Лого

Меню

Страницы

Статья

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 2026 жылдың ІІ тоқсанына атқарылған жұмыстары туралы

2026 жылға қаралған қаржы 778997,0 мың теңге (оның ішінде-Отбасын қолдау орталығына 225066,0 мың теңге), 2026 жылдың 1 шілдесіне игерілгені 463949,1  мың теңге.

Әлеуметтік көмек,  жәрдемақылармен қамту шаралары

2026 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға 84798,0  мың теңге қаралған.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі учаскелік комиссиялар саны-15. Оның ішінде, Жалағаш кенті бойынша 1 учаскелік комиссия және әр ауылдық округ бойынша 1 учаскелік комиссиялардан.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша:

2026  жылы атаулы әлеуметтік көмекке 63 отбасының 410 мүшесіне 27244,2 мың теңге тағайындалып, 63 отбасының 410 мүшесіне 22236,1 мың теңге төленді.  Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 61 отбасының 398 мүшесінің  128 баласына 3978,7 мың теңге тағайындалып, 60 отбасының 390 мүшесінің  124  баласына  3263,8  мың теңге төленді.    

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген 63 отбасы 410 мүшесінің 18 жасқа дейінгі балалар саны 271, мүгедектігі бар адам-1,  зейнеткер-3, студенттер саны-28. Еңбекке қабілетті мүшелер саны-107, жүгіну кезінде жұмысы барлар-59,  жұмыссыздар-11, бала күтімінде -37.

Тұрғын үй көмегін көрсетуге аудан бюджетінен 4925,0 мың теңге қаралған. Бүгінгі күнге 7 отбасының 14 мүшесіне 141,1мың теңге тағайындалып, төленді.

         Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сатысындағы азаматтарға  2026 жылға қаралған қаржысы 15569,0 мың теңге. Қосымша тамақтануға 31 адамға 5795,5 мың теңге тағайындалып,  30  адамға  4922,6  мың теңге төленді.

         «Отан Даңқ» ордендерімен наградталған, республикалық құрметті атағына ие болған  2 азаматқа  98,6  мың теңге  әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

         Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген 57 азаматқа облыстық бюджеттен  12326,3  мың теңге, тағайындалып, төленді.

         Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан 3 азаматқа 648,8 мың теңге тағайындалып, төленді.

          Кеңес армиясының мүгедек 2 азаматына 432,5  мың теңге төленді.

          Екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне 2 азаматшаға 432,5 мың теңге төленді.

         Ауған соғысына қатысқан 19 азаматқа аудандық бюджеттен 4108,8 мың теңге төленді.

         Семей ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен 29 азаматқа 6271,3 мың теңге төленді.

         Тәжік–Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған 15 азаматына 3243,8 мың теңге төленді.

         Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының 22 азаматына 4757,5 мың теңге тағайындалып, төленді.

         Сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен               Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына                      1 азаматқа 43,3 мың теңге  тағайындалып, төленді.

         

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету

және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар

 

Аудан бойынша мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2026 жылдың 1шілдесіне 1032 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны-258.

Мүгедектерді сауықтыру жеке оңалту бағдарламасы (ЖОБ) негізінде жүзеге асырылады. Барлығы 1428 жеке оңалту бағдарламасы бойынша өтініш түсіп, оның 1229-ы  немесе 86,1 %-ға  орындалды.

2026 жылдың 1шілдесіне 752 мүгедектігі бар адам міндетті гигиеналық құралдармен, 45-і кресло арбамен, 68-і санаторлы-курорттық жолдамамен, 79-ы тифлотехникалық құралдармен, 34-1 сурдотехникалық құралдармен, 145-і  протездік ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді.

Есту кемістігі бар 6 мүгедектігі бар адамға 1 ымдау тілінің маманы, жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектігі бар 100 адамға жеке көмекшілермен қызмет көрсетіліп келеді.

Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына 16 адам жіберілді, оның  ішінде 6-уы зейнеткер.

Қызылорда қаласындағы №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 1 зейнеткер адам орналастырылды.

2026 жылдың 1 маусым  99 мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 60 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілуде.

Аудан бойынша тірек қозғалыс аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға күндізгі стационар жағдайында 12 балаға дейін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

«Кажмахан» жергілікті қоғамдық бірлестігімен 6 наурыз 2026 жылы келісім шарт жасалған.

Жергілікті бюджеттен 2026 жылға 23270,9 мың теңге қаралған.        

«Кажмахан» жергілікті қоғамдық бірлестігінде стационар жағдайында 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың күндізгі болу бөлімшесінде  4 бала қызмет көрсетілді.

Жыл басынан бері «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеуге» 6 адамға қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындалды.

Жыл басынан бері «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін  иеліктен шығаруға  рұқсат беру»  бойынша  11 адамның өтініш қамтамасыз етілді.

 

Еңбек мигранттарына еңбек қызметімен айналысуға рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қызметі бойынша 2026 жылдың 1шілдесіне барлығы  11 өтініш түсіп, 9-не рұқсат берілсе,  1-не ұзарту, 1 –уі бас тартылған.

 

Пробация туралы

Жалағаш ауданы бойынша жаза өтеу орындарынан босатылған және аудандық пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың саны-37, оның ішінде 35 пробация қызметінде және 2 полиция бөлімінде есепке алынған.

Оның ішінде:

-шартты жазаға сотталғандар-6

-бас бостандығынан шектеу жазасына сотталғандар-23

-белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдануға тиім салынғандар-6

-мерзімінен бұрын шартты түрде босатылып келгендер-2

Олардың, 24-і Жалағаш кентінен, 13-і ауылдық округтерден.

Статустары бойынша:

-тұрақты жұмысқа орналасқандар-16

-ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгендер-2

-өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-4

-жұмыссыздар-2

-денсаулығына байланысты уақытша жұмысқа жарамсыз-1

-зейнеткерлер-2

-студент-1

-мүгедек-1

-белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдануға тиым салынғандар-6

-бала күтімінде-2

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтендіру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2026 жылға жергілікті бюджеттен 1 млн. теңге қаражат бөлініп,  “Жігер” Қызылорда облысы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі жеңімпаз болып танылды.

Ағымдағы жылдың 20 наурызында  “Жігер” Қызылорда облысы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандық “Руханият” орталығында  аудан  бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған әлеуметтік жоба аясында қайта қылмыс жасаудың алдын алу жөніндегі кеңес өткізілді.            

Іс-шараға аудандық прокуратураның прокуроры, адвокат және психологтар, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  Еңбек мобильділігі орталығының  мамандары қатысып, пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік  көмектер көрсетті.

20 мамыр күні «Наркескен» спорт клубында Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен «Жігер» Қызылорда облысы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған әлеуметтік жоба бойынша аудандық пробация қызметінің есебіндегі азаматтар арасында жеңіл атлетикадан жарыс өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты-пробация қызметінде есепте тұрғандар арасында бос уақыттарын тиімді пайдалану, қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Ұйымдастырушылар тарапынан турнир жеңімпаздары алғыс хаттармен қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Белсенділік танытып жарысқа қатысқандарғада қаржылай сыйлық  табысталды.

2026 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек беру мақсатында 10 адамға 15 айлық есептік  көрсеткіш  көлемінде 649,0 мың теңге қаражат жергілікті бюджеттен бөлініп, есепті кезеңге бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 4 адамның  құжаттары арнайы комиссияда қаралып, тиісті қаражат төленді.

Сонымен қатар, пробация қызметіндегі 6 адамға 76,0 мың теңге көлемінде азық-түліктей көмек көрсетілді.

Жыл басынан бері «Мансап» орталығына «жұмыс іздеуші» ретінде 16 адам тіркеліп,  11 адам тұрақты жұмысқа (о.і. 4 адам квота бойынша), 2 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 3 адам маусымдық жұмыстарға жолданды.

 

Дата публикации
13 июля 2026
Дата обновления
13 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы