
Жалағаш ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі бойынша 2025 жылға арналған жұмыс жоспарында спорт саласы бойынша 3 республикалық, 6 облыстық және 80-ге жуық аудандық спорттық іс шаралар өткізу жоспарланған.
2025 жылдың қорытындысымен 8 облыстық, 80-нен аса аудандық, 3 республикалық және барлық ауыл округтерде спорттық жарыстар өткізіліп, оған барлығы 19602 спортшы қамтылды. 2024 жылғы қорытынды бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 14603 мың адам немесе аудан тұрғындарының 40,5 пайызын құраса, 2025 жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 15839 мың адам немесе аудан тұрғындарының 44,3 пайызын құрады.
2025 жылы ауданда 135 спорттық материалдық техникалық база тіркелген. Оның ішінде 1 стадион (1500 орындық), 83 жазық алаң олар: 1 спорттық ядро, 76 спорттық алаңдар, 6 футбол алаңдары кіреді. жабық бассейн-1, спорт кешені-2, ипподром-1,спорт залдар-31, жапсарлас спорт бөлмелер -16 тіркелген.
Бүгінгі күні аудан спортшылары Қол добы, Тоғызқұмалақ, Асық ату, Жеңіл атлетика, Ауыр атлетика, бокс спорт түрлерінен Облыстық жарыстарда 67 алтын,110 күміс, 60 қола медальдар, ҚР чемпионаттарында 13 алтын, 7 күміс, 4 қола, Халықаралық жарыста 4 алтын, 1 күміс, Гір көтеруден әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, 5 қола медальдар, Азия чемпионатынан 4 алтын, 2 қола медаль барлығы 279 медаль жеңіп алды.
Спортшылар гір спорты бойынша Сейтенов Абдулхасан, Төлеген Қайсар, Орынбасар Нұрислам, Мажиев Ислам, Ербол Әзиз, Әділбекұлы Өтеген, Өмірбек Әлтайыр, Нұрлан Қуаныш.
Қол добынан Мұңайтпас Айым, Төлеміс Алинұр, Шәкір Хадиша,
2025 жылы Төлеміс Алинұр –спорт шеберіне үміткер, Мұңайтпас Айым-спорт шебері атағын алып, Үздік жыл спортшысын атанды.
Қол Жеңілатлетикадан Ғалымұлы Нұрзат, Шығанбай Сезім, Қалнияз Балнұр.
Ауыл атлетикадан Дәуренбек Жанарыс,
Ұлттық спорт бес асықтан Таңатар Еркеназ,
Тоғызқұмалақтан Кенжебекова Ақерке
Қазақ күресінен Руслан Теміржан
2025 жылғы 18-22 тамыз аралығында Қызылорда қаласында өткен ауыл спортшыларының облыстық «Алтын күз-2025» спартакиадасымен, «Ақ бидай» республикалық іріктеу жарысында аудан командасы жүлделі ІІ орын иеленді.
Кент орталығында 2021 жылы «Ауыл Ел бесігі» жобасы аясында Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталып, осы ғимарат 2025 жылдың наурыз айында халық игілігіне пайдалануға берілді.
2025 жылы Аққыр ауыл округінде «Қазақстан халқы қоры» есебінен ангар типтес спорт залы салынып, Мәдениет ауыл округіндегі №14 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің теңгеріміне беріліп, халық игілігіне пайдалануда.
Аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне қарасты «Наркескен» спорт клубы жұмыс жасайды. «Наркескен» спорт клубында барлық қызметкерлер саны-59. Оның ішінде жаттықтырушылар саны – 11, спорт нұсқаушылар саны – 23.
Аудандық спорт бөліміне қарасты Бодыбай Құлтекенов атындағы жабық бассейнде 33 қызметкер, 2021 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасап келеді. Жылдық жоспар бойынша ай сайын спорттық шаралар өткізіліп келеді.
Бекітілген тарифке сәйкес 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдерге 400 тг 18 жастан жоғарғы азаматтармен азаматшалар 700 тг болып бекітілді. 1,2 топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар және 18 жасқа дейінгі ерекше жағдайды қажет ететін балаларға тегін қызмет көрсетеді. Зейнеткерлік жастағы және студенттерге 50% мөлшерінде жеңілдіктер қарастырылған.
Бұқаралық спортты дамыту үшін бүгінгі таңда аудандық «Наркескен» спорт клубының 18 спорт нұсқаушылары, кентте-3(үшеу), 14 ауыл округте-15 (он бес) Аққұм ауылында - 2 нұсқаушы. 4693 адамды спортпен шұғылдандыруда яғни жалпы тұрғындардың тұрақты спортпен шұғылданушылар үлесінің31 пайызын нұсқаушылардың спортқа тартқан адамдары болып табылады.
Наркескен спорт клубының спорт нұсқаушылары барлық ауыл және кент орталығында бекітілген жылдық жоспарға сәйкес спорттық іс шараларды сапалы ұйымдастырып өткізіп келеді.
Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында Олимпиадалық резервтік мамандандырылған жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жүргізуде. №13, №14 Спорт мектептерінде барлығы 1988 оқушы 14 спорт түрімен шұғылданса «Наркескен» спорт клубында 843 спортшы 9 спорт түрімен 11 үйірмеде шұғылданып келеді.
Туризм саласы бойынша:
Жалағаш ауданы бойынша қазіргі уақытта сырттан келушілерге арналған екі қонақ қызмет көрсетеді.
Аталған нысандардың келушілерге (туристтерге) барлық жағдай жасалынған.
Ішкі туристер (резиденттер) санының артуы.
2025 жылға ішкі туристтер санын 3800 резидентке орындау межесі бекітілген.
Оның ішінде 1-тоқсанында 900 резидентке, 2-тоқсанда 900 резидентке орындау, 3-тоқсанда 1200 резидентке, 4-тоқсанда 800 резидентке орындау жоспарланған. Қазіргі уақытта 3- тоқсанда 3000 резидент толығымен орындалды. 4-тоқсан бойынша 800 резидент орындалу жоспарлануда.
Сыртқы туристер (резидент еместер) саны.
2025 жылға сыртқы туристтер санын 500 резидент еместер орындау межесі бекітілген.
Оның ішінде 3 тоқсанында 420 резидент еместер орындау жоспарланып толықтай орындалды. 4-тоқсанда 80 резидент еместер орындалу жоспарлануда.