Лого

Меню

Страницы

Статья

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2026 жылдың ІІ тоқсаныңда атқарылған жұмыстары туралы

Жалағаш ауданы бойынша 17 мәдениет ұйымдары жұмыс жасайды. Мәдениет және өнерді дамыту орталығы, 1 аудандық, 6 ауылдық мәдениет үйі мен 9 ауылдық клуб кәсіпорындары, 4 халықтық  ұжым, №1 және №2  жылжымалы  мәдени-демалыс  кешені  халыққа  мәдени  қызмет  көрсетеді.

2026 жылы балалар мен жасөспірімдердің мәдени тәрбиесін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған үйірмелермен қамту бағытында 109 көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс жасап, оған тартылған өнерпаздар саны - 1200-ге артты. Оның ішінде 6-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысатын үйірме -81, қатысушылар саны - 867.

Үйірме қатысушылары 2026 жылдың I жартыжылдығында 3 - халықаралық, 9 - республикалық, 27 - облыстық, 4 - аудандық байқауға қатысып жүлделі орындар иеленді.

Атап айтар болсақ: Жаңаталап ауылдық клубы жанынан құрылған «Асыл аналар» ансамблі Алматы қаласында өткен Ү Халықаралық «ZHANA ESIM» өнер фестиваліне қатысып,  Грузия еліне жолдама алды. Қырғызстан мемлекетінде өткен дәстүрлі «Нәресте» балалар шығармашылығы фестивалінде Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған «Алтын-Арай» би ансамблінің бишілері өнер көрсетіп, фестиваль дипломдарымен марапатталды. «Бозторғай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген халықаралық «XXVIII – Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауына би жанры бойынша 7-10 жас ерекшелігі бойынша Т.Жүргенов ауылынан «Нұр» би тобы   қатысып жүлделі III – орын иеленсе, мәдениет және өнерді дамыту орталығы жанынан құрылған "Элеганс" би тобыІ орын иеленді.

«Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасына сәйкес ұлттық мәдениетті ілгерілетуге және дәстүрлерді жаңғыртуға, балалар мен жасөспірімдерді мәдени тәрбиемен қамтуға бағытталған түрлі форматтағы 853 іс-шаралар: оның ішінде театр қойылымдары, шығармашылық конкурстар, фестивальдер, көрмелер, сұхбаттар, акциялар ұйымдастырылды. Оған 70579  көрермен тартылды.

ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР:

Әнші, ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қаракөз Ақдәулетованың 70 жылдығына арналған «Өнерлі бала» атты облыстық балалар арасындағы ән байқауы.

 «Күй күмбірі»  атты  халықтың қарапайым ұлы, өнер дарабозы, білікті ұстаз, бүкілодақтық фестиваль жүлдегері, күйші жерлесіміз Қали Ибраевтың 90 жылдығына орай еске алуға арналған облыстық күйшілер байқауы өткізілді.

         АУДАНДЫҚ ІС-ШАРАЛАР:

Биыл жыл басынан бастап "Алтын-Арай" халық ән-би ансамблінің аудан тұрғындарына арналған жаңа бағыттағы “Біздің концерт” атты шығармашылық кеші, Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының студенті, халықаралық, республикалық дәстүрлі әншілер байқауларының жүлдегері Д.Аңсағанмен кездесу кеші, «Нәзік жанды агроном» атты облысқа танымал бас агроном, туған жеріміздің мақтанышы «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері Асқарова Ханбибі Дуланқызымен кездесу кеші, жас ақын Дидар Өмірзақтың «Ақ бұлттарды алақанға қондырып» атты жыр кітабының тұсаукесер рәсімі, қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай, «Соғады жүрек...» атты әдеби-сазды кеші, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай Руханият орталығында аудан әкімінің қабылдауы, аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде концерттік бағдарлама өткізілді.

Сонымен қатар наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні орталық алаңда аудан әкімі А.Ибраимовтың қатысуымен 14 наурыз күні – «Амал» мерекесіне орай  арналған «Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен қауышу» атты  театрландырылған қойылым, мерекелік концерт өткізілді, іс-шара аясында қолөнер шеберлерінің көрмесі, наурыз көже мен ыстық бауырсақтар әзірленіп аудан тұрғындарына таратылса, жастар арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. 15 наурыз қайырымдылық күні - қарсаңында «Наурыз шапағаты» атты қайырымдылық акциясына аудан тұрғындары, кәсіпкерлер мен еркітілер тартылып тұрмысы төмен отбасылар және көпбалалы жалғызбасты аналарға азық-түлік себеттері таратылды. 16 наурыз мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні - Жалағаш кентінің орталығында ауылдық мәдениет үйлері мен клубатырының қатысуымен «Көне дәуір күмбезі» атты III дәстүрлі ұлттық өнер фестивалі ұйымдастырылды. 17 наурыз шаңырақ күні - Руханият орталығында аудан көлемінде бірлігі мен берекесі жарасқан, көпке үлгі болып отырған «Алтын той» иелеріне құрмет көрсетілді. Сонымен қатар Руханият орталығында аудан ардагерлері арасында "Баталы елге бақ қонар" атты аудандық бата беру байқауы өткізілді. 18 наурыз ұлттық киім күні - Руханият орталығында «Әсем қадам» атты қазақ халқының ұлттық, сәндік киімдерін көрсетуден аудандық фестивалі ұйымдастырылды. 19 наурыз жаңару күні - «Наурыз – жаңару» атты Жалағаш кентінде және барлық елді мекендерде көркейту-көгалдандыру жұмыстары, орталық стадионда аудан әкімі А.Ибраимов және зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен тал егу акциясы өткізілді. 20 наурыз ұлттық спорт күні - аудан әкімі А.Ибраимов және аудан ардагерлері мен қызметкерлерінің қатысуымен ұлттық киімдер шеруі ұйымдастырылды, Жалағаш кенті Әйтеке би көшесінен бастау алған ұлттық киімдер шеруі А.Ізтілеуова көшесіндегі спорт кешені ауласындағы ұлттық спорттық сайыстарды тамашалады. 21 наурыз ынтымақ күні - Жалағаш ауданына қарасты ауылдық округтерде «Береке басы – әз Наурыз» атты мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылды. 22 наурыз жыл басы күні - Жалағаш кентіндегі орталық стадионда қолөнер шеберлерінің көрмесі, ұлттық тағамдар көрмесі және наурыз көже қатары орналасып тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Іс-шара барысында киіз үйлер қатары бой көтеріп, ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті. Іс-шара аясында  "Нұр себеле, Әз Наурыз" атты театрландырылған қойылым, концерттік бағдарламасы, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелі шара, Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай аудандағы «Ер есімі – ел есінде» монументіне гүл шоғын қою рәсімі, 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында “Мәдениет-ұлттың мәйегі” мерекелік салтанатты концеті, 23 маусым күні мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.

 КІТАПХАНА ІСІ

    Жүйе бойынша 652  мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, оған 16259  оқырман қамтылған. Кітап қоры – 379 203, мемлекеттік тілде – 236 276.Оқырман саны – 9839, кітап берілімі – 181 998, келушілер саны – 79263.

    Аудан кітапханаларында кітап басылымдарын цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жалғасуда. Аудандық кітапхана қорындағы 917 дана жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары мен 2512 дана жергілікті мерзімді басылымның электрондық көшірмелерін санды форматқа көшіріп, бүгінгі күнге   820  оқырманның пайдалануына мүмкіндік берілді.

    Сондай-ақ, цифрлық кітапханаларға тегін қол жеткізуін қамтамасыз ету бағытында «Руханият» орталығында электронды залдың мүмкіндігі жоғары. Оқырмандар Қазақстандағы кітапханалардың жиынтық электрондық каталогына, "kazneb.kz" мобильді қосымшасында тиімді пайдалануда. Қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында аудандық кітапхана түнгі мезгілде жұмыс жасауда.

    Руханият орталығынан цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау, білім және мәдениет салалары арасындағы байланысты нығайту, жастардың инновациялық ойлау қабілетін дамытуға мақсатында IT кабинетінің ашылды. Бұл бастама аудан жастарының ақпараттық технологиялар саласындағы білімін жетілдіруге және жаңа мүмкіндіктерді игеруге жол ашпақ.
         ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР

    Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік тізімге енгізілген ескерткіш саны -62, (оның 1-республикалық маңызы бар, 55 –жергілікті маңызы бар, 6-алдын ала тізімге енгізілген). Олардың ішінде 54 ескерткіштің мемлекеттік жер құқығын табыстау актісі алынған. Техникалық паспорты бойынша 20 ескерткіш құжаттандырылған, 42 ескерткіштің техникалық паспортын әзірлеу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар шілде айында аяқталады деп күтілуде.

Облыстық тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның қортындысымен 2026 жылдың 1 ақпанына жаңадан 3 ескерткіш қосылды. Қазіргі таңда аталған 3 ескерткіш бойынша құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. (Аққыр елді мекеніне Байбақты мұнарасы, Ешмұхаммед молда мешіті, Қаракеткен елді мекенінде Шәмпі мұнарасы ескерткіші қосылған). Сондай-ақ «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында 25 ескерткішке көркейту-көгалдандыру, тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Дата публикации
14 июля 2026
Дата обновления
14 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы