
Мемлекеттік ақпараттық саясат
Жалағаш ауданы туралы БАҚ және интернет кеңістігінде 2026 жылдың II тоқсаны бойынша шыққан мақалалар саны – 304. Оның ішінде;
- республикалық, облыстық, аудандық газеттерге, интернет газеттерге шыққан мақалалар саны-114;
- республикалық, облыстық, аудандық сайттарға, әлеуметтік желілерге шыққан мақалалар, посттар саны -175;
- республикалық, облыстық телеарналарға шыққан материалдар саны-16.
Аудан жаңалықтары негізінен аудан әкімі аппаратының ресми сайтына, Facebook, Instagram, Youtube әлеуметтік желілеріндегі «Жалағаш ауданының әкімдігі» парақшасына, республикалық сайттарға, облыстық «Qyzylorda», «Қоғам тв» телеарнасына, республикалық «Егемен Қазақстан», «Халық», облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттеріне және басылым сайттарына, аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне және газет сайтына тұрақты жарияланады.
Жалағаш ауданы көлемінде жұмыс жасайтын БАҚ туралы ақпарат
Ауданның медиа кеңістігінде қазіргі таңда 1 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, атап айтқанда «Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты аудандық «Жалағаш жаршысы» газеті жұмыс жасауда.
Интернет желісінде 1 БАҚ-тың веб-нұсқасы бар («Жалағаш жаршысы» газеті).
2026 жылдың 6 қаңтарынан бастап «Жалағаш жаршысы» газетінің 2983 дана таралымы бар.
Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс
Жалағаш ауданы бойынша 2026 жылдың 1 шілдесіне әділет органдарында тіркелген 29 үкіметтік емес ұйым бар. Оның ішінде қоғамдық қорлар саны – 8, қоғамдық бірлестіктер саны – 16. Қоғамдық бірлестіктермен қоғамдық қорлардың филиалдары – 5.
Олардың ішінде белсенді жұмыс жасап тұрған үкіметтік емес ұйымдар саны – 19.
2026 жылдың II тоқсанында Жалағаш ауданы бойынша үкіметтік емес ұйымдармен барлығы 27 іс-шара өткізіліп, оларға барлығы 1800 аудан тұрғыны қатысты.
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл
Жалағаш ауданында діни ахуал тұрақты. Ауданда діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында аудандық ақпараттық түсіндірме тобы, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия және ҚМДБ қарасты аудан көлемінде 16 мешіт жұмыс атқаруда. Демеушілер арқылы барлық мешіттердің жағдайларын қалыпты ұстап отыру мүмкіндіктері қарастырылған.
Ауданда діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері тұрғындарға дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, діни экстремизмнің алдын алу, құқықтық және діни сауаттылықты арттыру шеңберінде жастар, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері арасында ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жыл басынан бері кешенді жоспардың орындалуы бойынша 43 шара өткізіліп, 1300-ге жуық аудан тұрғындары қамтылды.
Этносаралық қатынастар туралы
Жалағаш ауданында этносаралық ахуал және этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрақты әрі қалыпты деңгейде сақталуды. Этникалық белгілеріне сәйкес кикілжіңдер тіркелген жоқ.
Аудан халқының 99,3% - қазақ, 0,7% - этностық топтан құралған. Ауданы бойынша 99 этнос отбасы бар, барлығы – 252 адам.
2026 жылдың II тоқсаны бойынша «Жалағаш Достық мекені» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен 9 шара ұйымдастырылып, 85 этнос өкілі қамтылды.
Жастар саясаты
Жалағаш ауданындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауданда 14 пен 35 жас аралығында 10 816 (30,1%) жас тіркелген, оның ішінде 5885 - ер азаматтар, 4931 - әйел.
Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы құрылған. Штат саны – 7 (директор – 1, кеңесші – 6). Қазіргі таңда мекеме жаңадан ашылған «Руханият орталығы» ғимаратында орналасқан.
Жалағаш ауданындағы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 2026 жылға 27,7 млн.теңге қаржы бөлінді.
2025 жылдың 6 айы бойынша жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен 130 шара өткізіліп, оған 3500-ден аса жас қатыстырылды.