Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 2020 жылдың ІІІ тоқсан бойынша атқарылған жұмыстары туралы

Әлеуметтік көмек

Атаулы әлеуметтік көмек: 2020 жылы атаулы әлеуметтік көмекке 220,0 млн теңге қаржы бөлініп, үстіміздегі жылдың 9 айында атаулы әлеуметтік көмек 462 отбасының 2761 мүшесіне 133621,4 мың теңге төленді.

2020 жылдың 1 қазанына кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға барлығы 20268,8 мың теңге қаржы төленді.

Тұрғын үй көмегі:  Жергілікті бюджеттен тұрғын үй көмегін көрсетуге 4788,0 мың теңге қаржы қаралды. Есепті кезеңге 23 отбасының 41 мүшесіне тұрғын үй көмегі тағайындалып 670,0  мың теңге төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2020 жылдың 9 айына жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 371 адамға 42701,5  мың теңге әлеуметтік төлемдер төленді.

МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ     

2020  жылдың 1 қазанына 970 мүгедек тіркелген, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны-204.

2020 жылғы 1 қазанға мүгедектерді оңалтудан өткізу мақсатында 313 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, 152-і орындалды немесе 48,6 %. Сондай-ақ, өткен жылдардың ауыспалы ЖОБ қоса есептегенде 712-і   орындалды.

2020 жылғы 1 қазанға 39 мүгедек таяқпен, 7 мүгедек балдақпен, 3 мүгедек сурдотехникалық құралдармен, 2 мүгедек тифлотехникалық құралдармен, 6 мүгедек жетек арбамен, 4 мүгедек кресло арбамен, 8 мүгедек протезді ортопедиялық бұйымдармен, 215 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, есту кемістігі бар 3 мүгедекке 1 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 87 мүгедекке 83 жек көмекші «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Жосалы корпоративтік қоры арқылы қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар «Инва такси» қызметі ұйымдастырылып жұмыс жасауда. 2020 жылға әлеуметтік такси қызметіне облыстық бюджеттен 2766,0 мың теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда 64 мүмкіндігі шектеулі 1 топ мүгедектері осы қызмет түрін пайдаланды.

Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына баруға өтініш білдіргендерден  2020 жылдың 1 қазанына 16 мүмкіндігі шектеулі адам, 1 зейнеткер, барлығы 17 адам жолдамамен жіберілді.

2020 жылдың есепті кезеңіне  86 мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 49  балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілуде. 

Аудан бойынша 2020 жылдың 1 қазанына мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша 56 мүгедек баланың ата-анасына 2165,0 мың теңге төленді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша. Есепті кезеңде бөлім бойынша 2020 жылғы ІІІ тоқсанына барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 4850. Оның ішінде азаматтық хал актілерін тіркеу қызметінің  8 түрі бойынша 1175 азаматтық хал актілер жазбасы тіркелді. Оның ішінде: 605-і бала тууды тіркеу, 198-і қайтыс болуды тіркеу, 138-і неке қиюды тіркеу, 27-і некені бұзу, 8-і  әкелікті анықтауды тіркеу,  3-і тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, 2-бала (қыз) асырап алу, 4-уі азаматтық хал актілерін жазбаларын қалпына келтіру, 190-ы қайталама куәлік беру  мемлекеттік тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілді. 

Дата публикации
06 октября 2020
Дата обновления
06 октября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы