Лого

Меню

Страницы

Статья

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2026 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

Жалағаш ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 234,6 шақырымды құрайды.

Оның 50 шақырым республикалық, 60,6 шақырым облыстық және 124,0 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 116,3 шақырымы немесе 94,0% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, 7,7 шақырымы немесе 6% қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Аудан бойынша ұзындығы 253,0 шақырымды құрайтын 230 көше бар. Оның 216,2 шақырымы немесе 85% қанағаттанарлық, 36.7 шақырымы немесе 15% қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Үстіміздегі жылы ауданның жол саласын дамытуға бюджеттен барлығы – 853,2 млн.теңге бөлінді. Бөлінген қаржы шегінде 3 елді мекеннің  8,7 км құрайтын 8 көшесі жөндеуден өткізілетін болады.

  1. 2025 жылы Жаңадария ауылындағы Қ.Сәтбаев, Жаңадария, Достық, Мектеп көшелерін күрделі жөндеу жұмыстарын бастау үшін 105,4 млн.теңге бөлініп, 2 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоба 2026 жылға өтпелі.

Ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарын аяқтау мақсатында облыстық бюджеттен 269,8 млн.теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға Жаңадария және Мектеп көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Мердігер мекеме «Жаңақорған Жібек жолы» ЖШС. Техникалық қадағалаушы «Строительный контроль» ЖШС. Авторлық қадағалаушы «Ремпроект» ЖШС.

  1. 2025 жылы Аққыр елді мекеніндегі Ы.Ақмырзаев, Ш.Есов, М.Ахметов, Аққыр, Н.Тәспенов көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын бастау үшін 180,5 млн.теңге бөлініп, 2 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоба 2026 жылға өтпелі.

Ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін облыстық бюджеттен 295,2 млн.теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға Ы.Ақмырзаев, Ш.Есов және М.Ахметов көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Мердігер мекеме «РиА Сервис ЛТД» ЖШС. Техникалық қадағалаушы «СК Капитал» ЖШС. Авторлық қадағалаушы «ТМ Проект Строй» ЖШС.

  1. Ақсу ауылының 3 көшесінің (Ақбөгет, М.Әуезов, Т.Қожағұлов) құрылысы жұмыстарына облыстық бюджеттен 288,2 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда аталған көшелерге құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «РиА Сервис ЛТД» ЖШС. Техникалық қадағалаушы «Жаңа Ғасыр-К» ЖШС. Авторлық қадағалаушы «Зере инжиниринг» ЖШС.

Газдандыру

«Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қаракеткен және Далдабай елді мекендеріне газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерінің құрылысы» жұмыс жобасы бойынша 2024 жылы жобаның құрылысын бастау үшін аудандық бюджеттен 100,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, мердігер мекеме «Сырэнергогазстрой» ЖШС жеңімпаз болып анықталды.

2025 жылдың қараша айында Қаракеткен және Далдабай елді мекендерін газдандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 1,0 млн.теңге қаржы қаралып, бөлінген қаржыға сәйкес, газдандыру құрылысының жұмыстары басталып, 48 метр газ желісі тартылды.

Ағымдағы жылы газдандыру жұмыстарын жалғастыру үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Бюджеттен қосымша қаржы бөлінген жағдайда газдандыру  жұмыстарының құрылысы жалғасатын табатын болады.

Көгілдір отынға қосылған елді мекендерде орналасқан әлеуметтік нысандардың жылыту қазандықтарын табиғи газ жүйесіне ауыстыру мақсатында «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Шәменов елді мекенінің мәдени орталығы ғимаратындағы қазандықты табиғи газға ауыстыра отырып реконструкциялау» жұмыс жобасына жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Жоба құны   35.4 2 млн теңге.  Мердігер мекеме «Gaz Neft Service» ЖШС женімпаз болып анықталды.

Қазіргі таңда құрылыс монтаждау жұмыстарына рұқсат алу құжаттары рәсімделуде.

Бюджет қаражатын тиімді және үнемді пайдалану мақсатында Мәдениет ауылдық округіндегі ауыл әкімі аппараты ғимараты мен Мәдениет ауылдық клубы ғимаратының жылу жүйесін сұйық отыннан қатты отынға ауыстыру үшін аудандық бюджеттен 2 146,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда жоғарыда аталған ғимараттарының жылу жүйесі қатты отынға ауыстыру жұмыстары толығымен аяқталды.

Дата публикации
14 июля 2026
Дата обновления
14 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы