
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 6 айының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
2026 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысымен «Е-өтініш» платформасы арқылы Жалағаш ауданының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 481 өтініштер (Жеке тұлғалардан - 352 өтініш, заңды тұлғалардан - 129 өтініш) тіркеліп орындауға қабылданған.
Оның ішінде:
140 өтініш - аудан әкімі аппаратына;
341 өтініш - Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын өзге де мекемелерге.
Қазіргі таңда аудан тұрғындары арасындағы көтеріліп отырған өзекті мәселелердің көрсеткіштері төмендегідей:
|
№ |
2026 жылдың 6 айы бойынша өтініште көтерілген салалары |
% көрсеткіш |
|
1. |
Жер және ауыл шаруашылығы мәселесі |
287 (60,0%) |
|
2. |
Әлеуметтік және жұмыспен қамту |
28 (5,8%) |
|
3. |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы |
47 (9,8%) |
|
4. |
Білім және денсаулық сақтау мәселесі |
- |
|
5. |
Ішкі саясат, ономастика |
8 (1,7%) |
|
6. |
Кәсіпкерлік |
7 (1,4%) |
|
7. |
Мәдениет және спорт |
12 (2,5 %) |
|
8. |
Тұрғын үй мәселесі |
7 (1,4 %) |
|
9 |
Мемлекеттік сатып алу |
25 (5,2%) |
|
10 |
Басқалары |
60 (12,2 %) |
|
Барлығы |
481 |
|
2026 жылдың 6 айында жергілікті атқарушы органдарға түскен барлық өтініштердің:
- 266 өтінішіне немесе 55,3% қолайлы әкімшілік актілер қабылданған;
- 42 өтініші немесе 8,7% қаралуы тоқтатылған;
- 139 өтінішіне немесе 28,9% заң талаптарына сәйкес түсіндірілген және ауыртпалық салатын әкімшілік актілер қабылданған;
- 32 өтініш немесе 6,7 % қаралу мерзімі бар өтініштер.
Азаматтарды жеке қабылдауға қатысты
2026 жылдың 6 айы бойынша жеке және заңды тұлғалардан аудан әкімінің жеке қабылдауына 14 жеке қабылдау өткізіліп, 64 азамат қабылданды.
Бүгінгі күні жеке қабылдауда 21 азамат кезекте тұр.
Қанағаттандырылды - 12
Заңға сәйкес түсіндірілді – 52
Талдау көрсеткендей, жеке қабылдауда азаматтармен негізінен жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жер мәселелері көтерілуде.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру-44, тұрғын үй және коммуналдық-шаруашылық-10, жер мәселесі-4, басқа мәселелер-6
Аудан әкімі аппаратының ғимаратында «Азаматтарды қабылдау орталығы» және өтініштерді шұғыл түрде жолдау үшін «Фронт-кеңсе» жұмыс жасауда.