Лого

Меню

Страницы

Статья

Аудандық жастар саясаты саласында 2026 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

Жалпы статистикалық мәлімет;

Жалпы статистикалық мәлімет - Жалағаш ауданындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауданда 14 пен 35 жас аралығында 10 816 (30,1%) жас тіркелген, , оның ішінде 5885 - ер азаматтар, 4931 - әйел.

  Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы құрылған. Штат саны – 7 (директор саны – 1, кеңесшілер саны – 6). Жалағаш ауданы бойынша жастар арасында қоғамдық саяси ахуал тұрақты.  1 кент және 14 ауылдық округтер бойынша жастар ісі жөнінде мамандар бар.

Жергілікті қаржыландыруы (орталықтың аппаратына, әлеуметтік жобаларға бөлініс) - Жалағаш ауданындағы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 2026 жылға 27 787,0 млн.теңге бөлінді.

NEET  санатындағы жастармен атқарылған жұмыстар;

«Отбасылық цифрлық картасы» базасын өзектендіру, сондай-ақ NEET санатындағы және маргинал жастарды анықтау мақсатында жастар ресурстық орталығының қызметкерлері және волонтерлар адрестік жұмыстар жүргізуде.

Жұмыс барысында әрбір жаспен жеке байланыс орнатылып, олардың әлеуметтік жағдайы, білім деңгейі, жұмысқа орналасу мүмкіндігі жан-жақты зерделенуде. Мақсат – нақты көмекке мұқтаж жастарды анықтап, оларды мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау тетіктеріне бағыттау. Сонымен қатар, кездесулер барысында жастарға арналған “Жастар практикасы”, “Алғашқы жұмыс орны”, “Дипломмен ауылға”, “Кәсіпкерлікке қолдау” секілді бағдарламалар таныстырылып, кеңес берілуде. Бұл жұмыстар жастардың қоғамнан шет қалмауына, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруына және еңбек нарығына бейімделуіне ықпал етеді.

Жұмыспен қамту және кәсіпкерлік бағытындағы жұмыстар;

Жалағаш ауданы бойынша жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 4,2 пайыз. Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында 2026 жылдың 30 наурызына Мансап орталығына 752 адам хабарласса, оның 219-ы немесе 29,1 пайызы жастар. Субсидияланған жұмыс орындарына және тұрақты жұмыс орнына 404 адам жолданған болса, оның ішінде 81-і немесе 20 пайызы жастар. Атап айтқанда:

- жастар практикасы - 1;

- қоғамдық жұмыс – 266 адам, оның ішінде 25 жас;

- тұрақты жұмыс орнына – 115 адам, оның ішінде 47 жас;

- «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқуға-18 адам, оның ішінде 8 жас;

- «Күміс жас» жобасына- 4 адам;

Мемлекеттік атаулы көмек 14-35 жас аралығында 26 отбасыға тағайындалған.

2026 жылдың ІІІ айында Жалағаш ауданы бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2686 бірлікті, (1320 дара кәсіпкер, 223 заңды тұлға, 1143 шаруа және фермер қожалықтары) немесе 42 пайызын 18-35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер құрап отыр.

Денсаулық сақтау және құқықбұзушылық бағыты бойынша (ертежүктілік, суицид, пробация және т.б. шаралар);

Жалағаш ауданы жастарының қатысуымен суицидтің алдын алуға бағытталған бейнеролик әзірленіп, қоғам назарына ұсынылды. Бұл бейнеролик –өмірдің мәнін ұғындыру, қиын сәттерде қолдау көрсету және әр жанның өмірге қайта ғашық болуына жол ашу мақсатында дайындалды.

Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және түнгі уақытта заңбұзушылық әрекеттерге жол бермеу мақсатында кешкі рейдтік жұмыстар жыл басынан бері тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Рейд барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруі және басқа да құқыққа қайшы әрекеттері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.         Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған азаматтармен кездесу өтті.  Кездесу барысында сала мамандарының  қатысуымен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, пробация талаптарын сақтау мен қайта қылмыстың салдары түсіндірілді. Азаматтарға заң аясында өмір сүрудің маңызы, қоғамға пайдалы мүше болудың жолдары көрсетілді.

 Экологиялық іс-шаралар

Мемлекет басшысының бастамасымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында ауданымызда аудан жастарының қатысуымен тазалық жұмыстары өз жалғасын тауып келеді.

 Білім саласы бойынша (жалпы оқу орындар саны, 9-11 сынып оқушылар саны, студенттер саны және т.б.);

  Жалағаш ауданы бойынша білім бөліміне қарасты 20 орта білім беру ұйымы бар. Аталған ұйымдарда 9–11 сыныптарда 1106 оқушы білім алуда. Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінде қазіргі таңда 256 студент түрлі мамандықтар бойынша білім алып, еңбек нарығында қажетті білікті маман ретінде қалыптасуда.

Жастардың мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы;

2026 жылдың 3 айында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ арқылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 2,5% жеңілдетілген несие (21-35 жасқа дейін) жастар кәсіпкерлігін бастау немесе дамыту бағытында 90,1 млн теңгені құрайтын 11 жоба жас кәсіпкерлердің құжаттарыжинақталып ұсынылды. Оның 56,3 млн теңгені құрайтын 6 жоба жас кәсіпкерлер қаржыландырылды. 

Еріктілермен жұмыс жасау бағыты бойынша;

Аудандық жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған “Jalyndy jas” еріктілер клубы аудан тұрғындары арасында интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында кең көлемді түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған шара барысында халық көп шоғырланған орындарда, атап айтқанда «Далида» және «Тәбәрік ата» сауда үйлерінде тұрғындарға интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің түрлері, одан сақтану жолдары және жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы туралы ақпараттар берілді. Аудандық жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған “Jalyndy jas” еріктілер клубының ұйымдастыруымен игі шара өтті. Ауданымызда ауа райының қолайсыздығына қарамастан, электр желілерін қалпына келтіру жұмыстарын атқарып жүрген арнайы бригада қызметкерлеріне алғыс білдіріліп, ыстық кофе мен шай ұсынылды.

Осындай суық күндері ел игілігі үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегі – зор құрметке лайық. Жастар тарапынан көрсетілген бұл шағын ілтипат – үлкен ризашылықтың белгісі.

Жас отбасылармен жұмыс жасау бағыты бойынша;

2026 жылы 1 тоқсандағы некеге тұрғандар саны- 15 отбасы.

18-35 жас аралығындағы отбасы саны – 11 отбасы.

2026 жылы орталық қызметкерлерімен тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында үкіметтік емес ұйымдар, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының қатысуымен барлығы 10 рет кездесулер ұйымдастырылды.

Жастар арасындағы ахуалы және өткізілген сауалнамалар (тақырыбы, респондент саны, қысқа талдау) туралы;

 Жастар арасында волонтерлік қозғалыстың даму деңгейін, оған қатысу белсенділігін және жастардың көзқарасын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға әртүрлі жас санатындағы жастар қатысып, олардың волонтерлік қызметке қызығушылығы, мотивациясы және осы бағыттағы ұсыныс-пікірлері зерттелді. Зерттеу нәтижелері жастар арасында волонтерлік қызметтің маңыздылығы артып келе жатқанын көрсетіп, аталған бағытты одан әрі дамытуға негіз бола алады.

 Жалағаш аудандық прокуратурасының бастамасымен ауданда «Алкогольсіз кент» тақырыбы аясында кент тұрғындары арасында сауалнама жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың алкогольсіз орта қалыптастыруға деген көзқарасын анықтау және салауатты өмір салтын насихаттау. Сауалнама нәтижелері алдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстарды жетілдіруге негіз болады.

 

Дата публикации
07 апреля 2026
Дата обновления
07 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы