
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі облыстық спорт басқармасының күнтізбелік жоспарын негізге ала отырып, аудандық спорттық іс-шаралар жоспары жасалынып, аудан әкімінің орынбасарының қолымен бекітілді.
2020 жылдың ІІІ тоқсанында барлығы 24 аудандық спорттық іс-шаралар және ауыл округтерда спорттық шаралар өткізіліп, оған 3072 адам қатыстырылған.
2020 жылдың статистикалық деректердің қорытындысы бойынша ауданда 149 спорттық нысанда спорттың 26 түрімен 10572 адам тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Яғни бұл көрсеткіш аудан халқының 30,1 пайызын құрап отыр.