
Жалағаш кентінде әкімшілік ғимаратының 2019-2020 жылдары өтпелі құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Құрылыстың жалпы құны - 386 785,0 мың тенге. Мердігер мекеме: «RealstroyInvest» ЖШС.
2019-2020 жылдар өтпелі құрылыстар бойынша Жалағаш ауданы, Далдабай және Жаңақоныс елді мекендеріне ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Тиісті қаржылар бөлініп жұмыстар аяқталу үстінде.
Жалағаш ауданы, Аламесек және Мәдениет ауылдық округ аумақтарына мал қорымы (биотермиялық шұңқыр) құрылыс жұмыстарына ашық конкурс жарияланып «Максат LTD» ЖШС жеңімпаз болып танылып, қазіргі уақытта мердігер мекеме жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс өтпелі 2020-2021 жж.
Жалағаш кенті Алмағанбетов көшесі №15 мекен-жайдағы «Емхана ғимаратын бала бақша етіп реконструкциялау» жөніндегі құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Нысан қазан айының соңында пайдалануға беріледі. Мердігер мекеме: «ДГУ-Сервис» ЖШС.
Жалағаш кенті «Дәуімбай» учаскесінде салынатын бір пәтерлі 3 бөлмелі 10 тұрғын үй құрылысы» мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібімен «Иман» ЖШС-і мекемесі жеңімпаз атанып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Құрылыс өтпелі.
Аудан бойынша жеке тұрғындар есебінен салынған 112 жеке тұрғын үй (жалпы ауданы 12 208,0 шаршы метр) пайдалануға берілді.