
2025 жылдың қорытындысымен Жалағаш ауданының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 954өтініш(2024 жылмен салыстырғанда 2,1 пайызға кем түскен (974 өтініш))
Түскен өтініштердің 712-сі жеке тұлғалардан, 242-сі заңды тұлғалардан.
Оның ішінде:
407 өтініш - аудан әкімі аппаратына;
547 өтініш - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын өзге де мекемелерге.
Өткен жылы жергілікті атқарушы органдарға түскен өтініштердің:
- 27 өтініші құзыреттілігі бойынша басқа органдарға жолданды. Бұл барлық түскен жолданымдардың 2,8% құрады;
- 291 өтініші (30,5%) ішінара немесе толық қанағаттандырылды;
- 405 өтінішіне (42,5%) заң талаптарына сәйкес түсіндіріліп, жауап берілд;
- 143 өтініші (15,0%) тоқтатылды;
-72 жолданым (7,5%) жарнамасы бар ұсыныстар болғандықтан басқа жүйеге жолданып, орындалды;
- 16 өтініш (1,7 %)2025 жылдың желтоқсан айындатіркелгенорындалу мерзімдері бар өтініштер.
Ақпарат үшін: 2024 жылдың көрсеткіштері төмендегідей болған.
| Барлық тіркелген арыздың саны | Орындалғаны | оның ішінде: | ||
| Қанағаттандырылған | Заңға сәйкес түсіндірме берілген | Тоқтатылған | ||
|
974 |
702 |
482 |
158 |
61 |
2025 жылыаудан тұрғындары арасындағы көтеріліп отырған өзекті мәселелердің көрсеткіштері төмендегідей болған:
|
№ |
2025 жылытүскенөтініштерде көтерілгенсалалары |
Көрсеткіш (%) |
|
1. |
Жержәнеауылшаруашылығымәселесі |
358 (37,5%) |
|
2. |
Әлеуметтікжәне жұмыспен қамту |
109 (11,4%) |
|
3. |
Тұрғынүй-коммуналдықшаруашылығы, автомобиль жолдары |
122 (12,8%) |
|
4. |
Білімжәне денсаулық сақтау мәселесі |
6 (0,6%) |
|
5. |
Ішкі саясат, ономастика |
50 (5,2%) |
|
6. |
Кәсіпкерлік |
15 (1,6%) |
|
7. |
Мәдениетжәне спорт |
36 (3,8 %) |
|
8. |
Тұрғын үй мәселесі |
37 (3,9 %) |
|
9 |
Мемлекеттік сатып алу |
72 (7,5%) |
|
10 |
Басқалары |
149 (15,6 %) |
|
Барлығы |
954 |
|
Келіп түскен жолданымдардың қаралуы бақылауда болып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілген. Өтініштермен жұмыс жасау 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары сақтала отырып жүргізіліп келеді.
Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелермен қабылдау туралы
2025 жылы аудан әкімдігімен 234 жеке және заңды тұлғалар (тұлғалардыңдың өкілдері) жеке қабылдауда болып, оның: 175-і аудан әкімінің, 59-і міндеттер бөлінісіне сәйкес аудан әкімі орынбасарларының және аппарат басшысының жеке қабылдауында болып, заңдылыққа сәйкес тиісті тапсырмалар берілді.
Барлық келіп түскен өтініштерге талдау жасалынып, құзыреттілік бойынша бөлім басшылары мен кент және ауылдық округтер әкімдеріне орындау үшін жолданды.
Жеке қабылдауда болған азаматтардың көтерген мәселелері төмендегідей:
|
№ |
Жеке қабылдауда көтерілген салалары |
2025 жылбойынша |
|
1. |
Пәтер мәселесі және коммуналдық шаруашылық |
69 |
|
2. |
Жұмысқа орналасу |
131 |
|
3. |
Қаржылай қолдау және әлеуметтік көмек мәселесі |
6 |
|
4. |
Мәдениет саласы |
5 |
|
5. |
Кәсіпкерлік |
4 |
|
6 |
Ауыл шаруашылығы және жер мәселесі |
13 |
|
7. |
Басқа да мәселелер |
6 |
|
Барлығы |
234 |
|
Ағымдағы жылдың 12 айында жеке және заңды тұлғаларға жүргізілген қабылдауларды талдау барысында кент, ауылдық округ әкімдерінің жеке қабылдауында–150 тұрғын болса, дербес бөлімдердің басшылары–69 тұрғынға жеке қабылдау жүргізілген.
Қабылдау кестесі мен сенім телефоны бұқаралық ақпараттық құралдарында тоқсан сайын жариялануда.
Аудан әкімі аппаратының ғимаратының 1-ші қабатында орналасқан жұмыс бөлмесінде өтініштерді шұғыл түрде жолдау үшін азаматтарға «Фронт-кеңсе» арналған.