Лого

Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы бағытында 3 тоқсанда атқарылған жұмыстар туралы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Жалағаш ауданында арнайы комиссия құрылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы атқарылған жұмыстарды халық арасында кеңінен ақпараттандыру мақсатында мәліметтер «Жалағаш жаршысы» аудандық газет бетіне жарияланып, «Facebook» әлеуметтік желісінің «Жалағаш ауданының әкімдігі» атты парақшасында және әкімдіктің ресми сайтына орналастырылды.

Тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлім ашылып, атқарылған жұмыстар бойынша мәліметтер тоқсан сайын енгізіліп келеді.

Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның 2020 жылы 2 рет (2019 жылы - 4) комиссия отырысы өткізілді. Аталған комиссияның отырыстарында аудан әкімдігіне қарасты мекемелер мен құқық қорғау органдары басшыларының атқарған жұмыстарының есептері тыңдалып, тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Аудан әкімдігіне қарасты кент, ауылдық округі әкімдеріне, аудандық бөлімдер мен мекеме басшыларына ай сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен осал тұстарына аса мән беріп, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы бағытталған шараларды күшейту тапсырылды.

Бұл ретте, қызметкерлермен персоналды түрде профилактикалық әңгімелесу жұмыстарын жүргізу және заңнама талаптарын қатаң сақтау керектігі жөнінде ескертпе хаттар берілді.

Тұрмыстық жемқорлықты жою, халыққа қолайлы орта қалыптастыру бағытында әзірленген арнайы видеоролик аудан әкімдігінің фейсбук әлеуметтік желісі парақшасына жарияланды.

Кент, ауылдық округтерде, мемлекеттік мекемелерде, мектептер мен аурухана ғимараттарында және халық көп шоғырланатын орындарда ақпараттық-насихаттық брошюралар ілінді.

Жастар ресурстық орталығының ғимаратында орналасқан COWORKING орталығында аудан мектептерінде құрылған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары мүшелерімен кездесулер өткізіліп, рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру мақсатында еркін пікір алмасулар өткізілуде.

Бүгінгі күні ауданда «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері 238-ге жетті.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасы бойынша «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп кент, ауылдық округтер мен жергілікті атқарушы органдарда түрлі форматтағы профилактикалық шаралар ұйымдастырылды.

Жалағаш кентінде, ауылдық округтерде және Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!», «1424-ке хабарласыңыз» тақырыбында билбордтартар орнатылды Сонымен қатар, 2018 жылы үкіметтік емес ұйым мүшелерінен тұратын Сыртқы талдау және бағалау жүргізу жөніндегі арнайы мониторингтік топ құрылып, сол уақыттан бері өз жұмысын жүргізуде.

Атап айтқанда, мониторингтік топ мүшелері аудан мекемелерінде ұжымдармен кездесіп, семинар-кеңестер өткізуде. Сонымен қатар, аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралап, жұмысшылармен кездесіп, еңбек қатынастарындағы заңнама талаптарының сақталуына мониторинг жүргізіп келеді.

Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығына сәйкес бөлімдер мен кент, ауылдық округі әкімі аппараттарына ішкі талдау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. 

Аудан әкімі және кент, ауылдық округі әкімі аппараттары мен аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім қызметкерлері қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жеке табысы туралы декларациялар уақтылы тапсырып отыр.

Есепті мерзімде, заңды және жеке тұлғалардан мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық және олардың құқықтарын өрескел бұзу фактілері туралы арыз-шағымдар түскен жоқ.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімінің аппараты, кент, ауылдық округі әкімдерінің аппараттары және аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарына арналған жәшіктер орнатылған.

Аталған мекемелерде «Сенім телефондары» белгіленіп, бұл туралы аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде жарияланды.

Қоғаммен ашық байланыс орнатуға бағыттау мақсатында Аудан көлемінде азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында 2019 жылдан бастап «Халықтық заңгер» акциясы өткізілуде және де барлық кент, ауылдық округтердері әкімі аппараттары «адалдық бұрышы» жұмыс жасауда.

2020 жылы әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған жобаға аудандық бюджеттен 500,0 қаржы қаралып, «Достық мекені» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанды.

«Достық мекені» қоғамдық бірлестігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әрекетіне қатысты (пікірлер, ұсыныстар, өтініштер) қабылданатын жәшіктер, барлық мемлекеттік мекемелердің, сонымен қатар, аудандық аурухананың және «Қазпошта» АҚ-ның ғимараттарында орнатылды. Әдістемелік нұсқаулықтар, заңнамалар жиынтығы және құзыретті органдардың сенім телефондары көрсетілген жадынамалар таратылды. Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мақсатында «Таза ауыл», «Жасыл көше», «Үздік аула» атты байқауы өткізілді. Жоба аясында 4 акция, 1 қоғамдық қабылдау, 1 байқау іс-шаралары өткізілді. Аталған жоба осы жылдың аяғына дейін жалғасын табады.

2019 жылы және 2020 жылдың 9 айында аудан бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар орын алған жоқ.

Жоғарыдағыларды қорытындылай келе алдағы уақытта да атқарылатын жұмыстар Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Дата публикации
27 октября 2020
Дата обновления
27 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы