
Аудан бойынша 2026 жылдың 5 айында халық саны 35285 адам, тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі - ШОК) саны 2541 бірлікті құраса, халық санына шаққандағы үлесі 7,1 пайызды құрап, тіркелгендер өсімі 91 пайыз.
Оның ішінде, 2471 субъектісі немесе 91,5 пайызын нақты жұмыс жасап тұрғандар құрап отыр.
Аудан бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 4180 адам немесе 92,3 пайызды құрауда.
ШОК субъектілері саны жүйелі түрде төмендеуі байқалып отыр. Бұл, өз кезегінде, ауданда ШОК-те жұмыспен қамтылған адамдар санының қысқаруы мен өндірілген өнім көлемінің азаюына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Кент және ауылдық округтерде ШОК субъектірлерін жыл аяғына дейін 3200 ге жеткізу мақсатында аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес іс-шарасы дайындалып, кент және ауылдық округтерге тиісті бөлінісі берілді.
Макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары арқылы 2026 жылдың 5 айында 114,0 пайызға артып, 16 млрд. 167,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді.
Оның ішінде Өңдеу өнеркәсібі ақпан айында «Каспий петролиум» және «Nomad Solar» кәсіпорындарының өндірген өнімдері есебінен 3 млрд. 810,0 млн. теңгеге немесе 104,8 пайызды құрады.
Маусым айында «Каспий Петролиум» ЖШС 42,1 млн. теңге «Nomad Solar» ЖШС-і 398,4 млн. теңгеге 1-П статистикалық есептілігі тапсырылды.
Бөлшек сауда көлемі аудан көлемінде орналасқан жанар-жағар май, газ құю бекеттері, дәріханалар, компьютерлік жабдықтар сатумен айналысатын кәсіпорындар арқылы үстіміздегі жылдың мамыр айында 1 млрд. 363,7 млн. теңгеге есептілік тапсырылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,1 пайызға орындалды.
Маусым айында тиісті кәсіпорындар арқылы 222,0 млн. теңгеге статистикалық есептіліктер тапсырылды.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлеміне жылдық меже бекітіліп, ауданға 24 млрд. 800 млн. теңгеге инвестиция тарту тапсырмасы берілді.
Ағымдағы жылдың 5 айында Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі бюджет қаражаты және жеке секторлар арқылы 8 млрд. 544 млн. теңгеге немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,6 пайызға орындалды.
Оның ішінде жеке қаражат есебінен 8 млрд. теңгеге есептіліктер тапсырылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 128,6 пайызға орындалды.
Маусым айында бюджет және жеке қаржаттар есебінен 3 млрд. 50,2 млн теңгеге 1-Инвест статистикалық есептіліктері тапсырылды.
Үстіміздегі жылы ауданда мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту бойынша 56 жоба 1 млрд. 300,5 млн. теңгеге қаржыландырылды (2025 жылдың 12 айында 277 жоба 5,1 млрд теңгеге қаржыландырылған).
Оның ішінде Мемлекет басшысының ауылдық жерлердегі тұрғындардың табысын арттыру туралы тапсырмасына сәйкес елімізде жеңілдетілген 2,5 пайызбен «Ауыл Аманаты» бағдарламасы іске қосылып,бұл бағдарлама өңірімізде 2023 жылдан бастап жүзеге асырылуда.
Үстіміздегі жылы «Amanatnesie.kz» цифрлық платформасына аудан бойынша 517,1 млн. теңгені құрайтын 70 жобаның құжаттары енгізілген.
Анықтама ретінде:
Жалағаш кенті – 20 жоба 175,7 млн. теңге,
Жаңаталап а.о – 2 жоба 14,0 млн. теңге,
Мақпалкөл а.о – 5 жоба 34,7 млн. теңге,
Бұқарбай батыр а.о – 5 жоба 37,9 млн. теңге,
Аққұм а.о – 4 жоба 24,4 млн. теңге,
Мәдениет а.о – 9 жоба 71,0 млн. теңге,
Мырзабай Ахун а.о – 6 жоба 35,7 млн. теңге,
Аламесек а.о – 2 жоба 14,8 млн. теңге,
Еңбек а.о – 1 жоба 3,0 млн. теңге,
М.Шәменов а.о – 3 жоба 21,3 млн. теңге,
Аққыр а.о – 2 жоба 19,9 млн. теңге,
Таң а.о – 3 жоба 18,2 млн. теңге,
Ақсу а.о – 3 жоба 14,4 млн. теңге,
Қаракеткен а.о – 4 жоба 29,6 млн. теңге,
Жаңадария а.о – 1 жоба 2,3 млн теңге.
Оның ішінде, бүгінгі күнге 37 жоба 227,1 млн теңгеге қаржыландырылып 39 жұмыс орны құрылатын болады.
Салалар бойынша:
Өңдеу саласы – 3 жоба,
Мал шаруашылығы – 22 жоба,
Құс шаруашылығы – 1 жоба,
Балық шаруашылығы – 1 жоба,
Техника – 1 жоба,
Басқа да қызмет көрсету – 9 жоба;
226,7 млн теңгені құрайтын 33 жоба әр-түрлі себептермен мақұлданбады.
Мамыр айында өткен комиссия отырысының шешімімен 46,0 млн. теңгені құрайтын 7 жоба мақұлданды.
Анықтама ретінде:
Жалағаш кенті – 2 жоба 16,3 млн. теңге,
Мырзабай Ахун а.о – 1 жоба 4,0 млн. теңге,
Ақсу а.о – 1 жоба 4,2 млн. теңге,
Шәменов а.о. – 1 жоба 8,5 млн теңге,
Қаракеткен а.о. – 2 жоба 13,0 млн теңге.
Салалар бойынша:
Асыл тұқымды мал шар.ғы - 3 жоба, 17,6 млн.теңге.
Өңдеу саласы – 1 жоба, 4,2 млн.теңге.
Балық шаруашылығы – 1 жоба, 6,7 млн.теңге.
Қызмет көрсету саласы – 2 жоба, 17,5 млн.теңге.
Бұдан бөлек, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы қаржыландыруға аудан бойынша 61,5 млн. теңгені құрайтын 6 жобаның құжаттары ұсынылды.
Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі – инвестициялық ахуалды жақсарту арқылы отандық және шетелдік инвестиция тарту болып табылады.
2025 жылы ауданда жалпы құны 1 млрд. теңгені құрайтын барлығы 4 инвестициялық жоба іске асырылды. Жаңадан 19 жаңа жұмыс орны құрылды.
Олар:
Өңірлік пул аясында (150 000 АЕК дейін) :
Үстіміздегі жылы ауданда 18 млрд. 155 млн. теңгені құрайтын 6 жобаны іске асыру жоспарлануда. Жоба толықтай іске асырылған жағдайда жаңадан 72 жұмыс орны құрылады.
Атап айтқанда,
Өңірлік пул аясында (150 000 АЕК дейін) :
Бұдан бөлек Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа аясында (150 000 АЕК асатын жобалар) ауданда 2 жоба жүзеге асырылуы жоспарлануда.
Біріншісі: «Агрохимсервис-С» серіктестігінің жалпы құны 905 млн. теңгені құрайтын «қоймалар және шатыр» құрылысы жобасы. Оның ішінде 750 млн. теңгесі мемлекеттік қолдау шараларына ие болған. 5 жаңа жұмыс орны ашылады.
Бүгінгі күнге қоймалардың 90 пайыздан астам жұмыстары аяқталды. Қытай елінен құрал-жабдықтары келді. Жоба толықтай 2026 жылдың соңына қарай іске асырылады деп күтілуде.
Екіншісі: Шетелдік инвестор Швейцариялық «Харвест Агро Холдинг» компаниясының техникалық қарасора, жүгері және сояны өсіру және қайта өңдеу бойынша агро-индустриялық кластер құру жобасын іске асыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Жоба екі кезеңмен іске асыру жоспарлануда (І кезең 2025-2026 жж. ІІ кезең 2026-2027 жж).
Жобаның қуаттылығы жылына техникалық қарасора 42 мың тонна, жүгері дәні 70 мың тонна, соя 20 мың тонна.
Жоба аясында 60 мың тонна шикізат өңдейтін және май сығу зауыты іске қосылады және 150 адам жұмыспен қамтылу көзделген.
Қызылорда облысы әкімдігі мен «Харвест Агро Холдинг» компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы екі жақты Меморандумғо қол қойылды.
«Харвест Агро Холдинг» компаниясының Қазақстандағы өкілдігі «АА Агро Кызылорда» ЖШС-нің Жалағаш ауданы әкіміне жазған өтінішіне орай ҚР Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №11-1-4/590 бұйрығына сәйкес мемлекеттік меншіктен жер учаскесін алу үшін 2025 жылдың 4 желтоқсан күні Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының комиссиясына ұсынылып, оң қорытынды берілді.
Жоба Ұлттық цифрлық инвестициялық платформасына (150 000 АЕК асатын жобалар) енгізілді.
Аудан әкімдігінің 2025 жылдың 12 желтоқсанындағы №221 қаулысына сәйкес 14273 гектар жер телімі табысталды.
Жоба бойынша Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылдық округіне қарасты Қараөзек өзенінің бойынан су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, оның ішінде жаңбырлатып суару тәсілін қолданып, үш кезеңнен тұратын барлығы 32 000 гектар жердің бірінші кезеңінде, яғни биыл 8700 гектар жерін ашып, егін егу қалпына келтірілді. Тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Облыс әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 31 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету және баға тұрақтылығын сақтау мақсатында ауданымызда 11 ірі сауда үйлері мен сауда желілерімен меморандумға отырылды.
ӘМАТ бағаларынын тұрақтандыру мақсатында, 2025 жылдың қазан айының басынан «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның тұрақтандыру қорының қоймасынан 12 тонна пияз, 53,5 тонна картоп, 8 тонна сәбіз өнімдері алынып отыр. Аталған өнімдер аудандағы бірнеше кәсіпкерлерге таратылды.
Жалағаш ауданы бойынша тұрақтандыру қорының өнімдерін аудан халқына төмен бағада сатуды ұйымдастыратын кент орталығынан 3 оператор (Ш.Тұрмағанбетов ЖК Марлен, Жанасбаев Дамир ЖК «Ай-Ару», Бекишов Галымжан Ергалиевич «ИП Market Pro») және ауылдық округтерден 14 оператор болып белгіленді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша барлық ірі сауда орындары 31 түрлі азық-түлік өнімдерін жеткізіп беруші фирмалармен келісім-шарт жасасу арқылы және делдалсыз тасымалдап халыққа ұсынылып отыр.
«Серпін» шағын индустриялық аймағы туралы
«Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму» жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы аясында 2012 жылы Жалағаш кентінің батыс бетінен 22 гектар жер телімі белгіленіп, «Серпін» индустриялды аймағы құрылды.
2013 жылы инженерлік инфрақұрылым жүйелеріне жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлеу үшін жергілікті бюджеттен 5,8 млн теңге қаржы бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды. 2014 жылы инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жүргізу үшін республикалық бюджеттен 271,7 млн теңге және облыстық бюджеттен 30,0 млн теңге қаржы бөлініп, автожол, телефон, ауыз су және электр желілері толық жүргізілді.
Анықтама үшін:
- авто жол, ұзындығы – 4018м;
- телефон желісі, ұзындығы – 1035м;
- ауыз су жүйесі, ұзындығы – 2407м;
- ВЛ-10/04 кВ электр желісі, ұзындығы – 2501м;
- КТПН-10/0,4 кВт қуаттылығы 250 кВА –3дана.
2018 жылғы 12 желтоқсанындағы Жалағаш кенті әкімінің №209 шешімімен «Серпін»индустриялды аймағының атауы«Серпін» аграрлы-индустриалды аймағы болып өзгертілді.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі департаментінің Қызылорда облысының кейбір аудандарындағы республикалық маңызы бар индустриялық аймақтардың мәртебесін шағын индустриялық аймақтарға ауыстыру ұсынысына сәйкес Облыстық Өңірлік үйлестіру кеңес отырысының қорытындысы бойынша Жалағаш кенті әкімінің 2024 жылғы 8 тамыздағы №117 шешімімен«Серпін» аграрлы-индустриалды аймағы «Серпін» шағын индустриялық аймағы болып белгіленді.
Жоғарыда аталғандай «Серпін» шағын индустриялық аймағына 22,0 гектар жер телімі бөлінген. Оның ішінде: инженерлік инфрақұрылым жүйесіне – 5,0 гектар,ортақ пайдаланудағы жер көлемі – 2,6 гектар,кәсіпкерлерге табысталған жер көлемі – 12,8 гектар,бос тұрған жер көлемі 1,009 гектарды құрайды.
«Серпін» шағын индустриялық аймағының 6,5 гектар жерінде бүгінгі күнге жалпы құны 478,5 млн теңгені құрайтын 12 өндіріс орындары іске қосылып, 115 адам жұмыспен қамтылған.