
2020 жылы аудан бюджетінен 1133470,0 мың теңге, оның ішінде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 651015,0 мың теңге, жұмыспен қамту орталығы бойынша 482455,0 мың теңге қаржы қаралды, 2020 жылдың 1 қазанына 680804,7 мың теңге немесе 99,83% .
Статистика мәліметтеріне сәйкес Жалағаш ауданы бойынша жұмыс күшінің саны – 15841 адам, жалпы жұмыссыздар саны – 786 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0%, құрады.
Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына 1318 адам хабарласып, соның ішінен 912 адам бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізілді (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 80,6 пайызы).
Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша облыстық бюджеттен 45 адамға 10,2 млн. теңге қаржы қаралған. Есепті кезеңге 46 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолданып, 2,1 млн.тг қаржы игерілді.
Екінші бағыт: Бүгінгі күнге 74 адамға 337,7 млн теңге шағын несие берілді. Мемлекеттік грант бойынша 205 адамға 200 АЕК мөлшерінде 112,6 млн теңге берілді.
Үшінші бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша,
бұл бағытта 289,4 млн. теңге қаржы қаралып, 1043 адамды орналастыру жоспарланды. Қазіргі таңда 1196 адам жолданып, жоспарлық көрсеткіш 114,7%-ға орындалды. О.і.:
-әлеуметтік жұмыс орындарына 64 адам (172,9 %);
-жастар тәжірибесіне 320 жас маман (127,0 %);
-қоғамдық жұмыстарға 812 адам (107,7%) жіберіліп, барлығы 94,0 млн.теңге қаржы жұмсалды.
2020 жылы 1316 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, есепті мерзімге 1363 жаңа жұмыс орындары ашылды (оның 940-ы тұрақты). Оның ішінде: Ауылшаруашылық саласы -256, экономикалық қызметтің басқа салаларында-610, көтерме және бөлшек сауда -33, көлік және қоймалау -22, денсаулық өнеркәсіп-16, құрылыс-3,уақытша және маусымдық жұмыстар – 423.