
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында халыққа медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, сапасын және сабақтастығын қамтамасыз етуге арналған біріңғай әлеуметтік бағдарланған жүйе бойынша Жалағаш ауданының денсаулық сақтау саласында медициналық қызметті жетілдіру, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, аурудың алдын алу шаралары мен алғашқы медициналық көмекті жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді
Қазіргі таңда 31 019 аудан халқына – аудандық орталық аурухана, аудандық емхана,12 дәрігерлік амбулатория,2 фельдшерлік - акушерлік бекет және 2 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.
Жалпы халық санының ішінде: 14 жасқа дейінгі бала саны 10 100, жасөспірімдер – 1 863, ересектер саны – 19 056.
Кадр қызметі
Мекемеде жалпы штат бірліктері: 666,25
Оның ішінде:
Дәрігерлер – 103,25.
Орта буын қызметкерлері – 311,0
Кіші буын – 118,0
Техникалық және басқалары- 134,0
Мекемеде жалпы қызметкерлер саны: 784.
Оның ішінде:
Дәрігерлер – 96
Орта буын қызметкерлері – 397
Кіші буын – 138.
Басқа қызметкерлер мен жұмысшылар -153
Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 96 жоғары білімді дәрігер жұмыс жасайды, 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігермен қамтылу деңгейі 30,9%.
Оның ішінде: 60 дәрігердің біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 62,5 %.
жоғарғы санат – 21 дәрігер.
І санат – 20 дәрігер.
ІІ санат – 19 дәрігер.
Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 397 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасауда, орта буынды медицина қызметкерлерімен қамтылуы – 127,9 %.
Орта буын медицина қызметкерлерінің 255 біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 64,2 пайыз.
Жоғарғы санат – 178
І санат – 46
ІІ санат – 31
Бекітілген штат көлемінде дәрігер мамандарға қажеттілік
|
Мамандықтар атауы |
Жұмыс орны (ДА,СВА атауы) |
Бірлік саны |
Бос тұрақты вакансия |
|
Кардиолог дәрігері |
Кент |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Рентгенолог дәрігері |
Кент |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Хирург дәрігері |
Кент |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Барлығы |
|
3,0 |
|
Жалағаш аудандық ауруханасына келген негізгі қорлар
Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан 98 394 617,00 теңге қаржы бөлініп мамография және рентген флюра аппараттары алынды.
Мекеменің өз қаражаты есебінен 6 534 182,00 теңгеге медициналық-құрал жабтықтар және лизинг төлемі бойынша 60 429 149,00 теңгеге УЗИ эксперт класс алынды.
Облыстық бюджеттен медициналық құрал-жабдықтарға 98 394 617,6 тенге қаржы бөлінді
Мекеменің өз есебінен материалдық жарақтандыруға 6 534 000,00 теңге қаржы жұмсалынды.
Лизинг 60 429 149,00
Аурухана базасы заманауи үлгідегі Voluson Signature 18 УДЗ аппаратымен толықты.
Аппараттың жалпы құны – 60 429 149 теңге
Бұл құрылғының көмегімен тұрғындарға нақты әрі ерте диагностика жасау мүмкіндігі артты. Әсіресе, әйелдердің денсаулығын бақылау, ұрықтағы ауытқуларды ерте анықтау, жүрек-қантамыр, ішкі ағзалар мен басқа да құрылымдарды тексеруде маңызы зор.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қаржыландыруымен жаңа “AR-Mammo” рентген маммографиялық аппаратымен жабдықталды.
Аппараттың жалпы құны – 79 100 000 теңге.
Бұл құрылғы сүт безі ауруларын ерте анықтауға, скрининг пен диагностика сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Заманауи техниканың келуі – аудан тұрғындары үшін қолжетімді, сапалы әрі уақтылы медициналық көмектің көрсеткішін арттырады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қаржыландыруымен Жалағаш аудандық ауруханасына "ФЛЮАРКОМ" 12ФК1 маркалы стационарлы цифрлық рентген-флюорографиялық аппараты алынды.
Аппараттың жалпы құны – 19 294 617,6 теңге
Бұл заманауи аппарат өкпе, кеуде қуысы ауруларын ерте анықтап, сапалы диагностикалық қызмет көрсетуге жол ашады.
2026 жылдың наурыз айында өзіміздің қаражатымызға кашлевая изолирующая кабине для сбора макроты «КИК-СМ-01» алынды.
Құрылғының құны – 2 457 000,00 тг
Мекеменің медициналық құрал-жабдықтармен қамту көрсеткіші 92,0 % құрады.
Негізгі статистикалық көрсеткіштер
Аудан бойынша барлық дәрігерлік қабылдау 2026 жылдың 6 айы бойынша –116 603 , 1 тұрғынға шаққанда көрсеткіш-3,7 (2025 жылдың 6 айы бойынша –121 212– 1,8) құрады. Оның ішінде ауруы бойынша келгендер саны 2026 жылы –47 894- 41,0% , (2025 жылы – 52 272 – 43,1%). Алдын ала тексерілу – 65 126 болып 55,8%-ды құрады (2025 жылы 67 763– 55,9%). Жалпы дәрігерлік қабылдауға келгендер саны алдыңғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 3,8 пайызға төмендеген. Үйде қаралу 2026 жылдың 6 айы бойынша – 7 550 құрап (2025 жылдың 6 айы – 7 909), өткен жылмен салыстырғанда – 4,5 пайызға төмендеп отыр. Сонымен қатар, жалпы тәжірибелі дәрігерлердің қабылдауы 2026 жылы 52 211 болып 44,7 % құрады (2025 жылы – 51 768 – 42,7 % ). Ал тар буынды мамандардың қабылдауы 64 392 болып 55,2%-ды құрап отыр. (2025 жылы 69 444 – 57,2%)
2026 жылдың 6 айында алғаш тіркелген аурушаңдық саны –8006 жағдай, 100 000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш –2700,6 (2025 жылдың 6 айында – алғаш тіркелген аурушаңдық 8354, 100 000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 26756,6 құраған). Өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырсақ алғаш тіркелген аурушаңдық көрсеткіші бір деңгейде. Атап айтқанда, 2026 жылдың 6 айында алғаш рет тіркелген аурулардың ішінде:
Диспансерлеу. Жалағаш ауданы бойынша «Д» есепте ЭРДБ бағдарламасы бойынша барлығы – 8182 адам тұрады, оның ішінде ересектер - 6787, 0-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер саны – 1395
Әр жылдың мамыр айынан бастап диспансерлік есепте тұратын науқастар саны есептеліп соған сәйкес келесі жылға жоспар жасалып дәрі-дәрмекке «Самұрық -Қазына» Акционерлік қоғамына сұраныс беріледі.Ал егер де жыл бойына диспансерлік есепке науқастар талынған жағдайда қосымша сұраныс міндетті түрде беріліп,қысқа уақыт ішінде дәрі-дәрмек алынады.
Қазіргі уақытта ешқандай дәрі-дәрмек тапшылығы анықталып отырған жоқ. Сондай-ақ «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында қызметтің жаңа түрін енгіздік. Оның артықшылығы көп. Енді диспансерлік есепте тұрған пациенттер МӘМС, ТМККК шеңберінде кезекті дәрі-дәрмегін аламын деп емханаға жүз сабылмайды, жалпы тәжірибелік дәрігерге кезекке тұрмайды. Бар болғаны платформада дәрісінің таусылғаны туралы хабар қалдырып, дәрігердің нұсқауын күтеді. Егер дәрі-дәрмек тағайындалса, оны тіке емхананың дәріханасынан кезексіз алады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығымен толықтырулармен өзгерістер енгізу бұйрығымен сәйкес Жалағаш ауданы бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамту барысында 149 322 126,5 теңгеге 15 575 рецепт жазылды. Қазіргі таңда бөлінген дәрі-дәрмектер 100% игерілді.
Демографиялық көрсеткіштер
2026 жылдың 6 айында аудан бойынша 249 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 8,0 промильді құрады (2025 жылы 349 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 10,9 промильді құраған). Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 100 жағдайға төмендеп отыр. 2026 жылдың есептік кезеңінде сәби өлімі бойынша жағдай 7-28,1, (2025 жылы 2 жағдай, көрсеткіш-5,7). 2026 жылы аудан бойынша 99 өлім жағдайы тіркелді, көрсеткіші – 3,2 құрап отыр. (2025 жылы 98 жағдай – 3,1), өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш бір деңгейді көрсетіп отыр.Ана өлімі 15 жыл көлемінде тіркелмеген.
Өлім - жітім бойынша:
|
№ |
Атауы |
2025 жыл 6 ай |
2026 жыл 6 ай |
|
1 |
Жалпы қайтыс болғандар саны |
98-3,0 |
99-3,1 |
|
|
Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар |
27-27,6 |
25-25,3 |
|
1 |
Үйден қайтыс болғандар |
61-62,2 |
64-64,6 |
|
|
Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар |
7-25,9 |
11-44,0 |
|
2 |
Ауруханадан қайтыс болғандар |
25-25,5 |
28-28,3 |
|
|
Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар |
9-33,3 |
12-48,0 |
|
3 |
Өзгеде себептер |
12-12,2 |
7-7,1 |
|
|
Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар |
11-40,7 |
2-8,0 |
Ана мен бала денсаулығы
Ана мен бала денсаулығын сақтау денсаулық сақтау жүйесінің басты бағыттарының бірі болып табылады.
Жалағаш ауданы бойынша жүктілігі бойынша 2026 жылдың 6 айлығында тіркелген әйел саны-256 жүкті әйел ,2025 жылдың 6 айлығында -297 жүкті әйел тіркеліп отыр. Жалпы босану 2025 жылдың 6 айлығында 349 құраса, 2026 жылдың 6 айлығында 249 құрап 100 босанушыға айырмашылық болып отыр.2025 жылдың 6 айлығында мезгілінен ерте босану 14-4,0%құраса, 2026 жылдың 6 айлығында 14-5,6% құрап отыр. 2025 ж 6 айлығында және 2026 жылдың 6 айлығында уакытынан кеш босану тіркелген жоқ.
ҚРДСМ-ң Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп қарауды жүргізу ережесін бекіткен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 30.10.2020 жылғы 174/2020 бұйрығына сәйкес алдын ала (скрининг) тексеру жұмыстары жүргізілді.
Қанайналым жүйесі ауруларын ерте анықтау – 2026ж. жоспарланғаны-2800; орындалғаны-2216- 79,1%; Анықталғаны-139-6,3%; «Д» есепке алынғаны- 139-100%;
(2025ж. жоспарланғаны-4142; орындалғаны-2598- 62,7% Анықталғаны-143-5,5% «Д» есепке алынғаны- 143-100%)
Қант диабеті ауруларын ерте анықтау- 2026ж жоспарланғаны-2800; орындалғаны-2216-79,1%; Анықталғаны-62-2,8%; «Д»есепке алынғаны - 62-100%;
(2025ж жоспарланғаны-5127; орындалғаны-2438-47,6%; Анықталғаны-57-2,3%; «Д» есепке алынғаны - 57-100%)
Глаукома ауруын ерте анықтау-2026ж жоспарланғаны-2800; орындалғаны-2216-79,1%; Анықталғаны-6-0,3%; «Д»есепке алынғаны -6-100%;
Цереброваскулярлық ауруларын ерте анықтау - 2026ж жоспарланғаны-650; орындалғаны-317-48,8%; Анықталғаны-23-7,3%; «Д»есепке алынғаны - 23-100%;
(2025ж жоспарланғаны-5340; орындалғаны-2580-48,3%; Анықталғаны-2-0,1%.; «Д»есепке алынғаны -2-100%)
Сүт безі қатерлі ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2026ж жоспарланғаны-2190; орындалғаны-1546-70,6%; Анықталғаны-487-31,5%; «Д»есепке алынғаны - 487-100%; Қатерлі ісік-2; Атажанова К 680525401623 – 5 аймақ; Нурмаханова Г 760821402033- 20 аймақ;
(2025ж жоспарланғаны-1828; орындалғаны-1184-64,8%; Анықталғаны-51-4,3%; «Д»есепке алынғаны - 51-100%. Қатерлі ісік-3; Куракбаева А 710605401190 -9 аймақ; Жидебаева Г 670718401660 4-аймақ; Боханова А 711007400520-7 аймақ;)
Жатыр мойны қатерлі ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау-2026ж жоспарланғаны-1448; орындалғаны-1116-77,1%; Анықталғаны-220-19,7%; «Д»есепке алынғаны -220-100%; Қатерлі ісік-1; Бадырақ М 720731400695 5-аймақ;
(2025ж жоспарланғаны-1461; орындалғаны-867-59,3%; Анықталғаны-19-2,2%; «Д»есепке алынғаны – 19;)
Тік және тоқ ішек ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2026ж жоспарланғаны-2912; орындалғаны-2118-72,7%; Анықталғаны-6-0,3%. «Д»есепке алынғаны - 6. Батенова Н-14 аймақ; Прмаганбетова М - 9 аймақ; Райханова Айнаш- 19 аймақ; Ормантаев Байсын-11 аймақ; Жамуратов Батырхан-8 аймақ; Шынтаев Султан- 1аймақ; Диагнозы : Полип
(2025ж жоспарланғаны-2035; орындалғаны-935-45,9%; Анықталғаны-1. «Д»есепке алынғаны – 1; Бакесова М 610308402252 5-аймақ; Диагноз : Полип)
Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер
Ана мен бала және ұрпақты болу жасындағы әйелдердің денсаулығын қорғау жұмысын жандандыру; Ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында енгізілген «Эффективті перинаталды технологиясы» және БШАЫЕ бағдарламалары әрі қарай жалғастыру; Пилоттық патронаждық қызметтің жұмысын жандандыру; Сәби өлімін болдырмау және алдын алуға бағытталған қысқамерзімді жоспармен жұмыс жасау;
Емдеу-диагностикалық жұмыстарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында аудан бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру және мастер-класс тәжірибесін тиімді пайдалану;
Емдеу және алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған Меморандумға байланысты негізгі көрсеткіштер индикаторларын жоғары нәтижелерге жеткізу;