Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық ауруханасының 2020 жылдың 9 ай көлемінде атқарылған жұмыстары туралы анықтама

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы аясында Жалағаш ауданының денсаулық сақтау саласында медициналық қызметті жетілдіру, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, аурудың алдын алу шаралары мен алғашқы медициналық көмекті жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.

Қазіргі таңда 33172 аудан халқына – аудандық орталық аурухана, аудандық емхана, 2 ауылдық аурухана, 12 дәрігерлік амбулатория,  2 фельдшерлік - акушерлік бекет, 3 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.

Қызмет көрсету территориясында статистикалық мәлімет бойынша 35074 халық болса, оның РПН бағдарламасына тіркелгені-33172, оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны 10745, жасөспірімдер - 1435, ересектер саны - 20992.

Кадр

Мекемеде жалпы штат бірліктері: 692.

Оның ішінде:

Дәрігерлер – 103,25.

Орта буын қызметкерлері – 322,25.

Кіші буын – 123,0.

Басқа қызметекерлер -53,25.

Жұмысшылар -90,25.

Мекемеде жалпы қызметкерлер саны: 891.

Оның ішінде:

Дәрігерлер – 93.

Орта буын қызметкерлері – 442.

Кіші буын – 169.

Басқа қызметкерлер мен жұмысшылар -187.

ҚР ДСМ 7 сәуір 2010 жылғы №238 бұйрығымен штат бірліктері сәйкестендірілуіне байланысты 2020 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларында жүргізілген бойынша 17,25 штат бірлігі қысқартылды.

Оның ішіне қысқартылғандар:

дәрігерлер – 2,25 штат бірлігі;

Орта буынды қызметкерлер – 6,75 штат бірлігі;

Кіші буынды қызметкерлер – 2,0 штат бірлігі;

Басқа қызметкерлер мен жұмысшылар– 6,25 штат бірлігі;

Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 93 жоғары білімді дәрігер жұмыс жасайды, 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігермен қамтылу деңгейі 27,9 пайыз.

Оның ішінде:47 дәрігердің біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 50,5 пайыз.

жоғарғы санат – 20 дәрігер.

І санат - 13дәрігер.

ІІ санат – 14 дәрігер.

Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 442 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасауда, орта буынды медицина қызметкерлерімен қамтылуы – 132,9 пайыз.

Орта буын медицина қызметкерлерінің 241 біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 54,3пайыз.

Жоғарғы санат – 141  

І санат – 72 ,

ІІ санат – 28  

Жыл басынан бері 4 дәрігер қайта даярлаудан өтсе, біліктіліктен 8 дәрігер, 38 орта буынды қызметкерлер өткен.

2020 жылдың 9 айында  11 жоғары білімді дәрігерлер жұмыспен қамтылды. Атап айтсақ:

2 хирург дәрігері.

5 жалпы тәжірибелі дәрігері.

1 терапевт дәрігері.

1 анестезиолог-реаниматолог дәрігері.

2 акушер-гинеколог дәрігері;

Бекітілген штат көлемінде дәрігер мамандарға қажеттілік туралы:

 

Мамандықтар атауы

Жұмыс орны

(ДА,СВА атауы)

Бірлік саны

Бос тұрақты вакансия

Жалпы тәжірибелі дәрігер

Мақпалкөл ДА

1,0

Бос вакансия тұрақты

Жалпы тәжірибелі дәрігер

Мырзабай Ахун ДА

1,0

Бос вакансия тұрақты

Жалпы тәжірибелі дәрігер

Аққыр ДА

1,0

Бос вакансия тұрақты

Анестезиолог-реаниматолог

Кент

1,0

Бос вакансия тұрақты

Барлығы

 

4,0

4

Негізгі статистикалық көрсеткіштер

Аудан бойынша барлық дәрігерлік қабылдау 2020 жылдың 9 айы бойынша – 94 653,  1 тұрғынға шаққанда көрсеткіш 2,8 (2019 жылдың                   9 айы – 141 100 – 4,2) құрады. Қабылдауға келгендер саны алдыңғы жылдың есептік кезеңімен  салыстырғанда төмендеп отыр. Оның ішінде ауруы бойынша келгендер саны 2020 жылдың 9 айында – 29 734 – 31,4%, (2019 жылдың 9 ай көлемінде – 52346-37%).  Алдын ала тексерілу- 64 919  болып 68,5%-ды құрады (2019 жылдың 9 ай көлемінде 88 754  – 62,9%) былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда бір деңгейде. Себебі, COVID -19 инфекциясының таралуына байланысты Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жарияланып, елімізде карантин енгізілуіне байланысты емханаға келіп дәрігерге қаралуға шектеу қойылып, науқастарға онлайн кеңес беріліп үй жағдайында тексерілді. Үйде қаралу 2020 жылдың 9 айы бойынша -20242.                       (2019 жылдың 9 айы – 9946), өткен жылмен салыстырғанда – 46,2 пайызға жоғарылады. Сонымен қатар жалпы тәжірибелі дәрігерлердің қабылдауы 2020 жылы 35 276 болып 37,3% құрады (2019 жылы – 67 146-47,5%).  Ал тар буынды мамандардың қабылдауы 59 377 болып 62,7%-ды құрап отыр. (2019 жылы 73 954 – 52,4%).

2020 жылдың 9 айында алғаш тіркелген аурушаңдық саны –10250 жағдай, 100 000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш-30899,5. (2019 жылдың 9 айында – алшақ тіркелген аурушаңдық 12285,                              100 000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш-36924,0 құраған). Өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырсақ алғаш тіркелген аурушаңдық көрсеткіші 16,6%-ға төмендеген. Атап айтқанда, 2020 жылы алғаш рет тіркелген аурулардың ішінде:

І орында тыныс алу жүйесінің аурулары 3669 жағдай тіркеліп былтырғы жылмен салыстырғанда 6,7%-ға өсіп отыр.

ІІ орында қан аурулары, (оның ішінде темір жетіспеушілік анемия) 961 жағдай тіркеліп былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға азайған.

ІІІ орында зәр шығару жүйесі аурулары бойынша 905 жағдай тіркеліп былтырғы жылмен салыстырғанда 16,1%-ға азайған.

ІV орында ас қорыту жүйесінің аурулары бойынша 733 жағдай тіркеліп былтырғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш 33,6%-ға төмендеп отыр.

Диспансерлеу. "Аурулардың созылмалы нысандарымен ауыратын науқастарды диспансерлеу хаттамаларын бекіту" туралы 2012 жылғы 26 желтоқсандағы №885 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.  Жалағаш ауданы бойынша «Д» есепте ЭРДБ бағдарламасы бойынша барлығы - 8441 адам тұрады, оның ішінде ересектер - 6624, 0-17 жас аралығындағы балалар саны – 1817.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандыралған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» 29 тамыздағы №666 бұйрығына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша тегін   дәрі-дәрмекпен қамту барысында 104 млн 482 мың 490 теңгеге 18886 рецепт жазылды. Қазіргі таңда бөлінген дәрі-дәрмектер 61,2% игерілді.

Демографиялық көрсеткіштер

2020 жылдың 9 айы бойынша  аудан бойынша 638 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 19,2 промильді құрады (2019 жылдың 9 ай көлемінде -549 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 15,6 промильді құраған). Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш – 3,6 промильге өскен. Сәби өлімі 2020 жылдың 9 айында 8 жағдай тіркеліп 12,5 промиль құрады, (2019 жылдың 9 айында 3 жағдай тіркеліп көрсеткіш- 5,4-ды құраған). 2020 жылдың 9 айында аудан бойынша 172 өлім жағдайы тіркелді, көрсеткіші – 4,9 құрап отыр.  (2019 жылдың 9 айында 139 жағдай – 4,0), өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш бір деңгейде. Табиғи өсім көрсеткіші 2020 жылдың 9 айы бойынша көрсеткіш 13,3 құрады. (2019ж.9 айы 11,7%).

№

Негізгі көрсеткіштер

2019 жыл 9 айы

2020 жыл 9 айы

 

1

Рождаемость (на 1000 чел. нас.)

549-15,6%

638-19,2%

2

Смертность (на 1000 чел. нас.)

139-54,2%

172-4,9%

3

Естественный прирост (на 1000 чел. нас.)

410-11,7%

466-13,3%

4

Младенческая смертность (на 1000 чел. нас.)

3-5,4%

8-12,5%

5

Материнская смертность   (на 100 тыс. живорож-ных)

0

0

Өлім - жітім себептері бойынша:     

 

 

2019 жыл 9 айы

2020 жыл  9 айы

1

Жалпы қайтыс болғандар саны

139-4,0

172-4,9

1.1.

Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар

50-35,9%

34-19,8%

1

Үйден қайтыс болғандар

106-76,2%

94-54,7%

 

Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар

33-31,1%

8-8,5%

2

Ауруханадан қайтыс болғандар

31-22,3%

44-25,6%

 

Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар

15-48,4%

16-36,4%

3

Өзгеде себептер

2-1,4%

34-19,8%

 

Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар

2-100

10-29,4%

Оның ішінде:

 

 

2019 жыл 9 айы

2020 жыл 9 айы

1

Жүрек қан тамыр аурулары

28-82,7

42-119,7

2

Қатерлі ісік аурулары

21-59,9

11-31,4

3

Жарақаттар

9-25,7

9-25,7

4

Тыныс алу жолдары

22-62,7

31-88,4

5

Жұқпалы аурулары

0

0

6

Туберкулез

0

0

7

Ас қорыту ағзалары

9-25,7

8-22,8

8

Несеп жолдары

2-5,7

8-22,8

9

Ішкі секреция жүйесі

4-11,4

6-17,1

10

Жүйке жүйесі аурулары

5-14,3

11-31,4

11

Кәрілік

10-28,5

20-57,0

12

Короновирусты инфекция

0

2-5,7

13

Тағы басқа

28-79,8

24-68,4

Өлім жітім көрсеткішін назология бойынша талдайтын болсақ:

1-ші орында: Жүрек - қантамыр ауруларынан қайтыс болғандар саны – 42 – 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 119,7, (2019 жыл 9 айы - 29– 82,7). Былтырғы жылмен салыстырғанда 30,9% өскен.

2- ші орында: тыныс алу жүйесінің ауруларынан қайтыс болғандар саны 2020  жылдың 9 айы бойынша 31– 88,4 (2019 жыл 9 айы – 22 – 62,7).

3- ші орында: Тағы басқа  аурулар бойынша қайтыс болғандар саны 2020 жылдың 9 айында – 24–68,4, (2019 жыл 9 айы – 28 – 79,8). Есептік кезеңмен салыстырсақ көрсеткіш 14,2% төмендеген.

Туберкулезге қарсы атқарылған жұмыстары

ҚР.ДСМ  25.12.2017жылғы №994 "Туберкулез бойынша медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы"бұйрығын басшылыққа алып,аудан бойынша туберкулездің алдын алу, ерте анықтау, емдеу жұмыстары  жүргізілуде.

2020жылдың 9 айлық көрсеткіш бойынша ауданда салыстырмалы түрде аурушаңдық, сырқаттылық деңгейі  төмендеп келеді. Молекулярлы-генетикалық деңгейде тексеру құрылғылары келгелі туберкулездің мультитұрақты түрімен ауыратын науқастар үлесі жоғарылап отыр.  (Gene-Xpert. Biоneer.Xain-Test)  Туберкулездің «созылмалы» түрімен ДЕ-е тұратын   науқастар жоқ. Барлығына  соңғы шыққан 5-ші қатарлы препараттармен ем қосылды, және ем нәтижелі болды. Қәзір науқастар ППР,ПВР,ИРЛ,КРЛ режимде ем қабылдауда. Науқастардың емге ынтасын арттыру мақсатында және  ем курсын толық қабылдап аяқтауға мүмкіндіктер жасалуда. Биылғы жылдан бастап ВНЛ бойынша ем жүргізілуде.  Туберкулезбен ауыратын науқастарды әлеуметтік қолдау мақсатында,жыл басынан бері 56 науқасқа әлеуметтік көмек берілді.   

2020 жылдың   9  айында игерілген әлеуметтік көмек

Аудан

Ай сайын берілетін әлеуметтік көмек

Көмек алған науқастар саны

Әлеуметтік көмектің мөлшері

Қаралған  қаржы сомасы

(мың теңге)

Жұмсалынған қаржы сомасы

(мың теңге)

Орындалу пайызы (%)

Жалағаш

56

27780

 

     6893,0 

  815253

  100,0

Ауданда науқастарды әлеуметтік қолдау мақсатында 2020 жылдың   9 айында амбулаторлы ем  қабылдап жүрген емнің сүйемелдеу кезеңіндегі 56  науқасқа ай сайын   теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілді.   Жыл басында қаралған қаржы көлемі 6893,0 тг. Жұмсалғаны  815253  тг. Орындалу пайызы   100 (%)    

Аудан бойынша 2019-2020 жж туберкулезбен аурушаңдылық   9 ай

Облыс атаулары

2019 жыл 9  ай

2020 жыл 9 ай

абс. саны

100000 адамға  шаққанда

абс. саны

100000 адамға  шаққанда

Облыс

 

 

 

 

Жалағаш

19

53,4

16

45,5

Туберкулездің негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштерінің бірі аурушаңдық көрсеткіші тұрақты деңгейде . 2019 жылдың 9 айлық көрсеткіші бойынша 19  (53,4%) науқас тіркелсе, 2020жылдың 9  айында  туберкулездің  жаңа жағдайымен 16  (45,5%) науқас есепке алынды.

2020 жылдың 9 айында  16  жаңа жағдаймен  тіркелген  науқастың ішінде  2 науқас өкпе  деструкциясымен , 5 науқас  МБТ+ алынды. Барлық  есепке алынған 16 науқастың қарым-қатынастағылары  толықтай тексерілуден  өткізілді.

Туберкулез науқастарының анықталу әдісі  2020ж 9  ай

Профтексеруде  анықталған  науқас

11 –  68 ,7%.

Шағыммен  анықталған  науқас

5- 31,2%.)

ФГ әдіспен

Манту сынамасы

шағыммен

Клиникалық гистологиялық

8

3

3

2

Профилактикалық тексерілу арқылы анықталғаны- 11     (68,7%.)

Шағым арқылы анықталғаны-                                   3    (18,7%.);

Клиникалық,гистологиялық-                                     2    (12,5%)

Бакскопиялық жолмен анықталғаны-                        1   (6,2 %);

Отбасылық қарым-қатынаста болғаны-                     4   (25 %.),

Қауіпті топтан анықталған –                                      7   (43,7%.)

Міндетті топтан ауырған жоқ.

КДТ  туберкулез бойынша аурушаңдылық 2019-2020 жылдар

Мультирезистентті туберкулезбен аурушаңдылық көрсеткіші  жоғарылады.

2019 жылдың 9  айында туберкулездің мультитұрақты түрімен жаңа жағдаймен  5   науқас тіркелсе, 2020 жылдың  9  айында 7   науқас тіркеліп отыр. 1 науқас «бактерия бөлетін» түрімен тіркелді. Қазіргі таңда тіркелген науқастардың 7-еуіде  ІІ қатарлы дәрілермен стандартты режимде,  КРЛ,ИРЛ  боынша емделуде.

Қайталанған жағдай. 9  ай 2020ж

Аудандар атауы

2019 жыл 9 ай

 

2020 жыл 9 ай

 

абс.саны

100000 адамға есептегенде

абс.саны

100000 адамға есептегенде

Жалағаш

14

39,3   %

          9

   25,6 %

Аудан бойынша туберкулезден өлім-жітім. 9  ай 2020ж.

Атаулары

2019 жыл 9 ай

2020 жыл 9 ай

 

абс. саны

100000 тұрғынға шаққанда

абс. саны

100000 тұрғынға шаққанда

 

 

Жалағаш

-

-

      1

2,8

 
           

 

Аудан бойынша биыл туберкулезден  қайтыс болған  1 науқас .

Деструкция үлесі. 9 ай    2019-2020ж.

Қала, аудан

Тыныс алу органы туберкулезі

Одан деструкция табылғаны

Деструкция пайызы %

2019

2020

2019

2020

2019

2020

Жалағаш

     16

      13

     6

     2

   37,5

  15,3

Туберкулезбен сырқаттылық  көрсеткіші

Аудан,қала аттары

Халық саны

«Д» есепке тұрған науқастар саны

Сырқаттылық

2019

2020

2019

2020

2019

2020

Жалағаш

35573

35135

   47

37

132,1

105,3

Аудан бойынша сырқаттылық көрсеткіші   2019жыл  9 ай- 132,1 %.

                                                                                          2020жыл  9 ай-105,3%.                 

Туберкулездің алдын алу, емдеу жұмыстары ЖЕМ дәрігерлерімен бірлесіп жүргізілуде.

Скрининг бағдарламасы бойынша

ҚРДСМ-ң Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп қарауды жүргізу ережесін бекіткен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 03.10.2019 жылғы 133 бұйрығына сәйкес алдын ала (скрининг) тексеру жұмыстары жүргізілді. 

Қанайналым жүйесі ауруларын ерте анықтау – 2020 ж. жоспарланғаны-2894; орындалғаны-2408-83,2%. Анықталғаны-1020-0,8% «Д» есепке алынғаны -20-100% (2019 ж. жоспары-2934, орындалғаны-2891-98,53%, анықталғаны-188-6,5%; «Д» есепке алынғаны -188-100,0%). Елдегі төтенше жағдайға байланысты сәуір,мамыр,шілде айларында карантин болуына байланысты көрсеткіштер былтырғы жылмен салыстырғанда төмен.

Қант диабеті ауруларын ерте анықтау-2020 ж.  жоспарланғаны-2894 орындалғаны-2408-83,2%. Анықталғаны-10-0,4%. «Д»есепке алынғаны-10-100%. (2019ж жоспарланғаны-2934; орындалғаны-2903-98,94%. Анықталғаны-22-0,75%; «Д»есепке алынғаны-22-100%.

Глаукома ауруын ерте анықтау-2020 ж.  жоспарланғаны-2894; орындалғаны-2408-83,2%. Анықталғаны-2-0,1% «Д» есепке алынғаны-2-100%. (2019 ж  жоспары-2934, орындалғаны-3016-102,7%,анықталғаны-8-0,26%; «Д» есепке алынғаны -8-100%).

Сүт безі қатерлі ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2020 ж. жоспарланғаны-1845, орындағаны-1387-75,1%, анықталғаны-100-7,2%. «Д» есепке алынғаны-60-60%қалған әйелдер тексерілу үстінде; (2019 ж жоспары-1560, орындалғаны-1306-83,72%, анықталған ісік алды ауруы-113-8,65%; Рак-3; «Д» есепке алынғаны-113-100%).

Жатыр мойны қатерлі ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2020 ж. жоспарланғаны-1440; орындалғаны-998-69,3%, анықталған ісік алды ауруы-85-8,5%. Рак-0 «Д»есепке алынғаны-47-55,2% қалған әйелдер тексерілу үстінде .(2019 ж.  жоспарланғаны-1636; орындалғаны-1222-74,69%, анықталған ісік алды ауруы- 49-4,0% Рак-1  «Д» есепке алынғаны -49-100%).Берілген қорытындыдан 192 патология анықталып, тексеру барысында ісік алды ауруы – 46 анықталып, 3-қатерлі ісік диспансерлік есепке алынды.Қалған  патология анықталған әйелдер әлі де қосымша тексеруден өтуде.

Тік және тоқ ішек ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2020 ж. жоспарланғаны-2298; орындалғаны-1500-65,2%, анықталған ісік алды ауруы-21-1,4%;«Д» есепке алынғаны-2-9,5%.                                                                                                                                9ай көлемінде 21 ОҢ нәтиже анықталып Облыстық онкология орталығына 10 науқас колоноскопиялық зерттеуден өтті, қалған 11 науқас қазан айына жоспарда тұр. (2019 ж жоспары-1732, орындалғаны-1626-93,88%, анықталған ісік алды ауруы-0 ; «Д» есепке алынғаны-0).

Суицид.

Суицидтің алдын-алу жол картасы бағдарламасы аясында тәуекел тобы жасақталып тексерулерден өткізілуде. Осы маңызды бағыт бойынша Жалағаш  аудандық  ауруханасында  4  психолог, 11 әлеуметтік қызметкер  қызмет  атқарады. Тауекел топтағы пациенттерге психолог кеңесі беріліп, психокоррекциялық жұмыстар (кеңес беру, түсіндірме жұмыстары, өзіндік бағалауын көтеру, өмірге деген құштарлығын арттыру) жүргізілуде. Күйзелістің алдын-алу тақырыбында халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстары күшейтілуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 02.02.2015 жылғы №84 бұйрығына сәйкес психолог мамандар  суицидтің  алдын - алуға жалпы 9-айда  халық арасындағы барлығы 3 акция өткізіліп, 196 тұрғын қамтылған, сонымен қатар 12 семинар ұйымдастырылып 494 тұрғын қамтылған, 3 тренинг өткізіліп 133 тұрғын қамтылған.

2020 жылдың 9 айында  өзіне-өзі қол жұмсау әрекетімен барлығы - 36жағдай тіркелсе,  аяқталған 2 жағдай, аяқталмағаны – 4. Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салу 1 жағдайы тіркелген.                                                                                                                           

«Жарақаттану кезіндегі медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізуге арналған Жол картасы» бойынша тиісті шаралар

Аудандық аурухананың хирургия бөлімінде 5 травматалогиялық төсек  жұмыс жасауда. Жарақаттану кезінде жедел көмек көрсету мақсатында 3 дәрігер, 2 орта буын медицина қызметкерлері  оқытылды. 2020 жылдың 9-айы бойынша барлық жарақат - 469, оның ішінде  жарақатпен ауруханаға жатқызылғаны – 146, облыстық медицина орталығына ауыстырылғаны – 14. Жол-көлік оқиғасы – 19 жағдай, барлық жол көлік апатынан зардап шеккендер  саны -47. Жол көлік оқиғасымен ауруханаға жатқызлғаны - 38. Жол-көлік апатынан, қосарланған ауыр жарақатпен ауруханада қайтыс болғандар саны– 4 жағдай.

Емдеуге жатқызу бюросы бойынша

2020 жылдың  9 айлық  бойынша ауруханаға емханадан жоспарлы түрде портал арқылы 1893 науқас жатқызылған. (2019 жылдың 9 айында 1539).  Сонымен қатар шеттетілген науқастар саны -2020 9 айында -110.  (2019 жылдың 9 есептіік кезеңінде 18 шеттетілген науқас тіркелген). Шеттетілген науқастардың себебі бойынша 31 жағдай жазбаша түрде бас тартқан,  шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны –70, емдеуге жатқызу процедураларына байланысты емес жағдай –5, ауруханаға жатқызуға қарсы көрсетілімі болғаны үшін жағдай 1, госпитализация рәсіміне байланыссыз жағдай -1 жағдай, ауруханаға жатқызылуға келмеуі – 1 жағдай ,  науқастың  деректерін қате енгізу -1  орын алған.

(2019 жылдың 9 айында  шеттетілген 18  науқастардың себебі бойынша  2 -еуі ауруханаға жатқызуға қарсы көрсетілімі болғаны үшін,  10-ы отбасылық жағдайына байланысты жазбаша түрде бас тарту, шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны –4, ауруханаға келмеуі – 2 жағдай орын алған).

Ауруханада көрсетілген көмек

Қазіргі таңда аудандық аурухана бойынша 130 төсек орын жұмыс жасайды. Оның ішінде 110 төсек-орын кент орталығында,

-15 төсек жұқпалы аурулар бөлімшесінде,

-15 төсек-орын  терапия бөлімшесінде,

-15 төсек-орын хирургия бөлімшесінде,

-25 төсек-орын перзентхана мен гинекология бөлімшесінде,

-10 төсек-орын Реабилитация бөлімшесі

-20 төсек-орын балалар бөлімшесінде

-10 төсек –орын мейірбикелік күтім

-20 төсек-орын ауылдық ауруханалар. (Аққұм  және Мәдениет ауылдары.)

Тұрғындардың төсек-орынмен қамтамасыз етілу пайызы  2020 жылдың 9 айында 64,6%-ды құрады( 2019 жылдың 9 айы 88,7% құрады).

Атап өтетін болсақ, төсек орын жұмысы 2020 жылдың 9 айында  154,7, (2019 жылы 186 құрады.) Төсек-орын айналымы  былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеген. 2020 жылдың 9 айында  22,2  болса, (2019 жылдың 9 айында 26,4 болып отыр).

Төсекте орташа болу көрсеткішіне келер болсақ, 2020 жылдың 9 айында  7,0 күннен болса, (2019 жылы 7,0 күнді құрап отыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда бір деңгейде.

Науқастардың ауруханаға жатқызылуы жөнінде айтатын болсақ, 2020 жылдың 9 айында жедел жатқызылған науқастар -2140-62,2% болса, (2019 жылы 2524-73,4 пайызды құрап), былтырғы жылмен салыстрғанда 15,2 пайызға төмендеген. Жоспарлы жатқызылған науқастар 2020 жылдың 9 айында  1297 – 37,7 %, (2019 жылы 914, яғни 26,5 пайызды көрсетіп тұр), яғни былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 29,5% жоғарылаған. Жалпы алғанда, аудандық ауруханадан 2020 жылдың 9 айында  3437 науқас ем алса, (2019 жылы 3438  науқас ем алып отыр).

Ауруханадағы өлім-жітім 2020 жылы 27 жағдай тіркеліп 0,5 пайызды құрады, (2019 жылы 22 жағдай болып 0,6 пайызды құраған).

Пациенттерді қолдау қызметі бойынша2020 жылдың 9 айлығы

Ішкі аудит бөліміне 2020 жылдың 9 ай көлемінде тіркелген арыз-шағымдар мен жүгінулердің жалпы саны- 4, (2019ж. 9 айы-13), оның ішінде-3 жазбаша (2019ж. 9 айы-10), ауызша-1 (2019ж.9 айы-3). Негізді деп танылған арыз тіркелмеген (2019ж-0), ішінара негізді-1 (2019 жылдың 9 айы-3).

CALL  орталыққа 2020 жылдың 9 айында 11 жүгіну (ауызша-11), (2019ж9 ай– 16), «Сенім телефонына» түскен жүгінулер – 23, (2019ж. – 17), сенім жәшігіне түскен шағым – 0, алғыс айту - 1, (2019 ж – 0 шағым, алғыс айту-0). Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне  2020 ж – 0 (2019 ж –1), ДСМ – 1өтініш, ОДСБ – 2 (1арыз, 1 өтініш).  Президент әкімшілігіне - 0, аудан әкіміне - 0 (2019 ж –1), облыс әкіміне - 0, Нұр Отан – 0 (2019 ж –1) тіркелген. Жүгінулердің құрылымы бойынша: медициналық көмектің сапасына 2020 жылдың ІІІ тоқсанында – 8 шағым (2019 ж –6)тіркелген.  Барлық өтініш өз мерзімінде орындалып, шешімін тапты.

Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер

Ана мен бала және ұрпақты болу жасындағы әйелдердің денсаулығын қорғау жұмысын жандандыру; Ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында енгізілген «Эффективті перинаталды  технологиясы» және БШАЫЕ бағдарламалары әрі қарай жалғастыру; Пилоттық патронаждық қызметтің жұмысын жандандыру; Сәби өлімін болдырмау және алдын алуға бағытталған қысқамерзімді  жоспармен жұмыс жасау;

Емдеу-диагностикалық жұмыстарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында аудан бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру және мастер-класс тәжірибесін тиімді пайдалану;

Емдеу және алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған Меморандумға байланысты негізгі көрсеткіштер индикаторларын жоғары нәтижелерге жеткізу;

Аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, аурудың алдын алу шараларын жүргізу, ол үшін сала аралық қызметтерді жандандыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау жұмыстарын жалғастыру;

Цифрлы Қазақстан бағытында мекеме жұмысын толығымен біріктірілген ақпараттандыру жүйесіне енгізу арқылы қағазсыз мекеме принципімен жұмыс жасауды жандандыру;

МӘМС  жүйесі бойынша халықты ақпараттандыру жұмыстарын жандандыру;

Дата публикации
20 октября 2020
Дата обновления
20 октября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы