
Қазіргі таңда 31 393 аудан халқына (РПН бойынша) аудандық орталық аурухана, аудандық емхана, 12 дәрігерлік емхана, 2 фельдшерлік - акушерлік бекет, 2 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.
Анықтама үшін: медициналық қызмет көрсетілетін 14 жасқа дейінгі бала саны - 10 333, жасөспірімдер саны - 1754, ересектер саны – 19 306 адам.
Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарындағы кадр мәселесі
Жалпы қызметкерлер саны: 797.
Оның ішінде:
Дәрігерлер – 98
Орта буын қызметкерлері – 403
Кіші буын – 138 .
Басқа қызметкерлер мен жұмысшылар -156
Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 98 жоғары білімді дәрігер жұмыс жасайды, 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігермен қамтылу деңгейі 31,2%. Оның ішінде: 48 дәрігердің біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 49 %.
жоғарғы санат – 13 дәрігер.
І санат – 20 дәрігер.
ІІ санат – 15 дәрігер.
Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 403 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасауда, орта буынды медицина қызметкерлерімен қамтылуы – 128,3 %.
Орта буын медицина қызметкерлерінің 234 біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 58,0 пайыз.
Жоғарғы санат – 164
І санат – 42
ІІ санат – 28
Жол карталары аясында емдеу және алдын алу ұйымдарындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарына сәйкес сала мамандары біліктілігін арттырды.
2025 жылдың 12 айында 8 дәрігер (6- жалпы тәжірибелі дәрігерлер,1-травматолог дәрігер,1-стоматолог дәрігер) жұмысқа қабылданды.
Қазіргі таңда Жалағаш аудандық аурухана бойынша 21 аймақта жалпы тәжірибелі дәрігерлермен қамтылу-100 пайыз.Жансақтау бөлімінде резидентура бітіріп 4 анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер,2 травматолог дәрігерлер,1 оторинолоринголог балалар дәрігері жұмыс атқарады.
Бұған дейін фтизиатр (ересектер,балалар) мамандығына 1 штат бірлікте тапшылық болған. Қазіргі таңда 1 дәрігер фтизиатр (ересектер, балалар) мамандығы бойынша сертификаттау курсын аяқтап жұмыс жасауда.
Бекітілген штат көлемінде дәрігер мамандарға қажеттілік туралы:
|
Мамандықтар атауы |
Жұмыс орны (ДА,СВА атауы) |
Бірлік саны |
Бос тұрақты вакансия |
|
Хирург дәрігері |
Аурухана |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Кардиолог дәрігері |
Емхана |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Рентегенолог дәрігері |
Аурухана |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Барлығы |
|
3,0 |
|
Негізгі статистикалық көрсеткіштер
2025 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша:
Жалпы дәрігерлік қабылдаулар саны – 227 526 (2024 ж– 219 461).
оның ішінде:
Ауруы бойынша келгендер – 102 068 (2024 ж – 97 560);
Алдын-ала қаралуға келгендер – 120 949 (2024 ж – 119 780).
Үйде қаралу – 13 989 (2024 ж -20 276)
Тіркелген алғашқы аурушаңдық – 16 665 (2024 ж – 17 374);
1-орында – тыныс алу жүйесі аурулары – 5 245 (2024 ж – 5 160);
2-орында – асқорыту жүйесі аурулары – 1 424 (2024ж – 1 464);
3-орында - жүйке жүйесі аурулары – 1 298 (2024 ж – 1 390).
Диспансеризация бойынша
Диспансерлік есепте тұратын адам саны – 8 481 (оның ішінде: 0-17 жас – 1 507, ересектер – 6 974).
Демографиялық көрсеткіштер бойынша
Дүниеге келген бала саны – 649 (2024ж -709 );
1 жасқа дейінгі шетінеген бала саны – 3 (2024ж – 2 );
Жалпы өлім-жітім – 186 (2024 ж – 178).
20 жылдан аса ауданда ана өлімі тіркелген жоқ.
Өлім-жітім.
2025 жылдың 12 айында барлығы 186-науқас қайтыс болып (2024ж-178 науқас – 5,6 промиль) 1000 халыққа шаққанда көрсеткіш – 5,9. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы өлім- жітім 8 жағдайға жоғарылаған. Оның ішінде еңбекке жарамды жастағылары 49 – 26,3 пайыз (2024ж – 45 – 25,3
пайыз), былтырғы жылмен салыстырғанда 4 жағдайға және 1,0 пайызға жоғарылаған.
Науқастардың қайтыс болу жеріне байланысты:
Үй жағдайында тіркелген өлім-жітім 116 жағдай – 62,4 өткен жылмен салыстырғанда (2024ж.-121-68,0 пайыз) 5 жағдайға төмендеген.
Ауруханада қайтыс болғаны -52-28,0 (2024ж.-34-19,1) өткен жылмен салыстырғанда 21 науқасқа көбейген.
Басқа жерде қайтыс болғаны 18 – 9,7 , 2024 жылы 23 жағдай -12,9 тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 5 жағдайға азайған.
Өлім - жітім себептері бойынша:
|
№ |
Атауы |
2025 жыл |
2024 жыл |
|
1 |
Жалпы қайтыс болғандар саны |
186-5,9 |
178-5,6 |
|
|
Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар |
49-26,3 |
45-25,3 |
|
1 |
Үйден қайтыс болғандар |
116-62,4 |
121-68,0 |
|
|
Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар |
12-24,5 |
20-44,4 |
|
2 |
Ауруханадан қайтыс болғандар |
51-27,4 |
34-19,1 |
|
|
Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар |
21-42,9 |
12-26,7 |
|
3 |
Өзгеде себептер |
18-9,7 |
23-12,9 |
|
|
Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар |
16-32,7 |
13-28,9 |
Өлім-жітім бойынша алғашқы 3 орында:
2025 жылдың 12 айында:
1-орында кәрілік – 31-98,7
2-орында қанайналым жүйесі – 28-89,2
3- орында жүйке жүйесі - 26-82,8
2024 жылдың 12 айында :
1-орында қанайналым жүйесі -38-119,4;
2 орында кәрілік -30-94,3;
3 орында жүйке жүйесі -21-66,0
Ана мен бала денсаулығы
Ана мен бала денсаулығын сақтау денсаулық сақтау жүйесінің басты бағыттарының бірі болып табылады. 2025 жылдың 12 айында ана өлімі (2024 ж - 0) және критикалық жағдай тіркелмеген.
Онкология қызметі
Онкокабинетте қаралған науқастар- 1 315 ( 2024ж-1 217 ) оның ішінде алғаш көрінгендер-766 ( 2024ж-756), қайталап қөрінгендер-549 (2024ж-398 )
«Д» есепте барлығы -254 науқас тұрады.
Орталық ауруханадан 4 төсектік паллиатив бөлімі жұмыс жасайды . 71 науқас ем алып шықты.
Емханаға алғаш келген әйелдер - 12 956 ( 2024ж- 21 657), оның ішінде әйелдер қарау кабинетінен өткендер- 12 883 ( 2024- 21 584 ) . Анықталған рак -1 ( 2024ж – 1) , рак алды аурулар – 225 ( 2024ж-162)
Емханага алгаш көрінген ерлер – 7 401 (2024ж-11 580) .Оның ішінде ерлер қарау кабинетінен өткендер-7 343 (2024ж-11 502 ) Анықталған рак –1 (2024ж- 1), рак алды аурулар -99 (2024ж-85 ).
Туберкулез.
Жалпы туберкулездің эпидемиологиялық жағдайына бұрында айтылғандай соңғы жылдары жүріп жатқан тұмаумен, пневмонияның әсері көп болды. Соңғы жылдары қосымша аурулары бар,үлкен кісілер тұмау, пневмониядан кейін ауырып ,бірінші рет есепке алынып отыр. Сонымен қатар ұзақ жылдар бойы емханадан РПН-н шықпай басқа жақта балаларының қолына кетіп тұрып жатқан үлкен кісілер, жұмыс бабында сыртқа кеткен жастар ауырған соң қайта елге келіп есепке алынуы әлі жалғасуда. Осы жылы сыртта жүріп ауырып туберкулез анықталған 5 науқас тіркелді. Екі кісі(қосымша аурулары бар)Жалағаштан РПН-н шықпай, балаларымен бірге Астана,Алматы қалаларында тұрып жатқан кісілер болса, үшеуі сыртта жұмыс жасап жүрген жігіттер. (Қарарғанды, Көкшетау, Шымкент)Жыл сайын бұл мәселе көтерілгенімен оң шешімін тапқан жоқ. Биылғы жылы туберкулездің жаңа жағдайымен 15 науқас алынды. 60-80 жас аралығында 6 зейнеткер,6-науқас жұмыссыз, 3-оқушы. 6 науқас қосымша ауруларымен есепте тұрады. (СД-2, ХОБЛ-2, Паркинсон -1,ВИЧ-1, Параллич Белла-1, ЖИА-1,Анемия-1)
Ауданда туберкулезбен ауыратын науқастарды әлеуметтік қолдау мақсатында 2016 жылдан бастап амбулаторлы ем қабылдап жүрген науқастарға ай сайын әлеуметтік көмек бөлініп келеді. Ай сайын 39320 теңге көлемінде берілді.
2025ж 12 айында игерілген әлеуметтік көмек.
|
Аудан |
Ай сайын берілетін әлеуметтік көмек |
||||
|
Көмек алған науқастар саны |
Әлеуметтік көмектің мөлшері |
Қаралған қаржы сомасы ( мың теңге) |
Жұмсалын-ған қаржы сомасы (мың теңге) |
Орындалу пайызы (%) |
|
|
Жалағаш |
50 |
39320 |
12510,4 |
11095,6 |
|
Ауданда науқастарды әлеуметтік қолдау мақсатында 2025 жылдың 12 айында амбулаторлы ем қабылдап жүрген 50 науқасқа ай сайын 39320 теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілді. Жыл басында қаралған қаржы көлемі 12 млн 510,4мың тг. Жұмсалғаны – 11млн 095,6тг. Орындалу пайызы -100,0
Аудан бойынша 2024--2025 жж туберкулезбен аурушаңдылық 12 ай
|
Облыс атаулары |
2024 жыл 12 ай |
2025 жыл 12 ай |
||
|
абс. Саны |
100000 адамға шаққанда |
абс. саны |
100000 адамға шаққанда |
|
|
Жалағаш |
14 |
43,7 % |
15 |
47,7 |
2024 жылдың 12 айында туберкулездің жаңа жағдайымен 14 ( 43,7 %) науқас есепке алынды,2025 жылдың 12 айында туберкулездің жаңа жағдайымен 15 ( 47,7%) науқас есепке алынды. 7 науқас «бактерия бөлетін» түрімен тіркелді, өкпе деструкциясымен 5 науқас тіркелді. Жайылған туберкулезбен бір науқас тіркелді (өкпе твс, тубспондиллит) , асқынған түрімен 1науқас тіркелді.
Жаңадан тіркелген 15 науқас.
1.Профтексеруде анықталғаны- 4 (26,6%)
Әлеуметтік құрамы бойынша :
6- зейнеткер, 3-оқушы, 6-жұмыссыз.
Жалағаш ауданы бойынша жалпы халық саны- 31393 соның ішінде елді мекендерде тұратын халық саны- 16295,кент орталығында-15098 . Осы жылдың 12 айында туберкулездің « жаңа жағдайымен» тіркелген 15 науқастың 8 науқас кент орталығынан тіркелді, 7 науқас елді мекендерден тіркелді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы №ҚР ДСМ – 230/2020 «Ішкі медициналық көмекті ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» және «Медициналық қызмет көрсету (көмек көрсету) сапасына сыртқы сараптамалар» бұйрығына сәйкес 2025 жылдың тамыз айында Жалағаш аудандық ауруханасында «Үздік тәжірибелік орталық» ашылды.
«Үздік тәжірибелік орталық» ашылудың негізгі мақсаттары:
Жалағаш аудандық ауруханасының материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі жұмыстар туралы
2025 жылдың 12 айында Жалағаш аудандық ауруханасында медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында заманауи құрылғыларды сатып алу бағытында нақты жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда, қыркүйек айында лизинг арқылы құны 62 400 000 теңге болатын заманауи ультрадыбыстық диагностикалық аппарат (УДЗГ) сатып алынды. Бұл аппарат диагностика саласындағы қызметтің сапасын арттырып, науқастарды уақытылы әрі нақты тексеруге мүмкіндік береді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қаржыландыруымен жаңа “AR-Mammo” рентген маммографиялық аппаратымен жабдықталды.
Аппараттың жалпы құны – 79 100 000 теңге.
Бұл құрылғы сүт безі ауруларын ерте анықтауға, скрининг пен диагностика сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Заманауи техниканың келуі – аудан тұрғындары үшін қолжетімді, сапалы әрі уақтылы медициналық көмектің көрсеткішін арттырады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қаржыландыруымен "ФЛЮАРКОМ" 12ФК1 маркалы стационарлы цифрлық рентген-флюорографиялық аппараты алынды.
Аппараттың жалпы құны – 19 294 617,6 теңге
Бұл заманауи аппарат өкпе, кеуде қуысы ауруларын ерте анықтап, сапалы диагностикалық қызмет көрсетуге жол ашады.
Бұл – аурухананың материалдық-техникалық базасын жаңарту, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету және ауруларды ерте анықтау бағытында жасалған маңызды қадам.
Медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып, емдеу-диагностикалық процестерді жетілдіруге үлес қосатын болады.
2025 жылдың басынан бастап Жалағаш аудандық ауруханасында күрделі жөндеу немесе ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ.
Бұл бағытта тиісті жобалар жоспарланып, алдағы уақытта қажетті жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүзеге асыру қарастырылуда.
Аурухана қызметі
Жыл басынан бері түскен науқастар саны - 34 науқасқа азайған, шыққан науқастар саны –48 науқасқа азайған, төсек орын жұмысы 5,0 жоғарылаған, төсек орын айналымы 1,7 – ге артқан. Төсекте орташа болу көрсеткіші 0,2 азайған, анасымен өткізген төсек күндер 2465 төсекке азайған, төсек орының орындалу пайызы 0,6 промильге артқан. 2025 жылдың 12 айында аурухананың статистикалық көрсеткіштерінің артқанын жыл басынан бері бекітілген жоспарға сәйкес, яғни «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» бағдарламасы бойынша бөлімшелерге бекітілген жоспар бойынша науқастар жатқызылып, ем жүргізілуде.
Паллиативтік және қайта қалпына келтіру бөлімшелерде үздіксіз, бекітілген жоспарға сай жұмыс жасауымен түсіндіруге болады.
Науқастардың өткізген төсек күндері ағымдағы жылы – 48378, өткен жылы бұл көрсеткіш –49835 күнді құрап, көрсеткіш саны азайған. Себебін түсіндіретін болсақ, түскен науқастар, яғни ауруханаға жатқызылған науқастар саны кеміген сайын төсек күндеріде кеміген.
Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер
Ана мен бала және ұрпақты болу жасындағы әйелдердің денсаулығын қорғау жұмысын жандандыру;
Ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында енгізілген «Эффективті перинаталды технологиясы» және БШАЫЕ бағдарламалары әрі қарай жалғастыру; Пилоттық патронаждық қызметтің жұмысын жандандыру; Сәби өлімін болдырмау және алдын алуға бағытталған қысқамерзімді жоспармен жұмыс жасау;
Емдеу-диагностикалық жұмыстарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында аудан бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру және мастер-класс тәжірибесін тиімді пайдалану;
Емдеу және алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған Меморандумға байланысты негізгі көрсеткіштер индикаторларын жоғары нәтижелерге жеткізу;