Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің 2025 жылы 12 айында атқарған жұмыстары туралы

Жалағаш ауданы бойынша 2025 жылы 36712 гектарға ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде негізгі дақыл күріш көлемі 19357 гектарды құрайды.

Р/с

Дақыл атауы

Көлемі, га

1

Күріш

19357

2

Жаздық бидай

775

3

Арпа

50

4

Мақсары

595

5

Қант құмайы

200

6

Соя

65

7

Сұлы

5

8

Жаңа жоңышқа

4850

9

Ескі жоңышқа

8150

10

Картоп

250

11

Көкөніс

1115

12

Бақша

1300

Барлығы

36712

 

2025 жылы 209 құрылым егін орналастыру жұмыстарын жүргізуде, оның ішінде күріш дақылын орналастырған шаруашылықтар саны 162.

Орналастырылған 19357 гектар күріштің әр гектарынан 59,8 центнерден, барлығы 1156513 цн өнім жиналды.

Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін бидай, арпа, сұлы, қант құмайы, мақсары, көкөніс, бақша дақылдары толық жиналып алынды. Атап айтқанда:

775 гектар жаздық бидайдың әр гектарынан  9,0 центнерден, барлығы 6975 центнер;

595 гектар мақсарының әр гектарынан 9,0 центнерден, барлығы 5355 центнер;

200 га қант құмайының әр гектарынан 23,8 центнерден, барлығы 4760 центнер;

65 гектар сояның әр гектарынан 12,9 центнерден, барлығы 838 центнер;

50 гектар арпаның әр гектарынан 10,0 центнерден, барлығы 500 центнер;

5 гектар сұлының әр гектарынан 13,5 центнерден, барлығы 68 центнер;

1115 гектар көкөністің әр гектарынан 210,5 центнерден, барлығы 234707 центнер;

1300 гектар бақшаның әр гектарынан 230,5 центнерден, барлығы 299650 центнер өнім жиналды.

Бүгінгі күнге 4850 га жаңа жоңышқаның әр гектарынан 12,5 центнерден, барлығы 60625 центнер;

8150 гектар ескі жоңышқаның 150 гектары тұқымға алынып, қалған 8000 гектарынан 52190 центнер өнім жиналды.

Аудан шаруашылықтары техника паркін жаңарту жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді.

Аудан шаруашылықтары тарапынан биылғы жылы 691,7 млн теңгеге қаржыға 18 дана ауылшаруашылығы техникалары сатып алынды.

Мал шаруашылығы туралы

Аудан көлемінде 2025 жылдың 1 желтоқсанына барлығы 34777 бас мүйізді ірі қара, 27573 бас уақ мал, 29268 жылқы, 752 бас түйе, 50 бас шошқа, 10489 бас құс өсірілуде.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 99,5  %, жылқы 107,1 %, түйе 90,7 %, уақ мал 92,2% , құс 100,8 % орындалды.

Барлығы  3655,7 тн (тірілей салмақта) ет,  5046,1 тн сүт, 276,4 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 101,2 пайызға, сүт 100,2 пайызға, жұмыртқа 100,2 пайызға орындалды.

2025-2026 жылдың қысына түсетін 64740  шартты мал басына барлығы 90,3 мың тонна шөп, 29,5 мың тонна сабан және  19,0 мың тонна жем дайындау жоспарланып  маз азығын дайындау қорытындысымен  табиғи шөп 105,0% , құрама жем 101,5%, сабан 110,1% орындалды.

 Аудан бойынша 3 шаруашылық асыл тұқымды мүйізді ірі қара (Бақдаулет-57 ШҚ, Адал ЖК, Еркебұлан ЖК), 1 шаруашылық асыл тұқымды қой малын өсірумен (Атамекен ШҚ) айналысуда.

Алдағы уақытта сүт тауарлы фермасын ашу мақсатында «Адал» ЖК 2022 жылы 30 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы Симментал сиырының қашарларын өз қаражатымен сатып алып жұмыс жасауда 2027 жылы шаруашылық жанынан сүт өңдеу цехын ашуды жоспарлап отыр.

«Бақдаулет-57» ФҚ Чехия мемлекетінен 95 бас асыл тұқымды «Симменталь»сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының аналығын сатып алып жұмыс жасауда, бүгінгі күнге сатып алынған малдың 72 пайызы төлдеп тәулігіне 700  литр сүт өндіруде.

Азық – түлік туралы 

Облыс әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Атап айтқанда: ақ күріш, ұн, қарақұмық жармасы, нан, рожки, сиыр еті, тауық саны, сүт майлылығы 2,5%, айран майлылығы 2,5%, ірімшік майлылығы 5-9%, тауық жұмыртқасы С-1, сарымай майлылығы 72,5%, өсімдік майы, қырықабат, басты пияз, сәбіз, картоп, құмшекер, ас тұзы.

 2025 жылдың 5 қаңтары мен 2026 жылдың 5 қаңтары аралығындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің салыстырмалы бағалары бойынша 19 түрлі азық-түлік өнімдерінің ішінде 6 өнімнің бағасы арзандаған.

Ақ күріш-30 % (125 теңгеге), бидай ұны-12 % (27 теңгеге), рожки-6 % (20 теңгеге), сүт-9 % (40 теңгеге), ірімшік-15 % (200 теңгеге), тауық жұмыртқасы (10 дана)-12 % (70 теңгеге).

12 өнімнің бағасы қымбаттаған.

Қарақұмық жармасы-2 %), нан-12 %, сиыр еті-24 %, тауық саны-33 %, айран-13 %, өсімдік майы-35 %, қырыққабат-33 %, пияз-30 %, сәбіз-26 %, картоп-53 %, құмшекер-8 %, тұз-9%.

1 өнімнің бағасы тұрақты

сары май.

2025 жылдың 5 қараша мен 2026 жылдың 5 қаңтар (1 ай) аралығындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің салыстырмалы бағасы бойынша 19 түрлі азық-түлік өнімдерінің ішінде

4 өнімнің бағасы қымбаттаған.

3 өнімнің бағасы арзандаған.

12 өнімнің бағасы тұрақты.

Бүгінгі күнге Жалағаш ауданы бойынша ірі және шағын сауда орындарында өндірілетін және сырттан келетін 573,4 тн азық-түлік өнімдерінің қоры бар

 Анықтама үшін:

Ұн-110 тн, күріш-90 тн, қант-30 тн, макарон-105 тн, күнбағыс майы-40 тн, тұз-35 тн, жуа-45 тн, картоп-50 тн, сәбіз-23 тн.

Ауданда азық-түлік өнімдерінің бағаларына тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді. Мониторинг нәтижесімен азық-түлік өнімдерін жоғары бағада сатқан кәсіпкерлер тиісті мекемелерге шара қолдану үшін ұсынылуда.

Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында жыл басынан бүгінгі күнге дейін аудан орталығында 6 мәрте ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Жәрменкелерде азық түлік өнімдері  аудандағы сауда орындарындағы бағалармен салыстырғанда 10-12 пайызға төмен ұсынылды.

Алдағы уақытта азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмыстар жалғасын табатын болады.      

 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген  «ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидасына сәйкес 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2025 жылы көтерме жәрдем ақы сомасы 393 200 теңгені құрады. 2025 жылы жергілікті бюджеттен 57226,0 мың теңге қаржы қаралып, 40 сала мамандарына көтерме жәрдем ақы төленді. Қазіргі уақытта 164 сала мамандары кезекте тұр.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:

1) ауданның әкімшілік орталығына (Жалағаш кенті) келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бюджеттік кредит. 2025 жылға сомасы  9 830 000 теңге.

2) ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бюджеттік кредит – 2025 жылға 7 864 000 теңгені құрады.

2025 жылға республикалық бюджеттен 320480,0 мың теңге қаржы қаралып, оның ішінде 35 маманға тұрғын үй несиесі берілді.

 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы «Отбасы Банк» АҚ-мы «Баспана маркет» сайт  арқылы мамандардан құжаттары қабылдануда.

Жер мәселесі туралы

Жалағаш ауданының жер қоры 2 873 640 гектарды құрайды, оның ішінде 591 563 гектары Қарағанды облысынан ұзақ мерзімді пайдалануға алынған. Бұдан басқа Жалағаш аумағының 11 149 гектар жері Ресей Федерациясына пайдалануға  берілген.

Санаттар бойынша;

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 275615,8 га,

Елді мекен жерлері – 42760 га,

Өнеркәсіп, көлік,  байланыс, қорғаныс жерлері – 16083,7 га,

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – 6,9 га,

Орман қоры жерлері – 769482,2 га,

Су қоры – 14915,1 га,

Босалқы жерлер – 1754776,3 гектарды құрайды.

Аудан бойынша 33 016 гектарды құрайтын, жалпы саны 60 инженерлік тұрғыда әзірленген күріш ауыспалы егіс жүйесі, 1 мал азығындық және 1 картоп ауыспалы егіс жүйелері бар.

Аудан бойынша жерді қашықтан зондтау нәтижесімен анықталған ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге пайдалану жағдайына талдау жүргізіп, шаруашылықтарға мал басын тіркеу, қайта тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру, жайылымдарда –  жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының елу пайыздан жоғары ауыл шаруашылығы малдарының тіркеу қажеттілігі жөнінде шаруашылықтар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 1378 гектар болатын 8 жер учаскесіне жалдау мерзімі ұзартылды.

Пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып отырған жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға байланысты тиісті жұмыстар атқарылып келеді.

Нәтижесінде, бүгінгі күнге жалпы көлемі 11624 гектар болатын 24 жер учаскелері мемлекет жер қорына қайтарылды.

Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайта айналымға енгізу мақсатында жалпы көлемі 31908 гектар болатын 16 жер учаскелері жеке және заңды тұлғаларға табыс етілді.

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес 2025 жылы 278 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүргізілетін болады.

Дата публикации
12 января 2026
Дата обновления
27 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы