,8 млн. теңге.

Бұдан бөлек, аудан бойынша 48,0 млн. теңгені құрайтын 7 жобаның құжаттары жинақталуда.

Анықтама ретінде:

Жалағаш кенті – 3 жоба 26,0 млн. теңге (мал шаруашылығы, арнайы техника),

Бұқарбай батыр а.о – 2 жоба 9 млн теңге (мал шаруашылығы),

Ақсу а.о – 1 жоба 6,0 млн. теңге (мал шаруашылығы),

Шәменов а.о – 1 жоба 7,0 млн. теңге (мал шаруашылығы).

 Сонымен қатар, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы қаржыландыруға аудан бойынша 61,5 млн. теңгені құрайтын 6 жобаның құжаттары ұсынылды.

Оның ішінде 2 жоба 18,0 млн теңгеге қаржыландырылды.

Анықтама ретінде:

Жалағаш кенті – 1 жоба 9,0 млн. теңге

Таң а.о – 1 жоба 9,0 млн. теңге

Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі – инвестициялық ахуалды жақсарту арқылы отандық және шетелдік инвестиция тарту болып табылады.

2025 жылы ауданда жалпы құны 1 млрд. теңгені құрайтын барлығы 4 инвестициялық жоба іске асырылды. Жаңадан 27 жаңа жұмыс орны құрылды.

Олар:

Өңірлік пул аясында (150 000 АЕК дейін) :

«Ер-Әлі» шқ-ның «Күріш ақтау және жем өндіру» зауытының құрылысы, жоба құны 150 млн. теңге.

ЖК «Бейбарыс» «Кондитерлік өнімдер шығару» цехы, жоба құны 50 млн. теңге.

ЖК «Тәтті» А.Гаюпованың «сауда және ойын-сауық орталығы», құны 380 млн. теңге.

«Таң ЛТД» ЖШС-нің жалпы құны 422 млн. теңгені құрайтын мақсары майын, жүгері ұнын және күріш лапшасын шығаратын «Өндірістік база» жобасы.

 Үстіміздегі жылы ауданда 38 млрд. 859 млн. теңгені құрайтын  6 жобаны іске асыру жоспарлануда. Жоба толықтай іске асырылған жағдайда жаңадан 72 жұмыс орны құрылады.

Атап айтқанда,

Өңірлік пул аясында (150 000 АЕК дейін) :

1.«EcoServiseStroy» ЖШС-нің «150 орынға арналған балабақша» құрылысы, жоба құны 350,0 млн. теңге. Бүгінгі күнге ғимараттың құрылысы толығымен аяқталды. Құжаттары заңдастырылуда. Жоба қазан айында іске қосылады.

Жеке кәсіпкер Л.Ивановнаның жалпы құны 200,0 млн. теңгені құрайтын «Сауда орталығы» құрылысы. Жоба қараша айында іске қосылады деп жоспарлануда.

ЖК "Ханшатыр" С.Баймагамбетованың «120 орынға арналған балабақша» құрылысы. Жоба құны 300,0 млн. теңге. Жоба Қараша айында іске қосылады.

ЖК "РАЯНА" А.Каипованың «450 орынға арналған SHAH HALL тойхана» құрылысы. Жоба толықтай іске асырылды. Жоба құны 400,0 млн. теңге. Жоба толықтай іске қосылды.

Бұдан бөлек Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа аясында (150 000 АЕК асатын жобалар) ауданда 2 жоба жүзеге асырылуы жоспарлануда.

Біріншісі: «Агрохимсервис-С» серіктестігінің жалпы құны 905 млн. теңгені құрайтын «қоймалар және шатыр» құрылысы жобасы. Оның ішінде 750 млн.теңгесі мемлекеттік қолдау шараларына ие болған. 5 жаңа жұмыс орны ашылады.

Бүгінгі күнге қоймалардың 90 пайыздан астам жұмыстары аяқталды. Қытай елінен құрал-жабдықтары келіп, монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жоба толықтай 2026 жылдың соңына қарай іске асырылады деп күтілуде.

Екіншісі: Шетелдік инвестор Швейцариялық «Харвест Агро Холдинг» компаниясының техникалық қарасора, жүгері және сояны өсіру және қайта өңдеу бойынша агро-индустриялық кластер құру жобасын іске асыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жоба екі кезеңмен іске асыру жоспарлануда (І кезең 2025-2026 жж.ІІ кезең 2026-2027 жж).

Жобаның қуаттылығы жылына техникалық қарасора 42 мың тонна, жүгері дәні 70 мың тонна, соя 20 мың тонна.

Жоба аясында 60 мың тонна шикізат өңдейтін және май сығу зауыты іске қосылады және 150 адам жұмыспен қамтылу көзделген.

Қызылорда облысы әкімдігі мен «Харвест Агро Холдинг» компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы екі жақты Меморандумғо қол қойылды.

«Харвест Агро Холдинг» компаниясының Қазақстандағы өкілдігі «АА Агро Кызылорда» ЖШС-нің Жалағаш ауданы әкіміне жазған өтінішіне орай ҚР Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №11-1-4/590 бұйрығына сәйкес мемлекеттік меншіктен жер учаскесін алу үшін 2025 жылдың 4 желтоқсан күні Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының комиссиясына ұсынылып, оң қорытынды берілді.

Жоба Ұлттық цифрлық инвестициялық платформасына (150 000 АЕК асатын жобалар) енгізілді.

Аудан әкімдігінің 2025 жылдың 12 желтоқсанындағы №221 қаулысына сәйкес 14273 гектар жер телімі табысталды.

Жоба бойынша Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылдық округіне қарасты Қараөзек өзенінің бойынан су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, оның ішінде жаңбырлатып суару тәсілін қолданып, үш кезеңнен тұратын барлығы 32 000 гектар жердің бірінші кезеңінде, яғни биыл 8700 гектар жерін ашып, егін егу қалпына келтірілді. Тиісті жұмыстар жүргізілуде.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының  31 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Әлеуметтік маңызы  бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету және баға тұрақтылығын сақтау мақсатында ауданымызда 11 ірі сауда үйлері мен сауда желілерімен меморандумға отырылды.

Тұрақтандыру қоры өнімдері бойынша:

ӘМАТ бағаларынын тұрақтандыру мақсатында, 2025 жылдың қазан айының басынан «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның тұрақтандыру қорының қоймасынан халыққа қажетт өнімдері алынып отыр.

2026 жылдың басынан бастап ӘМАТ сату бағасына сауда үстемесін шамадан тыс қосу фактілері сауда субъектілерінде кездесуіне байланысты бағаны тұрақтандыру мақсатында кент орталығында орналасқан шағын маркеттер, ірі сауда дүкендері мен үй жанындағы дүкендер иелеріне күнделікті заң талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ӘМАТ сату бағасына сауда үстемесінің 15 пайызынан аспауы туралы жадынама үлгілері таратылып берілді.

Жалағаш ауданы бойынша тұрақтандыру қорының өнімдерін аудан халқына төмен бағада сатуды ұйымдастыратын кентжәне ауылдық округтерден 17 операторлар болып белгіленді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша барлық ірі сауда орындары 31 түрлі азық-түлік өнімдерін жеткізіп беруші фирмалармен келісім-шарт жасасу арқылы және делдалсыз тасымалдап халыққа ұсынылып отыр.

 15.01.2026 ж-07.04.2026 ж аралығында алынған өнімдер ақпараты

№

ауылдық округатауы

кәсіпкердіңаты-жөні

БАРЛЫҒЫ

 

Қалдық сомма

 

картоп

сәбіз

жуа

1

Аққырауылы

ЖК «Тлеухан»Жусупова. Б

4719

805

868,5

 

 

2

Жаңадарияауылы

КХ «Мұнарбай»

1193,5

431,5

525

 

3

Аламесек

КХ «Мұнарбай»

2091

246

318

 

4

Мәдениет

ИП «Байтоқа»

7747,5

697,5

1215,5

54 720

5

Мырзабай

КХ «Тауыпбаев»

3213

334

654,5

243 554

6

Мақпалкөл

КХ «Тасарық»

3595,5

581,5

1329

 

7

Жаңаталап

КХ «Тауыпбаев»

2559

929,5

878

 

8

Қаракеткен

ИП «Бердібек»

5012,5

993,5

1631

 

9

Шаменов

ИП «Биоспан»

3134,5

543

840

 

10

Ақсу

ТОО «Сәрке батыр»

4602

421,5

654,5

 

11

Таң

ИП «Дарын»

4209

640,5

590

 

12

Еңбек

ИП «Алтын-ай»

2190

242,5

286

 

13

Бұқарбай

КХ «СырлыбайАта»

1906

246,5

315

       142 550

14

Аққұм

ИП «Алтын-ай»

3717

453,5

617,5

 

15

Жалағашкенті

ИП «Ай-Ару»

833,5

120,5

92,5

 

16

Жалағашкенті

Маркет Про

2811,5

353,5

849

 919 039

17

Жалағашкенті

ЖК Марлен

0

0

0

2 739 957,0

18

Таң ауылы

ЖШС «Таң ЛТД»

     

259 875,0

Барлығы

53536,5

8040,0

11664,5

4 359 695,5

«Серпін» шағын индустриялық аймағы туралы

«Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму» жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы аясында 2012 жылы Жалағаш кентінің батыс бетінен 22 гектар жер телімі белгіленіп, «Серпін» индустриялды аймағы құрылды.

2013 жылы инженерлік инфрақұрылым жүйелеріне жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлеу үшін жергілікті бюджеттен 5,8 млн теңге қаржы бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды. 2014 жылы инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жүргізу үшін республикалық бюджеттен 271,7 млн теңге және облыстық бюджеттен 30,0 млн теңге қаржы бөлініп, автожол, телефон, ауыз су және электр желілері толық жүргізілді.

Анықтама үшін:

            - авто жол, ұзындығы – 4018м;

            - телефон желісі, ұзындығы – 1035м;

            - ауыз су жүйесі, ұзындығы – 2407м;

            - ВЛ-10/04 кВ электр желісі, ұзындығы – 2501м;

            - КТПН-10/0,4 кВт қуаттылығы 250 кВА –3дана.

2018 жылғы 12 желтоқсанындағы Жалағаш кенті әкімінің №209 шешімімен «Серпін» индустриялды аймағының атауы «Серпін» аграрлы-индустриалды аймағы болып өзгертілді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі департаментінің Қызылорда облысының кейбір аудандарындағы республикалық маңызы бар индустриялық аймақтардың мәртебесін шағын индустриялық аймақтарға ауыстыру ұсынысына сәйкес Облыстық Өңірлік үйлестіру кеңес отырысының қорытындысы бойынша Жалағаш кенті әкімінің 2024 жылғы 8 тамыздағы №117 шешімімен «Серпін» аграрлы-индустриалды аймағы «Серпін» шағын индустриялық аймағы болып белгіленді.

Жоғарыда аталғандай «Серпін» шағын индустриялық аймағына 22,0 гектар жер телімі бөлінген.

Оның ішінде: инженерлік инфрақұрылым жүйесіне – 5,0 гектар,ортақ пайдаланудағы жер көлемі – 2,6 гектар, кәсіпкерлерге табысталған жер көлемі – 12,8 гектар, бос тұрған жер көлемі 1,009 гектарды құрайды.

 «Серпін» шағын индустриялық аймағының 6,5 гектар жерінде бүгінгі күнге жалпы құны 498,5 млн теңгені құрайтын 13 өндіріс орындары іске қосылып, 115 адам жұмыспен қамтылған.

Дата публикации
12 октября 2026
Дата обновления
22 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы