Лого

Меню

Страницы

Статья

Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің 2026 жылы IІ тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

Жалағаш ауданы бойынша 2026 жылдың 1 маусымына ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімі 2417,2 млн теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,3 пайыз орындалды.

Жалағаш ауданы бойынша 2026 жылы 41864 гектарға ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде күріш дақылы 16618 га, бидай 627 га, мақсары 2684 га, арпа 50 га, сұлы 5 га, соя 162 га, дәндік жүгері 5021 га, қант құмайы 371 га, жаңа жоңышқа 5436 га, ескі жоңышқа 8225 га, картоп 250 га, көкөніс 1115 га, бақша 1300 га.

 

Р/с

Дақыл атауы

Егіс көлемі, га

айырмасы

2026 жыл

2025 жыл

1

Күріш

16618

19357

-2739

2

Жаздық бидай

627

775

-148

3

Арпа

50

50

0

4

Дәндік жүгері

5021

-

+5021

5

Мақсары

2684

595

+2089

6

Қант құмайы

371

200

+171

7

Соя

162

65

+97

8

Сұлы

5

5

0

9

Жаңа жоңышқа

5436

4850

+586

10

Ескі жоңышқа

8225

8150

+755

11

Картоп

250

250   

0

12

Көкөніс

1115

1115

0

13

Бақша

1300

1300

0

Барлығы

41864

36712

+5152  

 

2026 жылы 230 құрылым егін орналастыру жұмыстарын жүргізуде, оның ішінде күріш дақылын орналастыратын шаруашылықтар саны 166.

Шаруашылықтар тарапынан егінді күтіп баптауға қажетті 11400 тн минералдық тыңайтқыш пен 21000 литр гербицид алынып, егінге уақытылы берілуде.

Ауданда шаруашылықтар тарапынан биылғы жылы 146,9 млн теңге қаржыға 3 дана ауылшаруашылығы техникалары сатып алынды. Көктемгі егісті орналастыру жұмыстарына аудан бойынша 1155 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысты. Оның ішінде 629 дана трактор, 119 дана соқа, 52 дана тұқым сепкіш, 73 дана автомашина, 282 дана трактор тіркемесі.

Госагро сайты арқылы көктемгі егін орналастыру жұмыстарына 71 шаруашылықтан жеңілдетілген дизель жанармайына 2107,9 тн өтінім беріліп, бүгінгі таңа дейін 1602,3 тн (76,0%) дизель жанармайы алынды. Дизель жанармайының 1 литрі 281 теңгеден жеткізіліп берілуде.

Ауданда инженерлік жүйеге келтірілген 33016 га егістік  жерлердің  жалпы 24000 га егістік жерлерге  лазерлік тегістеу жұмыстары атқарылса, 2026 жылы 15000 га инженерлік жүйеге келтірілген жерлерде қайта лазерлік тегістеу жұмыстары  жүргізілді.

Орналастырылған 16618 га күріш дақылының 15736 га  «Жалағашсушар» өндірістік учаскесімен су жеткізіп беру қызметіне келісім шарт жасаса, 882 га күріш дақылы қашыртқы суын қайта пайдалану арқылы насос қондырғыларымен суландырылуда.

Аудандағы инеженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдардың орналасу тәртібіне бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді. Ротация тәртібін бұзған шаруашылық құрылымдары анықталмады.

2026 жылдың су жеткізіп беру қызметіне «Жалағашсушар» өндірістік учаскесімен 166 шаруашылық 1153,7 млн. теңге 351,5 млн теңге қаржыға келісім шартқа отырды. Қазіргі таңда пайдаланылған судың құны 351,5 млн теңгені (сәуір, мамыр айларына) құрайды. Бүгінгі күнге пайдаланылған судың құнын 118,4 млн. теңгесін (33,7%) шаруашылықтар төлеген. Берешек соммасы 233,1 млн теңге (66,3%).

Қаракеткен ауылдық округінде «АА Агро Қызылорда» ЖШС-не ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерден 14173 га жер учаскесі табысталды.  Қазіргі таңда Қаракеткен ауылдық округінде жаңбырлатып суару әдісімен 5000 гектар алқапқа жүгері дақылы, 2000 гектарға мақсары дақылын орналастырылды. 136 дана жаңбырлатып суару агрегаты жұмыс жасауда.

 Аудандағы шаруашылық құрылымдарына бетондауды қажет ететін каналдарға жобалық сметалық құжаттарын дайындау тапсырылды. Бүгінгі таңда Мақпалкөл ауылдық округіндегі Сол тармақ каналының ПК-312 мен ПК-381 аралығын 6,9 шақырымына (3,2 млрд теңге), «Бозарық» каналын 9,6 шақырымына (1,7 млрд теңге) жобалық сметалық құжаттары дайындалып сараптамадан өткізілді.

Бұқарбай ауылдық округіндегі ПВ-5Б-10 каналын 7,3 шақырымына (1,379 млрд теңге), Р-15 каналын 2,3 шақырымына (0,73 млрд теңге) жоба сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар Еңбек ауылдық округіндегі Бегалы каналы 2,5 шақырымына (0,642 млрд теңге), «Арна» арқылы жоба сметалық құжаттары дайындалып сараптамадан өткізілді.

Мақпалкөл ауылдық округіндегі «Ер-Әлі» ШҚ 16,3 га жерге тамшылатып суару әдісімен картоп, бақша дақылдарын орналастырды. Таң ауылдық округіндегі «Бірлік» ШҚ 10 га жерге тамшылатып суару әдісімен бақша дақылдарын орналастырды.

Егінді күтіп баптау жұмыстары толығымен бақылауға алынып, қадағалануда.

Мал шаруашылығы туралы

 

Ауданда 2026 жылдың 1 маусымына  34321 бас мүйізді ірі қара, 28281 бас уақ мал,  38020 жылқы, 796 бас түйе,  96 бас шошқа, 9528 бас құс өсірілуде.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ  112,2 %, жылқы 109,7 %,  түйе 104,1 %, уақ мал 100% , құс 86,5 % орындалды.

Барлығы  1398,4 тн (тірілей салмақта) ет,  1806,8 тн сүт, 148,8 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 102,6 пайызға, сүт 102,1 пайызға, жұмыртқа 100,7 пайызға орындалды.

Аудан бойынша 4 шаруашылық асыл тұқымды мүйізді ірі қара (Бақдаулет-57 ШҚ, Адал ЖК, Боранбай ШҚ, Еркебұлан ЖК), 1 шаруашылық асыл тұқымды қой малын өсірумен (Атамекен ШҚ) айналысуда.

Сүт тауарлы фермасын ашу мақсатында «Адал» ЖК  2022 жылы  30 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы Симментал сиырының қашарларын өз қаражатымен  сатып алып жұмыс жасауда 2027 жылы шаруашылық жанынан сүт өңдеу цехын ашуды жоспарлап отыр.

«Бақдаулет-57» ФҚ 2024 жылы Чехия мемлекетінен 95 бас асыл тұқымды «Симменталь» сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының аналығын сатып алып жұмыс жасауда, қазіргі таңда сатып алынған малдың 65 пайызы төлдеп тәулігіне 700  литр сүт өндіруде.

2026-2027 жылдың қысына түсетін 64740 бас шартты мал басына 94,0 мың тонна табиғи шөп, 20,0 мың тонна жем, 29,5 мың тонна сабан дайындау жоспарлынып, 2026 жылдың 1 шілдесіне 14,8 мың тонна шөп, оның 12,8 мың тоннасы жонышқа шөбі, пайызбен  15,7% дайындалды.

 

Азық – түлік туралы 

Облыс әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 31 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Атап айтқанда: ұн, нан, рожки, қарақұмық жармасы, ақ күріш, картоп, сәбіз, жуа, қырықабат, қызынақ, қияр, алма, қант, өсімдік майы, сүйегі бар сиыр еті, сүйексіз сиыр еті, тартылған ет, қой еті сүйексіз, жылқы еті сүйексіз, балық, тауық еті, тауық ұшасы, сүт майлылығы 2,2-6%, айран майлылығы 2-3%, қаймақ, сүзбе майлылығы 5-9%, ірімшік майлылығы 40-50%, сарымай, тауық жұмыртқасы, қара шай, ас тұзы.

2026 жылдың 1 қаңтар мен 1 шілде аралығындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің салыстырмалы бағалары бойынша 31 түрлі азық-түлік өнімдерінің ішінде 11 өнімнің бағасы арзандаған.

Рожки-9 % (30 теңгеге), қарақұмық жармасы-1 % (5 теңгеге), ақ күріш-7 % (25 теңгеге), қырыққабат-32 % (75 теңгеге), қызанақ-96 % (650 теңгеге), қияр-120 % (1125 теңгеге), тауық ұшасы-15 % (250 теңгеге), айран-36 % (200 теңгеге), ірімшік-15 % (500 теңгеге), сары май-10 % (500 теңгеге), тауық жұмыртқасы-47 % (17 теңгеге),

9 өнімнің бағасы қымбаттаған.

Картоп-20 % (55 теңгеге), сәбіз-22 % (60 теңгеге), жуа-33 % (55 теңгеге), алма-35 % (150 теңгеге), қант-15 % (45 теңгеге), сүйегі бар сиыр еті-13 % (400 теңгеге), тартылған ет-9 % (300 теңгеге), тауық еті-3 % (45 теңгеге), тұз-15 % (10 теңгеге),

11 өнімнің бағасы тұрақты

Ұн, нан, өсімдік майы, сүйексіз сиыр еті, қой еті сүйексіз, жылқы еті сүйексіз, балық, сүт майлылығы 2,2-6%, қаймақ, сүзбе майлылығы 5-9%, қара шай.

Бүгінгі күнге Жалағаш ауданы бойынша ірі және шағын сауда орындарында өндірілетін және сырттан келетін 481,7 тн азық-түлік өнімдерінің қоры бар.

 Анықтама үшін:

Ұн-90 тн, күріш-80 тн, қант-30 тн, макарон-80 тн, күнбағыс майы-30 тн, тұз-36 тн, жуа-39 тн, картоп-40 тн, сәбіз-20 тн.

Ауданда азық-түлік өнімдерінің бағаларына тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді. Мониторинг нәтижесімен жыл басынан бүгінгі күнге дейін сауда және тұтынушыларды қорғау департаментіне жеке тұлғалардан азық түлік бағаларын негіссіз көтермелеп сатқаны үшін 15 өтініш берілді. (Данияр, ИП Қасымова, Бастау, Қашахбай ата, Рита, Сәтті, Жәния, Қаракөз, Эврика, Қаракөз, Жәния, Аружан, Гани, Қаракөз, Данияр) сауда дүкені.

 Сонымен қатар сауда орындарында кассалық аппараттардың болмауы, тұтынушыларға тауарлы чектерді бермегені үшін аудандық кірістер басқармасына 6 сауда орнының тиісті құжаттары ұсынылды.  (Сағымбай-ата, Нұрислам, Алихан, Береке, Айнұр, Эврика).

Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында 2026 жылдың 17 қаңтар мен 15 наурыз күндері аудан орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрменкеде азық түлік өнімдері аудандағы сауда орындарындағы бағалармен салыстырғанда 10-12 пайызға төмен ұсынылды.

 

 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы

 

Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген  «ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидасына сәйкес 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2026 жылы бір маманға берілетін көтерме жәрдем ақы сомасы 432 500 теңгені құрады. 2026 жылы жергілікті бюджеттен 19 895,0 мың теңге қаржы қаралып, 46 сала мамандарына көтерме жәрдем ақы төленді. Қазіргі уақытта 48 сала мамандары кезекте тұр.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:

1) ауданның әкімшілік орталығына (Жалағаш кенті) келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бюджеттік кредит. 2026 жылға сомасы  10 812,5 теңге.

2) ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бюджеттік кредит – 2026 жылға 8 650,0 теңгені құрайды.

2026 жылға республикалық бюджеттен 240 038,0 мың теңге қаржы қаралып, оның ішінде 24 маманға тұрғын үй несиесін беру жоспарлануда.

 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы «Отбасы Банк» АҚ-мы «Баспана маркет» сайт  арқылы мамандардан құжаттары қабылдануда.

 

Жер мәселесі туралы

 

Жалағаш ауданының жер қоры 2 873 640 гектарды құрайды, оның ішінде 591 563гектары Қарағанды облысынан ұзақ мерзімді пайдалануға алынған. Бұдан басқа Жалағаш аумағының 11 149гектар жері Ресей Федерациясына пайдалануға  берілген.

Санаттар бойынша;

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 298828 га,

Елді мекен жерлері – 42760 га,

Өнеркәсіп, көлік,  байланыс, қорғаныс жерлері – 16130 га,

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – 61,7 га,

Орман қоры жерлері – 809482 га,

Су қоры – 14915,1 га,

Босалқы жерлер – 1691463 гектарды құрайды.

Аудан бойынша 33016 гектарды құрайтын, жалпы саны 60 инженерлік тұрғыда әзірленген күріш ауыспалы егіс жүйесі, 1 мал азығындық және 1 картоп ауыспалы егіс жүйелері бар.

Аудан бойынша жерді қашықтан зондтау нәтижесімен анықталған ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге пайдалану жағдайына талдау жүргізіп, шаруашылықтарға мал басын тіркеу, қайта тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру, жайылымдарда –  жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының елу пайыздан жоғары ауыл шаруашылығы малдарының тіркеу қажеттілігі жөнінде шаруашылықтар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні көлемі 210 гектар болатын 1 жер учаскелеріне жалдау мерзімі ұзартылды.

Пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып отырған жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға байланысты тиісті жұмыстар атқарылып келеді.

Нәтижесінде, бүгінгі күнге жалпы көлемі 8753 гектар болатын 15 жер учаскелері мемлекет қорына қайтарылды.

Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайта айналымға енгізу мақсатында жалпы көлемі 3429 гектар болатын  жер учаскелері жеке, заңды тұлғаларға табыс етілді.

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес үстіміздегі жылдың II тоқсанында 217 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүргізілетін болады.

Дата публикации
15 июля 2026
Дата обновления
15 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы