
2026 жылдың 1 тоқсанының қорытындысымен Жалағаш ауданының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан «Е-өтініш» платформасы арқылы барлығы 232 өтініштер түсіп, 34 өтініш басқа ақпараттық жүйеге жіберілгеннен кейін 198 –і орындалуға алынды.
Оның ішінде:
85 өтініш - аудан әкімі аппаратына;
113 өтініш - Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын өзге де мекемелерге.
Қазіргі таңда аудан тұрғындары арасындағы көтеріліп отырған өзекті мәселелердің көрсеткіштері төмендегідей:
|
№ |
2026 жылдың 3 айы бойынша өтініште көтерілген салалары |
% көрсеткіш |
|
1. |
Жер және ауыл шаруашылығы мәселесі |
114 (57,6%) |
|
2. |
Әлеуметтік және жұмыспен қамту |
14 (7,1%) |
|
3. |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы |
21 (10,6%) |
|
4. |
Білім және денсаулық сақтау мәселесі |
0 |
|
5. |
Ішкі саясат, ономастика |
2 (1%) |
|
6. |
Кәсіпкерлік |
3 (1,5%) |
|
7. |
Мәдениет және спорт |
6 (3 %) |
|
8. |
Тұрғын үй мәселесі |
2 (1 %) |
|
9 |
Мемлекеттік сатып алу |
11 (5,6%) |
|
10 |
Басқалары |
25 (12,6 %) |
|
Барлығы |
198 |
|
2026 жылдың 1 тоқсанында жергілікті атқарушы органдарға түсіп орындалуға алынған 198 өтініштердің:
- 7 өтініші немесе 3,5% құзыреттілігі бойынша басқа органдарға жолданды;
- 41 өтініші немесе 20,1% ішінара немесе толық қанағаттандырылды;
- 25 өтініші немесе 12,6% өтініш тоқтатылды;
- 108 өтінішіне немесе 54,4% заң талаптарына сәйкес түсіндірілді;
- 18 өтініш немесе 9,1 % орындалу мерзімі бар өтініштер.
Азаматтарды жеке қабылдауға қатысты
2026 жылдың 3 айы бойынша жеке және заңды тұлғалардан аудан әкімінің жеке қабылдауына 7 жеке қабылдау өткізіліп, 34 азамат қабылданды.
Бүгінгі күні жеке қабылдауда 16 азамат кезекте тұр.
Қанағаттандырылды - 5
Заңға сәйкес түсіндірілді – 29
Талдау көрсеткендей, жеке қабылдауда азаматтармен негізінен жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жер мәселелері көтерілуде.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру-28, тұрғын үй және коммуналдық-шаруашылық-3, жер мәселесі-3
Аудан әкімі аппаратының ғимаратының 1-ші қабатында орналасқан жұмыс бөлмесінде өтініштерді шұғыл түрде жолдау үшін «Фронт-кеңсе» азаматтарға арналған.