Лого

Меню

Страницы

Статья

Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің 2026 жылы I тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

Жалағаш ауданы бойынша 2026 жылы 42178 гектарға ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда. Оның ішінде күріш дақылы 16800 га, бидай 576 га, мақсары 595 га, арпа 50 га, сұлы 5 га, соя 152 га, дәндік жүгері 7544 га, қант құмайы 371 га, жаңа жоңышқа 4850 га, ескі жоңышқа 8150 га, картоп 250 га, көкөніс 1115 га, бақша 1300 га.

Көктемгі егін орналастыру жұмыстарына қажетті күріш, бидай, мақсары, арпа, сұлы, соя, қант құмайы, жоңышқа тұқымдары бүгінгі күнге 95 пайыз дайын.

Сондай ақ, егінді күтіп баптауға қажетті 11400 тн минералдық тыңайтқыштың бүгінгі күнге 6448 тн (56,6%), 21000 литр гербицидтің 1050 литрі  (5,0%) дайын.

Егін орналастыру жұмыстарына қатысатын 1155 дана ауылшаруашылығы техникалары бүгінгі күнге толық дайын.

Шаруашылық құрылымдары тарапынан егін орналастыру жұмыстарына қажетті 11 млрд. 393,3 млн теңге қаржының бүгінгі күнге 4 млрд. 212 млн теңгесі (37,0%) дайындалды.

Шаруашылықаралық каналдардан 18,3 мың м3 тазарту жоспарланып, қазіргі таңда 10,2 мың м3 (55,7%) тазартылды, ішкі шаруашылық каналдардан 165,3 мың мз тазарту жоспарланып, 83 мың м3 (50,2%) тазартылды. Шаруашылық каналдардан жөндеу жоспарланған 4 дана гидропосттар толық жөнделді, ішкі шаруашылық каналдардан 75 дана гидропост жөндеу жоспарланып, 35 дана (46,7%) жөнделді. 35 дана насос қондырғыларын жөндеу жоспарланып, 27 данасы (77,1%) жөнделді. 12 дана гидробекеттерді жөндеу жоспарланып, 1 данасы (8,0%) жөнделді,  8355 га ылғалдап суару жоспарлануда. Жоспарланған 15450 га шабындық жерлерді суарудың, қазіргі таңда 5805 га (37,6%) суарылды. 

Көктемгі егін орналастыру жұмыстарына «ГосАгро» сайты арқылы 61 құрылымнан 1941,7 тн жеңілдетілген дизель жанармайына өтінім берілді. Қазіргі таңда аудандағы 10 шаруашылық 132 тн (6,8%) жеңілдетілген дизель жанармайын алып, жұмыс жасауда.

2026 жылы 15000 гектарға лазерлік жер тегістеу жұмыстары жүргізілді. Тәжірибе көрсеткендей инженерлік жүйедегі жерлерді лазерлік тегістеу күріш дақылы егісінде суды үнемдеуде оң нәтижесін көрсетті. 

Сонымен қатар, шаруашылық құрылымдары тарапынан 25 га жерге («Құрманбай Ата» ШҚ 10 га, «Бірлік-1» ШҚ 10 га, (Манақ баба» ШҚ 4 га, «Сәдуақас» ӨК 1 га) тамшылатып суару әдісімен картоп, көкөніс, бақша дақылдары орналастырылатын болады.

«АА Агро Қызылорда» ЖШС Қаракеткен ауылдық округінен жер ашып, биылғы жылы 7000 га жерге жаңбырлатып суару әдісімен жүгері дақылын орналастыруды жоспарлауда.

Қазіргі таңда ақ егіс орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге 930 га жаңа жоңышқа, 157 га мақсары, 40 га бидай дақылдары орналастырылды.

Мал шаруашылығы туралы

 Аудан көлемінде 2026 жылдың 1 наурызына барлығы 33728 бас мүйізді ірі қара, 25203 бас уақ мал, 34124 жылқы, 748 бас түйе, 100 бас шошқа, 9904 бас құс өсірілуде.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 106,3 %, жылқы 110,6%, түйе 103,7 %, уақ мал 102,25% , құс 103,7 % орындалды.

Барлығы 585 тн (тірілей салмақта) ет,  596,8 тн сүт, 77,2 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 101,2 пайызға, сүт 102,2 пайызға, жұмыртқа 100,3 пайызға орындалды.

Аудан бойынша 3 шаруашылық асыл тұқымды мүйізді ірі қара (Бақдаулет-57 ШҚ, Адал ЖК, Еркебұлан ЖК), 1 шаруашылық асыл тұқымды қой малын өсірумен (Атамекен ШҚ) айналысуда.

Алдағы уақытта сүт тауарлы фермасын ашу мақсатында «Адал» ЖК 2022 жылы 30 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы Симментал сиырының қашарларын өз қаражатымен сатып алып жұмыс жасауда 2027 жылы шаруашылық жанынан сүт өңдеу цехын ашуды жоспарлап отыр.

«Бақдаулет-57» ФҚ Чехия мемлекетінен 95 бас асыл тұқымды «Симменталь» сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының аналығын сатып алып жұмыс жасауда, бүгінгі күнге сатып алынған малдың 72 пайызы төлдеп тәулігіне 700  литр сүт өндіруде.

Азық – түлік туралы 

Облыс әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 31 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Атап айтқанда: ұн, нан, рожки, қарақұмық жармасы, ақ күріш, картоп, сәбіз, жуа, қырықабат, қызынақ, қияр, алма, қант, өсімдік майы, сүйегі бар сиыр еті, сүйексіз сиыр еті, тартылған ет, қой еті сүйексіз, жылқы еті сүйексіз, балық, тауық еті, тауық ұшасы, сүт майлылығы 2,2-6%, айран майлылығы 2-3%, қаймақ, сүзбе майлылығы 5-9%, ірімшік майлылығы 40-50%, сарымай, тауық жұмыртқасы, қара шай, ас тұзы.

2026 жылдың 16 наурыз бен 26 наурыз (1 апта) аралығындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің салыстырмалы бағалары бойынша 31 түрлі азық-түлік өнімдерінің ішінде 4 өнімнің бағасы арзандаған.

Ақ күріш-1 % (5 теңгеге), жуа-7 % (10 теңгеге), қырыққабат-10 % (25 теңгеге),   қияр-14 % (150 теңгеге).

2 өнімнің бағасы қымбаттаған.

Сәбіз-12 % (35 теңгеге), тауық жұмыртқасы-15 % (9 теңгеге).

25 өнімнің бағасы тұрақты

Ұн, нан, рожки, қарақұмық жармасы, картоп, қызанақ, алма, қант, өсімдік майы, сүйегі бар сиыр еті, сүйексіз сиыр еті, тартылған ет, қой еті сүйексіз, жылқы еті сүйексіз, балық, тауық еті, тауық ұшасы, сүт майлылығы 2,2-6%, айран 2-3 %, қаймақ, сүзбе майлылығы 5-9%, ірімшік майлылығы 40-50%, сары май, қара шай, тұз.

26 ақпан мен 26 наурыз (1 ай) аралығындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің салыстырмалы бағасы бойынша 31 түрлі азық-түлік өнімдерінің ішінде

6 өнімнің бағасы қымбаттаған.

5 өнімнің бағасы арзандаған.

20 өнімнің бағасы тұрақты.

Бүгінгі күнге Жалағаш ауданы бойынша ірі және шағын сауда орындарында өндірілетін және сырттан келетін 509,7 тн азық-түлік өнімдерінің қоры бар.

 Анықтама үшін:

Ұн-105 тн, күріш-100 тн, қант-30 тн, макарон-100 тн, күнбағыс майы-36 тн, тұз-34 тн, жуа-26 тн, картоп-28 тн, сәбіз-10 тн.

Ауданда азық-түлік өнімдерінің бағаларына тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді. Мониторинг нәтижесімен азық-түлік өнімдерін жоғары бағада сатқан кәсіпкерлер тиісті мекемелерге шара қолдану үшін ұсынылуда.

Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында 2026 жылдың 17 қаңтар мен 15 наурыз күндері аудан орталығында  ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрменкеде азық түлік өнімдері аудандағы сауда орындарындағы бағалармен салыстырғанда 10-12 пайызға төмен ұсынылды.

Алдағы уақытта азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмыстар жалғасын табатын болады.      

Жер мәселесі туралы

Жалағаш ауданының жер қоры 2 873 640 гектарды құрайды, оның ішінде 591 563 гектары Қарағанды облысынан ұзақ мерзімді пайдалануға алынған. Бұдан басқа Жалағаш аумағының 11 149 гектар жері Ресей Федерациясына пайдалануға  берілген.

Санаттар бойынша;

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 298827,8 га,

Елді мекен жерлері – 42760 га,

Өнеркәсіп, көлік,  байланыс, қорғаныс жерлері – 16130,3 га,

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – 61,7 га,

Орман қоры жерлері – 809482,2 га,

Су қоры – 14915,1 га,

Босалқы жерлер – 1691462,9 гектарды құрайды.

Аудан бойынша 33 016 гектарды құрайтын, жалпы саны 60 инженерлік тұрғыда әзірленген күріш ауыспалы егіс жүйесі, 1 мал азығындық және 1 картоп ауыспалы егіс жүйелері бар.

Аудан бойынша жерді қашықтан зондтау нәтижесімен анықталған ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге пайдалану жағдайына талдау жүргізіп, шаруашылықтарға мал басын тіркеу, қайта тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру, жайылымдарда –  жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының елу пайыздан жоғары ауыл шаруашылығы малдарының тіркеу қажеттілігі жөнінде шаруашылықтар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 450 гектар болатын 3 жер учаскесіне жалдау мерзімі ұзартылды.

Пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып отырған жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға байланысты тиісті жұмыстар атқарылып келеді.

Нәтижесінде, бүгінгі күнге жалпы көлемі 419 гектар болатын 3 жер учаскелері мемлекет жер қорына қайтарылды.

Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайта айналымға енгізу мақсатында жалпы көлемі 428 гектар болатын 4 жер учаскелері жеке және заңды тұлғаларға табыс етілді.

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес 2026 жылы 102 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүргізілетін болады.

Дата публикации
07 апреля 2026
Дата обновления
07 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы