
Жалпы статистикалық мәлімет;
Жалпы статистикалық мәлімет - Жалағаш ауданындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауданда 14 пен 35 жас аралығында 10 816 (30,1%) жас тіркелген, , оның ішінде 5885 - ер азаматтар, 4931 - әйел.
Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы құрылған. Штат саны – 7 (директор саны – 1, кеңесшілер саны – 6). Жалағаш ауданы бойынша жастар арасында қоғамдық саяси ахуал тұрақты. 1 кент және 14 ауылдық округтер бойынша жастар ісі жөнінде мамандар бар.
Жергілікті қаржыландыруы (орталықтың аппаратына, әлеуметтік жобаларға бөлініс) - Жалағаш ауданындағы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 2026 жылға 27 787,0 млн.теңге бөлінді.
NEET санатындағы жастармен атқарылған жұмыстар;
«Отбасылық цифрлық картасы» базасын өзектендіру, сондай-ақ NEET санатындағы және маргинал жастарды анықтау мақсатында жастар ресурстық орталығының қызметкерлері және волонтерлар адрестік жұмыстар жүргізуде.
Жұмыс барысында әрбір жаспен жеке байланыс орнатылып, олардың әлеуметтік жағдайы, білім деңгейі, жұмысқа орналасу мүмкіндігі жан-жақты зерделенуде. Мақсат – нақты көмекке мұқтаж жастарды анықтап, оларды мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау тетіктеріне бағыттау.
Сонымен қатар, кездесулер барысында жастарға арналған “Жастар практикасы”, “Алғашқы жұмыс орны”, “Дипломмен ауылға”, “Кәсіпкерлікке қолдау” секілді бағдарламалар таныстырылып, кеңес берілуде. Бұл жұмыстар жастардың қоғамнан шет қалмауына, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруына және еңбек нарығына бейімделуіне ықпал етеді.
Жастар ресурстық орталығы аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімімен бірлесіп, пробация есебіндегі және NEET санатындағы жастар арасында қол күрес сайысын ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына баулу, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және қоғамға бейімделуіне ықпал ету. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы марапатталып, бағалы сыйлықтармен ынталандырылды.
Жұмыспен қамту және кәсіпкерлік бағытындағы жұмыстар;
Жұмыспен қамту және кәсіпкерлік бағытындағы жұмыстар;
Жалағаш ауданы бойынша жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 4,2 пайыз. Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында 2026 жылдың 1 шілдесіне Мансап орталығына 1558 адам хабарласса, оның 494-ы немесе 31,7 пайызы жастар. Субсидияланған жұмыс орындарына және тұрақты жұмыс орнына 1040 адам жолданған болса, оның ішінде 297-і немесе 28,5 пайызы жастар. Атап айтқанда:
- жастар практикасы - 6;
- қоғамдық жұмыс – 340 адам, оның ішінде 40 жас;
- тұрақты жұмыс орнына – 539 адам, оның ішінде 201 жас;
- әлеуметтік жұмыс орнына- 4 адам, оның ішінде 1 жас;
- «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқуға-138 адам, оның ішінде 49 жас;
- «Күміс жас» жобасына- 13 адам;
Мемлекеттік атаулы көмек 14-35 жас аралығында 50 отбасығатағайындалған.
Денсаулық сақтау және құқықбұзушылық бағыты бойынша (ертежүктілік, суицид, пробация және т.б. шаралар);
Жалағаш ауданы жастарының қатысуымен суицидтің алдын алуға бағытталған бейнеролик әзірленіп, қоғам назарына ұсынылды. Бұл бейнеролик – өмірдің мәнін ұғындыру, қиын сәттерде қолдау көрсету және әр жанның өмірге қайта ғашық болуына жол ашу мақсатында дайындалды
Жастар ресурстық орталығы аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімімен бірлесіп, пробация есебіндегі және NEET санатындағы жастар арасында қол күрес сайысын ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына баулу, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және қоғамға бейімделуіне ықпал ету. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы марапатталып, бағалы сыйлықтармен ынталандырылды.
Экологиялық іс-шаралар
Мемлекет басшысының бастамасымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында ауданымызда аудан жастарының қатысуымен тазалық жұмыстары өз жалғасын тауып келеді.
Білім саласы бойынша (жалпы оқу орындар саны, 9-11 сынып оқушылар саны, студенттер саны және т.б.);
Жалағаш ауданы бойынша білім бөліміне қарасты 20 орта білім беру ұйымы бар. Аталған білім беру ұйымдарының 9–11-сыныптарын 1106 оқушы аяқтады.
Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінде қазіргі таңда 105 студент түрлі мамандықтар бойынша білім алып, оқу орын бітірді.
Жастардың мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы;
2026 жылдың 6 айында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ арқылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 2,5% жеңілдетілген несие (21-35 жасқа дейін) жастар кәсіпкерлігін бастау немесе дамыту бағытында 119,8 млн теңгені құрайтын 17 жоба жас кәсіпкерлердің құжаттарыжинақталып ұсынылды. Оның 76,0 млн теңгені құрайтын 9 жоба жас кәсіпкерлер қаржыландырылды.
Еріктілермен жұмыс жасау бағыты бойынша;
Аудандық жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған “Jalyndy jas” еріктілер клубы аудан тұрғындары арасында интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында кең көлемді түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мұнан бөлек, еріктілер тобының мүшелері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында тұрақты түрде ардагерлердің үйіне барып тазалық жұмыстарын жүргізіп, қажетті қол көмектерін көрсетуде.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауданымыздың белсенді еріктісі Аймұратқызы Құралай жоғары белсенділігі мен қоғамдық жұмыстарға қосқан үлесі үшін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.
Су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында өткізілген ақпараттық-түсіндіру іс-шарасына аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Jalyndy jas» еріктілер клубының мүшелері белсенді қатысты. Іс-шара барысында еріктілер тұрғындар арасында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық жадынамалар таратты.
Жас отбасылармен жұмыс жасау бағыты бойынша;
2026 жылы 2 тоқсандағы некеге тұрғандар саны-22
18-35 жас аралығындағы отбасы саны -17
2026 жылы орталық қызметкерлерімен тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында үкіметтік емес ұйымдар, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының қатысуымен барлығы 10 рет кездесулер ұйымдастырылды.
Жастар арасындағы ахуалы және өткізілген сауалнамалар (тақырыбы, респондент саны, қысқа талдау) туралы;
Жастардың әлеуметтік көңіл күйін, экологиялық мәдениетін және «Жасыл ел» бағдарламасына деген көзқарасын анықтау мақсатында онлайн сауалнама ұйымдастырылды. Сауалнама тақырыбы: «Жасыл ел» бағдарламасына жастардың көзқарасы және экологиялық бастамаларға қатысу белсенділігі. Респонденттер саны: 500 шақты адам. Қысқаша талдау: Сауалнамаға 500 шақты азамат қатысып, өз пікірлерімен бөлісті. Нәтижесінде жастардың басым бөлігінің «Жасыл ел» бағдарламасы туралы хабардар екендігі және оның экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен жастарды еңбекке баулудағы маңызын жоғары бағалайтыны анықталды. Сонымен қатар, қатысушылардың көпшілігі табиғатты қорғауға бағытталған іс-шараларға белсенді қатысуға дайын екендіктерін көрсетті. Сауалнама қорытындысы жастардың қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігінің артып, экологиялық бастамаларға қызығушылығы жоғары екенін айқындады.