
Жалағаш ауданы бойынша 2025 жылдың 11 айында халық саны 35645 адам, тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі - ШОК) саны 2795 бірлікті құраса, оның ішінде, 2696 субъектісі нақты жұмыс жасап тұрғандар құрап отыр.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 95,0 пайызды құрауда.
Аудан бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 4219 адам, жұмыспен қамтылғандар өсімі 94,6 пайызды құрауда.
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары арқылы 2025 жылдың 11 айында 109,2 пайызға артып, 38 млрд. 384,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді (2024 жылдың 11 айында 34 млрд. 692,4 млн. теңге).
Оның ішінде Өңдеу өнеркәсібі 2025 жылдың 11 айында шаруашылықтардың күріш ақтау және «Өркен Әлем» ЖШС-нің өндірген өнімі есебінен 127 пайызға артып, 15 млрд. 571,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді (2024 жылдың 11 айында 11 млрд. 354,0 млн. теңге).
Бөлшек сауда (жанар-жағар май, газ құю бекеттері, дәріханалар, компьютерлік жабдықтар сатумен айналысатындар) көлемі 2025 жылдың 11 айында 3 млрд. 791,9 млн.теңгеге немесе 100,2 пайызға орындалды (2024 жылдың 11 айында 3 млрд. 449,8 млн. теңге).
Негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемі 2025 жылдың 11 айында 19 млрд. 406,0 млн. теңгеге немесе 108,8 пайызға орындалды (2024 жылдың 11 айында 17 млрд. 828,0 млн. теңге).
Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту және жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 400 АЕК көлемінде мемлекеттік грант бағытында аудан бойынша 2025 жылдың 12 айында 264 жоба 4 млрд. 391,2 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Оның ішінде мемлекет басшысының ауылдық жерлердегі тұрғындардың табысын арттыру туралы тапсырмасына сәйкес құрылған «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 166,5 млн. теңгені құрайтын 33 жоба қаржыландырылды.
Анықтама ретінде: өңдеу бағыты бойынша 13 жоба 58,9 млн. теңге, асыл тұқымды мал шаруашылығы бағыты бойынша 12 жоба 66,1 млн. теңге, ара балы өндірісі 1 жоба 4,0 млн теңге,құс шаруашылығы 1 жоба 2,5 млн теңге, қызмет көрсету бағыты6 жоба 35,0 млн. теңге.
Жаңадан 35 жұмыс орны құрылады.