Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданында мәдениет саласы бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы

Жалағаш ауданы бойынша 17 мәдениет ұйымдары жұмыс жасайды. Мәдениет және өнерді дамыту орталығы, 1 аудандық, 6 ауылдық мәдениет үйі мен 9 ауылдық клуб кәсіпорындары, 4 халықтық  ұжым, №1 және №2  жылжымалы  мәдени-демалыс  кешені  халыққа  мәдени  қызмет  көрсетеді.

Биылғы жылы құны 1,6 млрд теңгені құрайтын "Руханият" орталығының ғимараты пайдалануға беріліп, ғимаратты күтіп ұстау үшін 10 штат бөлінді. Халық игілігін көріп отырған «Руханият» орталығы тарих пен мәдениетті біріктірген, жаңа идеялар мен шығармашылық ақпараттық диалог орнатылатын креативті алаңға айналуда жәнеде 2024 жылы күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін жаңа заманауи киіпке енген Таң ауылдық мәдениет үйінде тұрақты түрде түрлі форматта шаралар өткізіліп келеді.

 Сонымен қатар саланың материалдық-техникалық базасы ұйымдастыру техникаларымен концерттік костюмдермен толықтырылды.

Есепті кезеңде балалар мен жасөспірімдердің мәдени тәрбиесін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған үйірмелермен қамту бағытында 108 көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс жасап, оған тартылған өнерпаздар саны - 1195-ге артты. Оның ішінде 6-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысатын үйірме -79, қатысушылар саны - 842.

Көркемөнерпаздар үйірме мүшелері 4 халықаралық байқау, 12 республикалық байқау, 79 облыстық байқау, 20 аудандық байқауға қатысып, жүлделі орындарды иеленді.

Атап айтсақ Алматы қаласында «JAS JULDYZ PRODUCTION»  шығармашылық орталығының  ұйымдастыруымен өткен «Жас Жұлдыз» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер байқауында Аққұм ауылдық клубының үйірме қатысушылары 3 жанр бойынша қатысып бас жүлде, Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырған «Бозторғай» балалар шығармашлығының ХХVІІ халықаралық конкурсында мәдениет және өнерді дамыту орталығының «Элеганс» би үйірмесінің мүшелері 3 орын, Жаңаталап ауылдық клуб жанынан құрылған «Асыл әжелер» ансамблі Ақтау қласында өткен Халықаралық «Жаңа есім» фестивалінде өнер көрсетіп Қырғызстан республикасында өтетін Халықаралық «Жаңа есім» фестиваліне жолдама алып өнер көрсетіп қайтты.

 «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасына сәйкес ұлттық мәдениетті ілгерілетуге және дәстүрлерді жаңғыртуға, балалар мен жасөспірімдерді мәдени тәрбиемен қамтуға бағытталған түрлі форматтағы 1866 іс-шаралар: оның ішінде театр қойылымдары, шығармашылық конкурстар, фестивальдер, көрмелер, сұхбаттар, акциялар ұйымдастырылды. Оған 159 725  көрермен тартылды.

Жыл көлемінде «Алтын-Арай», «Қызғалдақтар» халық ән-би және «Классика» камералық ансамбльдерінің есепті концерттері, Халық театрының жаңа қойылымдары, Наурыз мейрамына орай “Наурызнама” онкүндігі,  Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында "Партизан Тұрғанбике" II актлі драмасы көрермендер назарына ұсынылды. Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай Қызылорда қаласында Жалағаш ауданының мәдениеті мен өнер күні, 25 қазан республика күні және "Алтын күз 2025" мерекелік шарасы жоғарғы деңгейде аталып өтілді.

 Сонымен қатар облыстық деңгейде «Ұлы Жеңісті жырлаймыз»  атты Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай  облыстық жас жазба ақындар мүшайрасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Нұржанов Ысқақ  Нұржанұлының 100 жылдығына арналған «Ерлігі-елге мұра, ұрпаққа ұран» атты облыстық патриоттық ән байқауы, мәдениет және өнер саласы ардагерлері арасында "Ардагерлер әуені" атты облыстық өнер фестивалі, Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл мерейтойына орай  "Жүрекке жеткен Абай әуендері" атты Абай әндерін орындаудан ардагерлер арасындағы облыстық ән байқауы, сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтың 120 жылдығына арналған “Халқы сүйген қаламгер” атты облыстық мысал айтушылар байқауы, Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл мерейтойына "Жүрекке жеткен Абай әуендері" атты Абай әндерін орындаудан ардагерлер арасындағы облыстық ән байқауы, Қазақ АКСР–ның алғашқы Астанасы болғанына 100 жыл толуы аясында балалар шығармашылығына арналған «KYZYLORDA MUSICAL» драма үйірмелерінің облыстық байқауы өткізілді.

Креативті индустрияны дамыту мақсатында құрылған "Тұмарша" креатив орталығы жыл көлемінде ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіп келеді. Атап айтсақ «Creative Caravan» облыстық көшпелі креатив көрмесі және ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Шайғозова Жанерке Наурызбайқызы Жалағаш ауданына арнайы іссапары аясында Аққыр және Жаңаталап ауылының әжелері қатысуымен Руханият орталығында киіз басу технологиясының бейнетүсірілімі ұйымдастырылды.

 Кітап қоры – 378489 , мемлекеттік тілде – 235565 .Оқырман саны – 18 950, кітап берілімі – 356 300, келушілер саны – 154 102. Аудан кітапханаларында кітап басылымдарын цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жалғасуда. Оқырмандар Қазақстандағы кітапханалардың жиынтық электрондық каталогына, "kazneb.kz" мобильді қосымшасына қол жеткізуде, аудандық кітапхана қорындағы 917 дана жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары мен 2488 дана жергілікті мерзімді басылымның электрондық көшірмелерін санды форматқа көшіріп, бүгінгі күнге 1650  оқырманның пайдалануына мүмкіндік берілді. Ағымдағы жылы кітапхана қоры  2403  жаңа әдебиеттермен толықтырылды.

Кітапханалар жүйесі бойынша РАБИС бағдарламасына кітапхана қорындағы 131575 дана кітап және 7485 мақала электронды каталогқа енгізілген. Бүгінде электронды каталог пайдаланушылар саны – 4000-ға жетті. (3816).

 «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында ескерткіштерге көркейту-көгалдандыру, тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Сондай-ақ 2025 жылдың 18 маусым күні аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен жастардың қатысуымен (маргинал, оқушы, студент, жасыл ел еңбек жасағы сарбаздары) Қалжан ахун, Оқшы Ата, Сауран, Сығанақ, Қожа Ахмет Яссауй кесенелеріне саяхат ұйымдастырды.

Дата публикации
13 января 2026
Дата обновления
13 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы