
Жалағаш ауданы бойынша 2026 жылдың 1 наурызына 2686 шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі - ШОК) тіркелген, жұмыс жасап тұрғаны субъектілерінің саны 97,0% (78 бірлікке)төмендеп, 2608 бірлікті құрады.
Макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары арқылы 2026 жылдың 1 наурызына 121,2 пайызға артып, 5 млрд. 594,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді.
Оның ішінде Өңдеу өнеркәсібі ақпан айында «Каспий петролиум» және «Номад солар» кәсіпорындарының өнімі есебінен 1 млрд. 331,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді немесе 115,1 пайыз.
Бөлшек сауда көлемі аудан көлемінде орналасқан жанар-жағар май, газ құю бекеттері, дәріханалар, компьютерлік жабдықтар сатумен айналысатын кәсіпорындар арқылы үстіміздегі жылдың ақпан айында 536,0 млн. теңгеге немесе 100,0 пайызға орындалды.
Негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемі 2026 жылдың 1 наурызына 4 млрд. 648,0 млн. теңгеге немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,1 пайызға орындалды.
Оның ішінде жеке қаражат есебінен өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4 млрд. 239,4 млн теңгеге немесе 228,4 пайызға артығымен орындалды.
Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту және жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында мемлекеттік грантты қоса алғанда аудан бойынша 2025 жылдың 12 айында 277 жоба 5 млрд. 175,4 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Үстіміздегі жылы аудан бойынша «Ауыл Аманаты» бағдарламасының «Amanatnesie.kz» цифрлық платформасына 358,7 млн. теңгені құрайтын 52 жобаның) құжаттары енгізілді.
Оның ішінде, ағымдағы жылдың ақпан айында 64,4 млн. теңгені құрайтын 11 жоба комиссия қарауында қаралып, 48,6 млн. теңгені құрайтын 7 жоба қаржыландырылды. Жаңадан 7 жұмыс орындары ашылатын болады.
Сонымен қатар наурыз айында 165,4 млн. теңгені құрайтын 22 жоба комиссия қарауында қаралып, шешімі шықпады.
Бұдан бөлек, аудан бойынша 38,0 млн. теңгені құрайтын 5 жобаның құжаттары жинақталуда.
Сондай-ақ, аудан бойынша «Агробизнес» бағдарламасы аясында 26,0 млн. теңгені құрайтын 3 жобаның құжаттары жинақталып, қаржы ұйымына ұсынылды.
Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі – инвестициялық ахуалды жақсарту арқылы отандық және шетелдік инвестиция тарту болып табылады.
2025 жылы ауданда жалпы құны 1 млрд. теңгені құрайтын барлығы 4 инвестициялық жоба іске асырылды. Жаңадан 19 жаңа жұмыс орны құрылды.
Олар:
Өңірлік пул аясында (150 000 АЕК дейін) :
Үстіміздегі жылы ауданда 12 млр. 155 млн. теңгені құрайтын 6 жобаны іске асыру жоспарлануда. Жоба толықтай іске асырылған жағдайда жаңадан 72 жұмыс орны құрылады.
Атап айтқанда,
Өңірлік пул аясында (150 000 АЕК дейін) :
Бұдан бөлек Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа аясында (150 000 АЕК асатын жобалар) ауданда 2 жоба жүзеге асырылуы жоспарлануда.
Ол, «Агрохимсервис-С» серіктестігінің жалпы құны 905 млн. теңгені құрайтын «қоймалар және шатыр» құрылысы жобасы. Оның ішінде 750 млн. теңгесі мемлекеттік қолдау шараларына ие болған. 5 жаңа жұмыс орны ашылады.
Бүгінгі күнге қоймалардың 90 пайыздан астам жұмыстары аяқталды. Қытай елінен құрал-жабдықтардың алғашқы легі келді. Жоба толықтай 2026 жылдың соңына қарай іске асырылады деп күтілуде.
Қызылорда облысы әкімдігінің сүйемелдеуімен Жалағаш ауданында жоба құны 51 млрд. теңгені құрайтын шетелдік инвестор Швейцариялық «Харвест Агро Холдинг» компаниясының техникалық қарасора, жүгері және сояны өсіру және қайта өңдеу бойынша агро-индустриялық кластер құру жобасын іске асыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Жоба екі кезеңмен іске асыру жоспарлануда (І кезең 2025-2026 жж. ІІ кезең 2026-2027 жж).
Жобаның қуаттылығы жылына техникалық қарасора 42 мың тонна, жүгері дәні 70 мың тонна, соя 20 мың тонна.
Жоба аясында 60 мың тонна шикізат өңдейтін және май сығу зауыты іске қосылады және 150 адам жұмыспен қамтылу көзделген.
Қызылорда облысы әкімдігі мен «Харвест Агро Холдинг» компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы екі жақты Меморандумғо қол қойылды.
«Харвест Агро Холдинг» компаниясының Қазақстандағы өкілдігі «АА Агро Кызылорда» ЖШС-нің Жалағаш ауданы әкіміне жазған өтінішіне орай ҚР Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №11-1-4/590 бұйрығына сәйкес мемлекеттік меншіктен жер учаскесін алу үшін 2025 жылдың 4 желтоқсан күні Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының комиссиясына ұсынылып, оң қорытынды берілді.
Жоба Ұлттық цифрлық инвестициялық платформасына (150 000 АЕК асатын жобалар) енгізілді.
Аудан әкімдігінің 2025 жылдың 12 желтоқсанындағы №221 қаулысына сәйкес 14273 гектар жер телімі табысталды.
Жоба бойынша Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылдық округіне қарасты Қараөзек өзенінің бойынан су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, оның ішінде жаңбырлатып суару тәсілін қолданып, үш кезеңнен тұратын барлығы 32 000 гектар жердің бірінші кезеңінде, яғни биыл 8700 гектар жерін ашып, егін егу қалпына келтірілді.
Оның ішінде тегістелген жердің 7700 гектар жеріне жүгері дақылын егу жоспарлануда.
Жоба бойынша жоспарланған 143 дана жаңбырлатып суару құрылғысының 80 данасы орнатылса, қалған құрылғылар жоба басына толықтай жеткізіліп, құрастырылуда.
Жаңбырлатып суару құрылғылары отандық өнім (Түркістан облысы, «BNK Group» ЖШС).
Анықтама ретінде:
Құрылғының ұзындығы 396 м.
Қуаттылығы 50 гектар жерді суаруға жетеді.
Бұдан бөлек егістік алқабына орнатылған жаңбырлатып суару құрылғыларына жер асты су жеткізу трубалары және электр тогын орнату бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар егіс алқабының толықтай қоршау жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі күнге 10 шақырым жері қоршаланды.
Сондай-ақ жалпы ұзындығы 28 шақырымды құрайтын канал қазылуда.
Бүгінгі күнге жоба басында 10 мердігер компаниясында, барлығы 300 жұмысшы 200 ге жуық техникалар жұмыс жасауда.
«АА Агро Кызылорда» серіктестігі арқылы Германиялық «CLASS» тракторының 4 данасын, «TIGER» тұқым себу көп функционалды техникасы және жүгеріге арналған қатар аралық культиваторлар, өздігінен жүретін дәрі шашқыш техникалары сатып алынды.
Биылғы жылға бірінші кезең бойынша егінді егу, күтіп баптауға тұрақты 100 жұмыс орны құрылады деп күтілуде.
Бұдан бөлек серіктестік тарапынан сұратылған 2071 гектар орман қоры жер учаскелерін босалқы жер санатына ауыстыру мәселесі бойынша Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме тарапынан жұмыс тобы құрылып, акт жасалынған.
Мемлекеттік орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акт, орман шаруашылығының шығындары есептеліп Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жолданған.