Автомобиль жолдары туралы
Жалағаш ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 234,6 шақырымды құрайды.
Оның 50 шақырым республикалық, 60,6 шақырым облыстық және 124,0 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 116,3 шақырымы немесе 94,0% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, 7,7 шақырымы немесе 6% қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Аудан бойынша ұзындығы 243,0 шақырымды құрайтын 223 көше бар. Оның 209,4 шақырымы немесе 86% қанағаттанарлық, 33,6 шақырымы немесе 14% қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Үстіміздегі жылы ауданның жол саласын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен барлығы – 2 млрд теңге бөлінді.
Анықтама ретінде
- Ұзындығы 2,3 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар «Қызылорда-Жалағаш-Ақсу-Беркімбай кәлпе» автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 168,2 млн. теңге қаралды. Жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.
- Жоба құны 403,1 млн.теңге құрайтын Бұқарбай батыр ауылының 11 көшесінің құрылысы жұмыстарына 2024 жылы республикалық бюджеттен 50,0 млн.теңге қаралып, қаржы шегінде 2 көшеге асфальт төселген болатын.
Өткен жылы жобаны аяқтау мақсатында республикалық бюджеттен 294,3 млн.теңге, облыстық бюджеттен 38,2 млн.теңге қаралып, құрылыс жұмыстары мерзімінде толығымен аяқталды.
- Жалпы жоба құны 715,2 млн. теңге құрайтын Жалағаш кентінің 11 көшесін күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 678,7 млн.теңге қаралып, Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
- М.Шәменов ауылындағы Жамбыл, Ердүзелова көшелерінің автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 69,0 млн.теңге қаралып, күрделі жөндеу жұмыстары мерзімінде толық аяқталып, пайдалануға берілді.
- Жоба құны 518,3 млн.теңге құрайтын Қаракеткен және Далдабай ауылдарындағы автомобиль жолдарын (16 көше) күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 506,9 млн.теңге бөлінді.
Аталған күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
- Жоба құны 375,2 млн.теңге құрайтын Жаңадария ауылындағы Қ.Сәтбаев, Жаңадария, Достық, Мектеп көшелерін күрделі жөндеу жұмыстарын бастау үшін облыстық бюджеттен 105,4 млн.теңге бөлінген болатын. Бөлінген қаржы шегінде Достық, Мектеп көшелеріне асфальт төселіп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жоба 2026 жылға өтпелі.
- Жоба құны 486,5 млн.теңге құрайтын Аққыр елді мекеніндегі Ы.Ақмырзаев, Ш.Есов, М.Ахметов, Аққыр, Н.Тәспенов көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын бастау мақсатында облыстық бюджеттен 180,5 млн.теңге қаралып, бүгінгі күнге бөлінген қаржы шегінде Аққыр, Н.Таспенов көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.
Жоба 2026 жылға өтпелі.
2026 жылы жүзеге асырылатын жобалар.
- Жаңадария ауылындағы Қ.Сәтбаев, Жаңадария, Достық, Мектеп көшелерін күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін бекітлген облыстық бюджеттен 269,8 млн.теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға Жаңадария, Мектеп көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
- Аққыр елді мекеніндегі Ы.Ақмырзаев, Ш.Есов, М.Ахметов, Аққыр, Н.Тәспенов көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін бекітілген облыстық бюджеттен 295,2 млн.теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға Ы.Ақмырзаев, Ш.Есов, және М.Ахметов көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
- Ақсу ауылының 3 көшесінің (Ақбөгет, М.Әуезов, Т.Қожағұлов) құрылысы жұмыстарына 2025 жылы мемлекеттік сатып алу конкурсы рәсімдері жүргізіліп, жеңімпаз мердігер мекеме анықталды (келісім шарт құны 288,3 млн.теңге). Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда, жоба толығымен жүзеге асырылатын болады.
Сонымен қатар, бүгінгі күнге Жалағаш ауданының жол саласы бойынша барлығы 3 млрд 416,7 млн.теңге құрайтын 13 жобаға облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.
Анықтама ретінде:
- Ақсу ауылындағы 3 көшенің құрылысы жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, жеңімпаз мердігер мекеме анықталды. Жобаны қаржыландыру үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды. Жобаны аяқтауға қажетті қаржы 288,3 млн.теңге.
- М.Шаменов ауылының Тәшімбетов көшесінің құрылысы жұмыстарын қаржыландыру үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
Жоба құны 167,1 млн.теңге.
- 3. Аққұм елді мекенінің айналма жолын реконструкциялау жобасын қаржыландыру үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
Жоба құны 196,5 млн.теңге.
- Мырзабай ахун ауылының К.Оспанов және Жаңақоныс көшелерін күрделі жөндеу жобасын қаржыландыру үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
Жоба құны 591,9 млн.теңге.
- Мәдениет ауылының Жаңақоныс көшесін күрделі жөндеу жобасын қаржыландыру үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
Жоба құны 199,8 млн.теңге.
- Жаңаталап ауылының 2 көшесін күрделі жөндеу жұмыстарын қаржыландыру үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
Жоба құны 128,0 млн.теңге.
- Ақсу ауылының 3 көшесін күрделі жөндеу жұмыстарын қаржыландыру үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
Жоба құны 106,9 млн.теңге.
- Есет батыр ауылының 4 көшесін күрделі жөндеу жұмыстарын қаржыландыру үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
Жоба құны 248,2 млн.теңге.
- Т.Жүргенов ауылының 8 көшесін күрделі жөндеу жұмыстарын қаржыландыру үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
Жоба құны 677,9 млн.теңге.
- 10. Жаңақоныс-Таң аудандық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстарын қаржыландыру үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
Жоба құны 287,6 млн.теңге.
- «Самара-Шымкент-Мәдениет-Т.Жүргенов-Жаңаталап-Аққыр» аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы «Қорқытбай» каналы арқылы өтетін автомобиль көпірін қайта жаңарту» жобасын қаржыландыру үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
Жоба құны 77,0 млн.теңге.
- «Самара-Шымкент-Таң» аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы Бозарық каналының көпірін қайта жаңғырту» жобасын қаржыландыру үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
Жоба құны 350,6 млн.теңге.
- «Самара-Шымкент-Мәдениет-Т.Жүргенов-Жаңаталап-Аққыр» аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы «Пірман» каналы арқылы өтетін автомобиль көпірін қайта жаңарту» жобасын қаржыландыру үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
Жоба құны 97,9 млн.теңге.
2025 жылы жүзеге асырылған жобалар
Газдандыру жұмыстары туралы
- Жоба құны 1 млрд 178,4 млн.теңге құрайтын «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қаракеткен және Далдабаев елді мекендеріне газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерінің құрылысы» жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып «Сырэнергогазстрой» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Техникалық қадағалаушы «Айбар-Ш» ЖШС, авторлық қадағалаушы «Дос Құрылыс KZO» ЖШС. 2025 жылдың қараша айында Қаракеткен және Далдабай елді мекендерін газдандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 1,0 млн.теңге қаржы қаралып, бөлінген қаржыға сәйкес, газдандыру құрылысының жұмыстары басталып, 48 метр газ желісі тартылды.
2.«Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр елді мекені, жеткізуші газ құбыры мен орамішілік газ тарту желілеріне және ШГРП салу жұмыс жобасын қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім әзірленіп облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жолданды. Жұмыс жобасы бойынша жоба құны 1 329 735,7 мың теңге.
- «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Шәменов елді мекеніндегі мәдениет үйінің ғимаратының қазандығын табиғи газға ауыстыра отырып реконструкциялауға» аудандық бюджеттен 3,5 млн.теңге қаралып, жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Жобалаушы мекеме «Проект сервис» ЖШС.
- «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентіндегі №31 мектеп-гимназия ғимараты, Ақсу ауылы №116 орта мектеп, Шаменов ауылы №34 орта мектеп, Жалағаш кенті «Жауқазын» бөбек бөбекжай-бақшасы, М.Шаменов ауылы №18 бөбек бөбекжай-бақшасы» ғимараттарын табиғи газ отынына көшіру үшін жобалау-сметалық әзірлеу жобасын қаржыландыру үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.
Жарықтандыру жұмыстары туралы
- «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылындағы Ж.Жабаев, З.Қауқабаев көшелерін жарықтандыру» құрылысына жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. Жобалаушы мекеме «Димаш-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жобаның жалпы сметалық құны - 60 189,0 мың.теңге.
- «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылындағы А.Құнанбаев, Д.Тобаев көшелерін жарықтандыру» құрылысына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін 2025 жылы аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды. Жобалаушы мекеме «МК3 Проект» ЖШС. Жобаның жалпы сметалық құны 42 355,9 мың теңге.
2026 жылы жүзеге асырылатын жобалар.
- «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қаракеткен және Далдабай елді мекендеріне газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерінің құрылысы» жұмыс жобасы бойынша 2024 жылы жобаның құрылысын бастау үшін аудандық бюджеттен 100,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, мердігер мекеме «Сырэнергогазстрой» ЖШС жеңімпаз болып анықталды.
2025 жылдың қараша айында Қаракеткен және Далдабай елді мекендерін газдандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 1,0 млн.теңге қаржы қаралып, бөлінген қаржыға сәйкес, газдандыру құрылысының жұмыстары басталып, 48 метр газ желісі тартылды.
Сонымен қатар, 2026 жылға қосымша бюджеттен қаржы қарастыру үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Бюджеттен қосымша қаржы бөлінген жағдайда газдандыру жұмыстарының құрылысы жалғасатын табатын болады.
- «Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Шаменов елді мекенінің мәдени орталығы ғимартындағы қазандықты табиғи газға ауыстыра отырып реконструкциялау» жұмыс жобасына жобалау сметалық құжаттары әзірленді. 2026 жылға аудандық бюджеттен 35 937,0 мың.теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу веб порталы арқылы жылдық жоспар әзірленуде.
- «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентіндегі Ұлы Жеңістің 50 жылдығы көшесіне жаяу жүргіншілер жолының құрылысы» (2,085 шақырым) жұмысына 2026 жылға Жалағаш кенті әкімі апаратының өз кірісі есебінен құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.
- 2025 жылы ұйымдастырылған «Үлгілі елді мекен» конкурсының «Үлгілі елді мекен» номинациясына Жалағаш ауданының Жаңадария ауылдық округі ұсынылған болатын.
Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына 2026 жылға бюджеттік өтінім тапсырылды. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда, жоба толығымен жүзеге асырылатын болады.
- 2026 жылы Жалағаш ауданы бойынша жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалып, қаржыландыру үшін бюджеттік өтінімдерді жолдай отырып, облыстық және республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім жолданды.
Анықтама ретінде:
- «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Ақсу ауылындағы М.Найзабаев, С.Конституция, Дәулетбеков, Т.Боранбаев, Т. Елеусінов, Бостай би көшесінде көше жарығын салу» жұмыс жобасына 127 406,9 мың.теңге.
- «Жалағаш ауданы, Каракеткен ауылдық округi, Далдабай елдi мекенiндегi Далдабай-1, Далдабай-2, Далдабай-3, Тәуелсiздiк, Дружба, Иіркөл көшелерiн жарықтандыру құрылысы» жұмыс жобасына 74 100,3 мың.теңге.
3.«Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қаракеткен елді мекеніне аудандық маңыздағы кіре беріс жолды жарықтандыру құрылысы» жұмыс жобасына 90 495,8 мың.теңге.
4.«Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Таң ауылындағы А.Мықтыбаев, С.Сейфуллин. Ш.Уалиханов, Қарасу көшелерін жарықтандыру» жұмыс жобасына 58 619,2 мың.теңге.
- «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Таң ауылының орталық алаңын абаттандыру құрылысы» жұмыс жобасына 348 279,2 мың теңге.
- «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылындағы А.Құнанбаев, Д.Тобаев, Ж.Жабаев, З.Қауқаев көшелерін жарықтандыру» жұмыс жобасына 40 185,8 мың.теңге.
- «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Жалағаш кентіндегі орталық алаңын қайта жаңғырту» жұмыс жобасына 315 219,6 мың теңге.
- «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр е/м, жеткізуші газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін және ШГРП салу» жұмыс жобасына 1 329 735,7 мың.теңге.