Лого

Меню

Страницы

Статья

Аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің 2026 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

Жалағаш  ауданының  дене  тәрбиесі,  спорт  және  туризм бөліміне бағынысты «Наркескен спорт клубы», Б.Құлтекенов атындағы «Жабық бассейн», және «Балалар жасөспірімдер дене шынықтыру даярлығы» КММ жұмыс жасайды.

Жалағаш  ауданының  дене  тәрбиесі,  спорт  және  туризм бөлімінің жылдық көпшілік –күнтізбелік жоспарында   2026 жылға 1 республикалық, 6 облыстық, 80-нен аса аудандық жарыс өткізу жоспарланған.  ІІ  тоқсанда жалпы облыстық 5 жарыс, спорт  түрлері  бойынша  23 аудандық жарыс  өткізіліп, оған барлығы  2415 спортшы  қамтылды.

2026 жылғы 12-16 мамыр аралығында Ақтау қаласында  гір спортынан Азия чемпионаты өтті.

Өмірбек Әлтайыр жасөспірімдер арасында  63 кг салмақ дәрежесінде серпе көтеру жаттығуынан қос 24 кг гір тасын 106 мәрте көтеріп -2 орын иеленіп Азия чемпинатының  күміс жүлдегері атанды.

Аймағанбет Арайлым  жасөспірім қыздар арасында 63 кг салмақ дәрежесінде жұлқа көтеру жаттығуынан 16 кг гір тасын 119 мәрте көтеріп, жүлделі 1 орын иеленіп, нәтижесінде Азия чемпионы атанды.

2026 жылғы 24-30 сәуір аралығында тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өткізіліп, аудан командасы 2 қола, 1 күміс  медаль жеңіп алды.

2026 жылғы 01-08 мамыр аралығында Жалағаш ауданы, Орталық стадионда футболдан 2013 жылы туылған жасөспірімдерден аспайтын ауылдық спорт мектептерінің командалары арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді.

2026 жылғы 17-20 мамыр аралығында Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының VІІІ-ші Халық ойындарына арналған облыстық іріктеу жарысы өткізіліп, Жалағаш ауданы командасы жүлделі ІІІ-орын иеленді.

2026 жылғы 11-20 маусым аралығында Түркістан қаласында өткен Республикалық халық ойындарында жерлесіміз, «Балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлығы клубының» қазақ күресі бөлімінің жаттықтырушысы Берікұлы  Әділбек  қазақ  күресінен  жекелей  -1 орын иеленді.

«Наркескен спорт клубының» гір спорты бөлімінің жаттықтырушысы Сейтенов  Абдулхасан Жанатұлы 95 кг салмақ дәрежесінде жүлделі ІІІ орын иеленіп, қола медаль алды.

2026 жылғы 07-11 маусым аралығында Қызылорда қаласында «Жергілікті атқарушы органдар арасындағы дәстүрлі облыстық спартакиада» спорттың 10 түрінен  өткізіліп, ауданымыз  екінші  жыл  қатарынан  жүлделі  І-орын  иеленді.

2026 жылғы 12-14 маусым күндері  Қызылорда қаласында Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында өткен облыстық спартакиадада Жалағаш ауданы құрама командасы жалпы командалық есеп бойынша ІІІ орын иеленді. Қол күресінен 60 кг салмақ дәрежесіне (тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында) Орынбек Шаймағамбетов -1 орын, 60+ кг салмақ дәрежесінен (көру қабілеті төмен спортшылар арасында) Төлегенов Дәулет Амантайұлы -1 орын иеленді.

2026 жылғы  28-30 маусым күндері   Жалағаш ауданының  дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлығы клубында»  Қазақстан  Республикасының  Чемпионатына қатысу үшін облыс құрама командасын іріктеу мақсатында «Асық ату спортынан ересектер арасындағы командалық  Облыс  біріншілігі»  өткізіліп, Жалағаш ауданы (ерлер) – ІІІ орын, қыздар  командасы  жүлделі  І орын иеленді.

Дата публикации
13 июля 2026
Дата обновления
13 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы