
Жалағаш ауданында 14 пен 29 жас аралығында 8226 жас тіркелген. Бұл көрсеткіш жалпы халық санының 23,4 пайызын құрайды.
2019 жылы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 14077,0 млн теңге бөлінді. Оның ішінде 4580,0 млн. теңге 4 әлеуметтік жоба аудандық ішкі саясат бөлімімен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылды.
«Жастар жылында» аудандық бюджеттен 5 000,0 млн теңге бөлініп, жастар ресурстық орталығы жанынан «Coworking» орталығы ашылды.«Coworking» орталығында жастардың тұлғалық қалыптасуына арналған тақырыптық семинар-тренингтер, түрлі бағыттағы спорттық шаралар ұйымдастырылып, бос уақытты тиімді ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған. Орталықта жастар үшінүстел теннисі, аэрохоккей, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, гір тасы, армрестлинг, спорттық жабдықтары, музыкалық аппаратура, видеоойындармен компьютерлік қызметтерді тегін алуға мүмкіндіктер жасалған.
Аудан жастарының шығармашылығын дамыту мақсатында «Жалағаш аруы» байқауы, «Zhalagash Life» жастар лагері, аудандық жайдарман лигасы, «Жалынды жас» еріктілер мектебі, «Инсайт» кітап клубы, шағын футболдан «аудандық лига» ойындары,жастар еңбек лагері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық мектебі және «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы, еңбек лагері сынды жобалар дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді.
2020 жыл - «Еріктілер жылы» болып жарияланды. Басты мақсат – ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру болып табылады.
Жалағаш ауданы бойынша еріктілер жылын атап өтудің кешенді іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.
2020 жылы Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 12,02 млн теңге бөлінді.
Оның ішінде 3,368 млнтеңге жастар арасындаіс-шаралар ұйымдастыруға арналған.
1)«Жастарға патриоттық тәрбие беру және азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру кызметі.
2)«Жастар арасында еріктілер корпусын дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру қызметі.
3)«Жалағаш ауданындағы жұмыссыз (NEET) санатындағы жастарға бағытталған шараларды ұйымдастыру және жастар шығармашылығын дамыту қызметі.
Үстіміздегі жылы кент және ауылдық округтерде еріктілер қозғалысын дамыту бойынша «Nur Otan»партиясы мен жастар ресурстық орталығы арқылы жастар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, еріктілер топтары құрылды.
«Жалынды жас» еріктілер мектебінің еріктілер саны 300 еріктіге жетті (2019 жылы 120 жас).
Еріктілердің ұйымдастыруымен 95 шара өткізіліп, 3151 жас қамтылды. Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде қайырымдылық шаралары аясында 270 мың теңгекөлемінде тұрмысы төмен отбасыларғакөмек көрсетілді.
Сондай-ақ, карантин режиміне байланысты іс-шараларды өткізу онлайн форматқа көшуіне орай әлеуметтік желілер арқылы жастарды еңбекке баулу, тұрғындарды тазалық сақтауға шақыру, спортпен шұғылдануға шақыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау секілді іс-шараларды онлайн форматта өткізу қолға алынды.
(15-сәуір ұлттық ғашықтар күніне орай жас отбасылардың қатысуымен«Үздік Love story», белсенді студенттер арасында «Studentman», жас аспазшы жастарды қолдауға бағытталған «Тәтті ару» байқаулары сынды жаңа жобалар бастама алды).
Қазіргі таңда кент және ауылдық округтерде салынып жатқан құрылыс нысандары мен жөндеу жұмыстары жүргізілетін нысандарға студент және жұмыссыз жүрген 202 жас жұмысқа орналасты.
2020 жыл «Еріктілер жылы» аясында Жалағаш ауданының ерікті жастары түрлі бағыттағы 14 жобаның жеңімпазы атанды. (толық қаржы соммасы- 5 млн тг)
«Birgemiz»: «Umit»- 5;
«Birgemiz»: «Sabaqtastyq»- 2;
ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Қызылорда облысының ауылдық ҮЕҰ-дың және бастамашыл топтардың әлеуетін көтеруге» арналған грант- 4;
Жастар арасында волонтерлік брендін танымал ету бойынша "АШЫҚ ЖҮРЕК" жобасы шеңберінде волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған шағын гранттар- 3;
«BIRGEMIZ: SABAQTASTYQ» жалпыұлттық жобасы аясында «Дені сау ұрпақ ұлт болашағы» және «Жүректен жүрекке» жобалары жұмыс жасауда.
Жазғы демалыс уақытында аудан жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған облыстық «Еңбек», аудандық «Zhalagash life» жастар лагерлерін өткізу жоспарлануда.
Қазіргі таңда кент және ауылдық округтерде салынып жатқан құрылыс нысандары мен жөндеу жұмыстары жүргізілетін нысандарға студент және жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру жайын қарастырып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
2020 жылы халықты жұмыспен қамту орталығынажұмыс іздеуші ретінде хабарласқан 1218 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Атап айтқанда,
- 60 адам техникалық және кәсіптік білім алуға;
- 21 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға;
- 72 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға;
- 29 адамға өз кәсібін ашуға 107,9 млн.теңге шағын несие;
- 91 адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 555 мың теңгеден қайтарымсыз гранттар;
- 20 адам әлеуметтік жұмыс орындарына;
- 320 адам жастар тәжірибесіне;
- 126 адам қоғамдық жұмыстарға;
- 479 адам мемлекеттік қолдау шараларынсыз тұрақты жұмысқа орналасты.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың 2020–2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» ҚР Премьер-Министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы №55-ө өкіміне сәйкес, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде жұмыссыз жастарға жұмысқа орналасуда басымдық берілді. Атап айтқанда, аудан бойынша іске асырылып жатқан 18 инфрақұрылымдық жоба бойынша 357 адам тартылған болса, соның ішінде 228-і немесе 63,9 пайызы жастар орналасты.
Бұдан басқа, 2020 жылдан бастап «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына толықтырулар енгізіліп, «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімі» мемлекеттік қолдау шаралары қосылды.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектерге арналған. Бұл ретте, жұмыс беруші қатысушыны кемінде жиырма төрт айға тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады, халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыстың бірінші жылы үшін еңбекақыны субсидиялайды (20АЕК-55560 тг).
Ал, «Ұрпақтар келісімі» жобасы бойынша жұмыс іздеп жүрген адамдарды зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істеп жүрген жұмыскерді кейін ауыстырумен жұмысқа орналастыруды көздейді.
Бұл ретте, жұмыс беруші қатысушыны кемінде он сегіз айға тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады, халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыстың алты айы үшін еңбекақы төлеуді субсидиялайды (20АЕК-55560 тг).
«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021» аясында жазғы маусымда 202 жас жұмысқа жіберілді.
Жастар арасындағы қылмыстылық деңгейі2020 жылдың І жартыжылдығы бойынша 14-29 жас аралығындағы жастармен жасалған 39 қылмыс тіркелген.(2019 жыл- 66)
Жастардың бос уақытының тиімді ұйымдастырылуы бойыншааудан жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауданда 7 мәдениет Үйі, 8 ауылдық клуб, 21 кітапхана,
1 мәдениет және өнерді дамыту орталығы, 4 коворкинг орталығы, барлығы 39 мәдениет және өнер мекемелері қызмет көрсетеді.
Аудан бойынша 143 спорт нысандары тұрақты жұмыс жасайды. (1 стадион, 1 ипподром, 9 ату тирі,1 спорттық ядро, 62 алаңдар, 25 жасанды жамылғысы бар алаңдар, 7 спорттық алаңдары, 10 жабдықталған спорт залы, 27 спорт залы). 2 спорт мектебінде спорттың 16 түрімен барлығы 1244 спортшы шұғылдануда.
2019 жылы Жалағаш ауданы әкімінің кубогіне арналған шағын футболдан аудандық лига ойындары алғаш рет өткізіліп, ойынға 18 команда қатысты. Лига ойындарында үшінші орынды «ФК Адия» командасы Жалағаш кенті, сыйлық көлемі 50 000 тг, екінші орынды Жалағаш кентінің «Дәуімбай» командасы,(сыйлық көлемі - 70 000тг). Жүлделі бірінші орынды Мәдениет ауылының «Бірлік и К» командасы иеленіп. (сыйлық көлемі - 100 000 теңге) аудан әкімінің арнайы кубогі табысталды. Лига ойындарында үздік деп танылған 8 команда «Супер кубок» ойындарына жолдама алды. Бұл жоба жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, оларды спортпен шұғылдануға және командалар арасындағы достық қатынасты нығайтудағы үлесі зор және алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Сонымен қатар, жұмыссыз жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін кешкі мезгілде спортпен шұғылдану мақсатында спорт алаңдары мен нысандарда спорт нұсқаушыларымен кесте бекітіліп, сәйкесінше жұмыс жасауда.
Тұрғын үймен қамту бойынша Жалағаш ауданы бойынша «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметі бойынша 2019 жылы тұрғын үй несиесін 122 маман (446924,9 тг)алған.
2020 жыл бойынша 299 азамат тұрғын үй алу кезегінде тұр. Оның ішінде 86 жас отбасылар саны тіркелген. Аталған қызмет бойынша бөлінетін категориялар ішінде «Жас отбасы» санаты бойынша жіктелмейді.
2020 жылға республикалық бюджеттен тұрғын үй несиесі түріндегі әлеуметтік қолдау шарасына 92 маманға 365 837 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда 89 маманға тұрғын үй несиесі берілді. Оның ішінде білім беру саласына-56 маман, денсаулық сақтау саласына-18 маман, мәдениет саласына-7 маман, спорт саласына-3 маман, агроөнеркәсіп кешен саласына-1 маман, әлеуметтік саласына-1 маманға тұрғын үй несиесі берілді. Көтерме жәрдемақы әлеуметтік қолдау шарасына 49 маманға 12 930,0 мың теңге қаржы берілді. Оның ішінде: Білім саласы-22, денсаулық саласы-13, әлеуметтік саласы-3, мәдениет саласы-4, спорт саласы-5, агроөнеркәсіп саласы-2 мамандарға көтерме жәрдемақы берілді.
Мемлекеттік жастар саясатының ақпараттандырылуы бойынша мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан шаралар аудандық, облыстық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде кеңінен ақпараттандыру тұрақты түрде жүргізілуде.
2020 жылдың ІІІ тоқсанға жастарға қатысты аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде 48 мақала жарияланды. Әлеуметтік желілерге (facebook. Vk. Instagram.) 200-ге жуық ақпарат жарияланды.
2020 жылға арналған міндеттер туралы:
Жастар арасында волонтерлік қозғалысты дамыту;
Аудан жастарының кәсіппен шұғылдануына жағдай жасау; Жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жұмыссыз жастарға кәсіби бағдар беру шараларын ұйымдастыру.