Лого

Меню

Страницы

Статья

Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссияларының назарына.

Жалағаш  аудандық  мәслихаты   «Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы» Қазақстан  Республикасының  Конституциялық Заңына  сәйкес №131 (Мекен-жайы: Жалағаш  кенті, М.Шәменов көшесі №124, №201 мектеп-лицей ғимараты), №134 (Мекен-жайы: Қаракеткен ауылы, А.Құнанбаев көшесі №26,  №114 орта мектеп ғимараты), №136 (Мекен-жайы: Таң ауылы, Орынбай жырау көшесі №12,  Ауылдық мәдениет үйі ғимараты), №137 (Мекен-жайы: Бұқарбай батыр ауылы, Бұқарбай батыр көшесі №21, Ауылдық  мәдениет үйі ғимараты), №138 (Мекен-жайы: Бұқарбай батыр ауылы, Бұқарбай батыр көшесі №19, №33 орта мектеп ғимараты), №148  (Мекен-жайы: Аққұм ауылы, Бейбітшілік көшесі №7,  Ауылдық клуб ғимараты), №153  (Мекен-жайы: Жалағаш кенті, А.Ізтілеуова көшесі №18,  №123  мектеп-лицей ғимараты) учаскелік сайлау  комиссияларының (әрі  қарай – сайлау  комиссия)  құрамынан шығып  қалған  мүшелерінің  орнына сайлау  өтетіндігін  хабарлайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2020 жылғы 28 қазаны  мен  12 қараша  аралығында мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) қосымшаға сәйкес кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері және сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтері.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2020 жылғы 15 қарашаға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 15:00-ге дейін.

 

Жалағаш аудандық мәслихаты


Жалағаш аудандық мәслихаттың хатшысы- М.Еспанов.

Мәслихаттың орналасқан жері Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі, 32 үй.

Жауапты маман – Досмагамбетов Рустем Тулебаевич, каб. н/с, 2 қабатта, қалааралық телефон коды (872431)32-3-89, қызметтік ұялы телефоны 8-777-680-34-50, факс нөмірі 31-4-79, электрондық пошта мекен жайы: t.sarbalaev@zhalmaslihat.gov.kz


 

Қосымша

Нысан

 

_____________________________________________________

(мәслихаттың толық атауы)

хатшысына    _________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

_______________________________________________тұратын

(облыс,  Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ,

____________________________________________________________

аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)

______________________________________________________

(қызметтік, пәтер, ұялы телефондардың нөмірлері)

 

Өтініш

Мен, __________________________________________________________________

  (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

________________________________________________________________ ұсынылған       (саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы) Қазақстан Республикасының азаматы,

__________________________________________________ жұмысына қатысуға келісімімді беремін

                     (сайлау комиссиясының атауы)

 Сайлау жүйесінде жұмыс тәжірибем бар ___________________________________________

( ия, ___ жыл/ жоқ)

Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.

Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.

Мен Парламент, мәслихат депутаты, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.

Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынып тасталмаған сотталғандығымның,  iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.

 

«____»____________202__ жыл                                        _________________________

(өтініш берушінің қолы)

 

Өмірбаяндық деректер:

 

Тегі, аты, әкесінің аты __________________________________________________________________

(аты мен әкесінің аты (болған кезде) толық көрсетіледі)

Туған кезі  «____» _______________ 19 _____ жыл

Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН)_________________________________________________________

Ұлты* _______________________________

Партиядағы мүшелігі *___________________________________________________________________

Білімі       _________________________________________________________________________

Мамандығы  ____________________________________________________________________________

Жұмыс орны немесе кәсіп түрі___________________________________________________________

Атқаратын қызметі__________________________________

Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________

                                            (куәлік нөмірі, қашан және кім берген)

 Мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметті қоса тіркеймін**.

 

Ескертпе:

* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауынша көрсетіледі.

 

** Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

 

Өтінішке қосымша

 

Жақын туыстары  туралы мәліметтер ______________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

р/б

Жақын туысқандарының (болған кезде) тегі, аты, әкесінің аты

ескерту

1.                    

 

әкесі

2.                    

 

анасы

3.                    

 

ұлы

4.                    

 

қызы

5.                    

 

ағасы

6.                    

 

әпкесі

7.                    

 

атасы

8.                    

 

әжесі

9.                    

 

немересі

10.                 

 

жұбайы (зайыбы)

 

 

Дата публикации
27 октября 2020
Дата обновления
27 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы