Лого

Меню

Страницы

Статья

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 2026 жылдың ІІІ тоқсанына атқарылған жұмыстары туралы

2026 жылға қаралған қаржы 760600,0 мың теңге (оның ішінде-Отбасын қолдау орталығына 225066,0 мың теңге), 2026 жылдың 1 қазанға игерілгені 691830,2  мың теңге.

Әлеуметтік көмек,  жәрдемақылармен қамту шаралары

2026 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға 77046,0  мың теңге қаралған.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі учаскелік комиссиялар саны-15. Оның ішінде, Жалағаш кенті бойынша 1 учаскелік комиссия және әр ауылдық округ бойынша 1 учаскелік комиссиялардан.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша:

2026  жылы атаулы әлеуметтік көмекке 71 отбасының 466 мүшесіне 37335,3 мың теңге тағайындалып, 71 отбасының 458 мүшесіне 34489,9 мың теңге төленді.  Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 72 отбасының 463 мүшесінің  156 баласына 5595,6 мың теңге тағайындалып, 71 отбасының 454 мүшесінің  151  баласына  5030,6  мың теңге төленді.    

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген 71 отбасы 466 мүшесінің 18 жасқа дейінгі балалар саны 314, мүгедектігі бар адам-1,  зейнеткер-3, студенттер саны-23. Еңбекке қабілетті мүшелер саны-125, жүгіну кезінде жұмысы барлар-70,  жұмыссыздар-12, бала күтімінде -43.

Тұрғын үй көмегін көрсетуге аудан бюджетінен 1442,0 мың теңге қаралған. Бүгінгі күнге 7 отбасының 14 мүшесіне 141,1мың теңге тағайындалып, төленді.

Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сатысындағы азаматтарға  2026 жылға қаралған қаржысы 15569,0 мың теңге. Қосымша тамақтануға 36 адамға 8736,5 мың теңге тағайындалып,  31  адамға  7863,6  мың теңге төленді.

«Отан Даңқ» ордендерімен наградталған, республикалық құрметті атағына ие болған  2 азаматқа  147,9  мың теңге  әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген 57 азаматқа облыстық бюджеттен  12326,3  мың теңге, тағайындалып, төленді.

Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан 3 азаматқа 648,8 мың теңге тағайындалып, төленді.

Кеңес армиясының мүгедек 2 азаматына 432,5  мың теңге төленді.

Екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне 2 азаматшаға 432,5 мың теңге төленді.

Ауған соғысына қатысқан 19 азаматқа аудандық бюджеттен 4108,8 мың теңге төленді.

Семей ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен 29 азаматқа 6271,3 мың теңге төленді.

Тәжік–Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған 15 азаматына 3243,8 мың теңге төленді.

Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының 22 азаматына 4757,5 мың теңге тағайындалып, төленді.

Сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен               Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына  1 азаматқа 43,3 мың теңге  тағайындалып, төленді.

Облыс әкімінің гранты бойынша 4 студентке 2052,0 мың теңге оқу ақысына, 1245,6 мың теңге тамақтануы мен тұруына барлығы 3297,6 мың теңге төленді.

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар

 Аудан бойынша мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2026 жылдың 1қазанға 1046 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны-254.

Мүгедектерді сауықтыру жеке оңалту бағдарламасы (ЖОБ) негізінде жүзеге асырылады. Барлығы 1717 жеке оңалту бағдарламасы бойынша өтініш түсіп, оның 1607-і  немесе 94,0 %-ға  орындалды.

2026 жылдың 1 қазанға 913 мүгедектігі бар адам міндетті гигиеналық құралдармен, 58-і кресло арбамен, 160-ы санаторлы-курорттық жолдамамен, 94-і тифлотехникалық құралдармен, 40-ы сурдотехникалық құралдармен, 230-ы  протездік ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді.

Есту кемістігі бар 6 мүгедектігі бар адамға 1 ымдау тілінің маманы, жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектігі бар 106 адамға жеке көмекшілермен қызмет көрсетіліп келеді.

Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына 23 адам жіберілді, оның  ішінде 7-уі зейнеткер.

Қызылорда қаласындағы №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 1 зейнеткер адам орналастырылды.

2026 жылдың 1 қазанға 103 мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 63 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілуде.

Аудан бойынша тірек қозғалыс аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға күндізгі стационар жағдайында 12 балаға дейін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

«Кажмахан» жергілікті қоғамдық бірлестігімен 6 наурыз 2026 жылы келісім шарт жасалған.

Жергілікті бюджеттен 2026 жылға 23270,9  мың теңге қаралған.     «Кажмахан» жергілікті қоғамдық бірлестігінде стационар жағдайында 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың күндізгі болу бөлімшесінде  5 бала қызмет көрсетілді.

Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша қаралған қаржы 7591,0 мың теңге қаралып,  2026 жылдың 1 қазанға  49 мүгедектігі бар баланың ата-анасынан құжаттар қабылданып, 3178,8 мың теңге төленді.

«Инва такси» қызметіне 2026 жылға аудандық бюджеттен 16264,0 мың теңге қаржы қаралып, 9371,1 мың теңге қаржы төленді.

Қазіргі таңда аудан бойынша 3 инватакси автокөлігі мүгедектерге қызмет көрсетуде.

Жыл басынан бері «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеуге» 13 адамға қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындалды.

Жыл басынан бері «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін  иеліктен шығаруға  рұқсат беру»  бойынша  19 адамның өтініш қамтамасыз етілді.

Еңбек мигранттарына еңбек қызметімен айналысуға рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қызметі бойынша 2026 жылдың 1 қазанға барлығы  19 өтініш түсіп, 16-ы  рұқсат берілсе,  1-не ұзарту, 2 –уі бас тартылған.

Пробация туралы

Жалағаш ауданы бойынша жаза өтеу орындарынан босатылған және аудандық пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың саны-33, оның ішінде 32 пробация қызметінде және 1 полиция бөлімінде есепке алынған.

Оның ішінде:

-шартты жазаға сотталғандар-7

-бас бостандығынан шектеу жазасына сотталғандар-15

-белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдануға тиім салынғандар-10

-мерзімінен бұрын шартты түрде босатылып келгендер-1

Олардың, 20-сы Жалағаш кентінен, 13-і ауылдық округтерден.

Статустары бойынша:

-тұрақты жұмысқа орналасқандар-11

-ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгендер-1

-өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-4

-жұмыссыздар-2

-денсаулығына байланысты уақытша жұмысқа жарамсыз-1

-зейнеткер-1

-студент-1

-белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдануға тиым салынғандар-10

-бала күтімінде-2

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтендіру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2026 жылға жергілікті бюджеттен 1,0 млн теңге бөлініп, жобаны «Жігер» Қызылорда облысы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі жүргізді.

Жоспарланған іс-шаралар толығымен орындалды, атап айтқанда: қайта қылмыс жасаудың алдын алу бойынша кеңес, жеңіл атлетикадан жарыс, «Мектепке жол» акциясы және балық аулаудан жарыс өткізілді. 

 «Қызылорда облысының 2026 жылға арналған әлеуметтік саласы бойынша квоталар белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімінің 2025 жылғы 1 желтоқсандағы №223 қаулысына сәйкес «Жалағаш қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына 3 жұмыс орны белгіленіп, толығымен орындалды.

2026 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек беру мақсатында 10 адамға 15 айлық есептік  көрсеткіш  көлемінде 649,0 мың теңге қаражат жергілікті бюджеттен бөлініп, есепті кезеңге бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 5 адамның  құжаттары арнайы комиссияда қаралып, тиісті қаражат төленді.

Сонымен қатар, пробация қызметіндегі 6 адамға 76,0 мың теңге көлемінде азық-түліктей көмек көрсетілді.

Жыл басынан бері «Мансап» орталығына «жұмыс іздеуші» ретінде 21 адам тіркеліп,  12 адам тұрақты жұмысқа (о.і. 3 адам квота бойынша), 2 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 3 адам маусымдық жұмыстарға жолданды және  4 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.

Дата публикации
09 октября 2026
Дата обновления
22 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы