
Жалағаш ауданы бойынша 2020 жылдың 1 қазанына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2394 бірлікті құрап, оның ішінен 2207 субъектісі немесе 92,2 пайызы нақты жұмыс жасап тұр. Тоқтап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны-187.
Ағымдағы жылдың басымен салыстырғанда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4 бірлікке азайса, ал жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 45 бірлікке артып отыр.
Қазіргі таңда жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің санын көбейту бағытында ауданда арнайы іс-шара бекітіліп, тоқтап тұрған кәсіпкерлермен тізім бойынша жұмыс жасалуда.
Сонымен қатар, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында қайтарымсыз гранттар алған жеке тұлғаларды мемлекеттік кірістер басқармасына кәсіпкер ретінде тіркеу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы жыл басымен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны азайғанмен, олардың ішінде жұмыс жасап тұрғандарының үлесі 90,1 пайыздан 92,2 пайызға жетіп, 2,1 пайызға өсім бар.
Ағымдағы жылдың 9 айында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына 332 жеке тұлға кәсіпкер ретінде тіркеліп, 374 жаңа жұмыс орны ашылды.
Оның ішінде, заңды тұлғалар саны 7, шаруа және фермер қожалықтар саны 29, жеке кәсіпкерлер саны 296.
Шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында ағымдағы жылдың 9 айында 150 жоба 3 млрд. 545,6 млн. теңгеге қаржыландырылды. Атап айтар болсақ:
«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктердің облыстық филиалдары арқылы 13 жоба 1158,7 млн. теңгеге қаржыландырылып, пайыздық ставкасы бағдарламаның шартына сәйкес субсидияланды. Оның ішінде 4 жоба 86,5 млн. теңгеге ішінара кепілдендірілді.
Аталған бағдарлманың мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша 6 жоба 12,0 млн теңгеге оң қорытынды алып, құжаттары жинақталуда.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл басынан 86 жоба 379,2 млн. теңгеге қаржыландырылды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 3 жоба 67,7 млн. теңгеге қаржыландырылды.
«Агробизнес» бағдарламасы аясында «Ауыл» несие серіктестігі арқылы 19 жоба 516,7 млн. теңгеге «Сырдария-1» несие серіктестігі арқылы 8 жоба 217,1 млн. теңгегеқаржыландырылды.
«Каз Агро Қаржы» АҚ-ы және «ТехноЛизинг» ЖШС-нен 15 шаруа қожалықтары 1194,3 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы техникаларын алу мақсатында қаржыландырылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында қазіргі таңда 30 жоба 496,1 млн. теңгеге қаржыландыруға қажетті құжаттарын жинақтауда.
Ағымдағы жылдың басынан аудан бойынша жалпы құны 748 млн. теңгені құрайтын 11 жоба іске қосылып, 47 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Анықтама ретінде:
1) «Қара-Бура» ШҚ-ның тәулігіне 60 тонна қара күрішті ақтау цехы, жоба құны 150 млн теңге (9 адам);
2) «Жігер» ШҚ-ның көлік жуу және қоғамдық монша орталығы, жоба құны 30 млн. теңге (3 адам);
3) жеке кәсіпкер С.Бисенбаевтың автобөлшектер дүкені және көлік жуу орталығы, жоба құны 30 млн. теңге (3 адам);
4) «Агрохимсервис-С» ЖШС-нің түйіршіктелген азот тыңайтқыштарын өндіру зауыты, жоба құны 400 млн. теңге (10 адам);
5) «Arzan Farm» ЖШС-нің дәріханасы, жоба құны 30 млн. теңге (4 адам);
6) «Аптечка» ЖШС-нің дәріханасы, жоба құны 10 млн. теңге (3 адам);
7) «Ақ-Қайын» ЖШС-нің дәріханасы, жоба құны 10 млн. теңге (3 адам);
8) «Arman COM» ЖШС-нің шлакоблок шығару цехы, жоба құны 10 млн. теңге (3 адам);
9) «Руслан» жеке кәсіпкерлігінің азық – түлік дүкені, жоба құны 10 млн. теңге (3 адам);
10) «Жапабаева» жеке кәсіпкерлігінің сауда орталығы, жоба құны 31 млн теңге (4 адам);
11) «Жанель» ШҚ-ның 1000 басқа арналған қой фермасы, құны 37 млн. теңге (2 адам).
Сондай-ақ, жыл аяғына дейін аудан бойынша жалпы құны 355 млн. теңгені құрайтын 7 жобаны іске асырып, 27 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Анықтама ретінде:
1) «Толғанай» ШҚ-ның мал бордақылау және етті өңдеу цехы, құны 115 млн. теңге (5 адам);
2) жеке кәсіпкер Ж.Карбоздың жылыжай кешені, құны 30 млн. теңге (3 адам);
3) жеке кәсіпкер Д.Әнесовтың техникалық қызмет көрсету орталығы, құны 10 млн. теңге (2 адам);
4) «Баба» ШҚ-ның асыл тұқымды ешкілерді көбейту және сүтін өңдеу цехы, құны 20,0 млн теңге (5 адам);
5) «Ер-Әлі» ШҚ-ның күріш тазалау цехы, құны 100 млн. теңге (5 адам);
6) жеке кәсіпкер М.Елеусіновтің күріш ақтау және құрама жем өндіру цехы, құны 70 млн. теңге (5 адам);
7) жеке кәсіпкер А.Ілиясованың кондитерлік цехы, құны 10 млн. теңге (2 адам);
Сонымен қатар, аудан бойынша Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына ағымдағы жылы «Толғанай» ШҚ-ның «1000 бас МІҚ малына арналған мал бордақылау және етті өңдеу цехы» және де «UNO Prof Stroi» ЖШС-нің «Асфальт-бетон өндіру зауыты» жобалары енгізілді. Қазіргі таңда жоба жетекшілеріне қажетті жер телімдерін табыстау жұмыстары жүргізілуде.