Лого

Меню

Страницы

Статья

Аудандағы жастар саясаты саласында 2025 жылы атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет

Жалпы статистикалық мәлімет

Жалағаш ауданындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауданда 14 пен 35 жас аралығында 10 816 (30,1%) жас тіркелген, , оның ішінде 5885 - ер азаматтар, 4931 - әйел.               

Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы құрылған. Штат саны – 7 (директор саны – 1, кеңесшілер саны – 6).

Жалағаш ауданы бойынша жастар арасында қоғамдық саяси ахуал тұрақты.  1 кент және 14 ауылдық округтер бойынша жастар ісі жөнінде мамандар бар.

Қаржыландыру және әлеуметтік жобалар

Жалағаш ауданындағы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 2025 жылға 24 135,0 млн.теңге (2024 ж. 20,389  млн. теңге)  оның ішінде жастарды дамыту мен қолдауға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 4 жобаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 10 671,0 млн.теңге (2024 ж. 4 жоба – 10,692 млн. теңге) қаржы бөлініп, жоба жеңімпаздарымен келісім шарт жасалып, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Жүзеге асырушы ұйым – Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі. Келесі жобалар жүзеге асырылды:

«Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру» әлеуметтік жобасы;

«Жалағаш ауданындағы жұмыссыз (NEET) санатындағы жастарға бағытталған шараларды ұйымдастыру және жастар шығармашылығын дамыту» әлеуметтік жобасы;

«Жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау және патриоттық шараларды ұйымдастыру»  әлеуметтік жобасы;

Орталық тарапынан жүзеге асырылатын қаржысыз жобалар, үйірмелер Жайдарман клубы, Сұхбат тайм, Мобилография үйірмесі, Жетістіктер жолы, Кәсіп life, Кинотайм.

 2025 жыл бойынша жастар ресурстық орталығы және «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  172 шара өткізіліп, оған 5200-ге жуық жас қатыстырылды.

Жастарды жұмыспен қамту бойынша

Жалағаш ауданы бойынша жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 4,2 пайыз. Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында 2025 жылда Мансап орталығына 2992 адам хабарласса, оның 1202-і немесе 40,2 пайызы жастар.

Субсидияланған жұмыс орындарына және тұрақты жұмыс орнына 2104 адам жолданған болса, оның ішінде 392-і немесе 18,6 пайызы жастар. Атап айтқанда:

- әлеуметтік жұмыс орны  - 10;

- жастар практикасы - 177;

- қоғамдық жұмыс - 96;

- тұрақты жұмыс орнына – 108;

- қайтарымсыз грант – 32.

Мемлекеттік атаулы көмек 14-35 жас аралығында 41 отбасыға тағайындалған.

NEET санатындағы жастармен жұмыс

Ауданда NEET санатындағы жастар үлесін төмендету бағытында мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер беріліп, қысқа мерзімді оқу курстарынан өтіп қайтарымсыз гранттар алуға, жастарының шығармашылығын дамыту мақсатында «Жастар кеші», аудандық жайдарман лигасы, жастарға кеңес беру шарасы, түнгі рейд, ерікті жастар қатысуымен қайырымдылық акциялары, интеллектуалды сайыстар, жастарға ауылдың құндылықтарын насихаттау үшін «Еңбек» лагері, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ашық ақпарат көздерінен кинолар және спорттық сайыстардың тікелей көрсетілімдері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

«Жасыл ел» еңбек жасағы

2025 жылы Жалағаш ауданы бойынша «Жасыл ел» еңбек жасағы маусым айында бастау алды. «Жасыл ел» еңбек жасағының жұмысын жүзеге асырушы ұйым «Қадам Қармақшы» қоғамдық бірлестігі. 2025 жылы 110 жасты «Жасыл ел» еңбек жасағына тартылды, маусым айында 40 жас жұмыс жасаса, шілде айында 45 жас, тамыз айында 25 жас «Жасыл ел» еңбек жасағында өз жұмыстарын жасады.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша

Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша тұрғын үй несиесін алу үшiн республикалық бюджеттен 35 маманға 320 458 мың теңге қаржы қаралды. «Баспана маркет» сайт арқылы (20-35 жасқа дейiнгi) өтiнiш бiлдiрген сала мамандарына тұрғын уй несиесi толық төлендi. Оның iшiнде денсаулық сақтау саласы бойынша-9, бiлiм беру саласы бойынша-16, спорт саласы бойынша-6, мәдениет саласы бойынша-2, агроөнеркәсiп кешенi саласы бойынша-1, мемлекеттік қызметкер-1.

Денсаулық сақтау бағыты бойынша

Отбасы күніне орай Жалағаш Аудандық Ауруханасы және аудандық Жастар ресурстық орталығы емханада «Ашық есік күні» ұйымдастырылып өткізілді.

Шараның мақсаты – ұрпақ өрбіту жасындағы жастардың  денсаулығын нығайту, зиянды әдетердің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау.

Іс-шара барысында жастарға және аудан тұрғындарына скринингтік тексерулер өткізіліп, гинеколог, уролог, терапевт, психолог, Жастар денсаулығы  мамандары кеңестер беріп, скринингтік тексерулер жүргізілді. Сонымен қатар "Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы!" тақырыбында семинар тренинг өткізіліп, үнпарақшалар тартатылды.

Емхана қызметкерлері барлық келген азаматтарға алғыстарын білдіре отырып, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табатындығын атап айтуға болады.

Құқықбұзушылық бағыты бойынша

Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түнгі уақытта заңбұзушылық әрекеттерге жол бермеу мақсатында түнгі рейдтік жұмыстар жыл басынан бері тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Рейд барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруі және басқа да құқыққа қайшы әрекеттері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында халық көп шоғырланатын орындар, ойын-сауық нысандары, кафе мен мейрамханалар қамтылды. Жасөспірімдер арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрмеу қажеттігі ескертілді.

Алдағы уақытта да рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Аудандық пробация қызметінде 16 жас азаматтар (Жалағаш кенті-9, ауылдық округтер-7) есепке алынған.

Олардың тұрақты жұмыспен қамтылғандары-4, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-4, жұмыссыздар-2, денсаулығына  байланысты  уақытша  жұмысқа жарамсыздар-1, студент-1, қоғамдық жұмысқа жіберілгендер-3, уақытша ұстау изоляторында қамауда-1.

Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған азаматтармен кездесу өтті.  Кездесу барысында сала мамандарының  қатысуымен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, пробация талаптарын сақтау мен қайта қылмыстың салдары түсіндірілді. Азаматтарға заң аясында өмір сүрудің маңызы, қоғамға пайдалы мүше болудың жолдары көрсетілді.

Мәдени, патриоттық және экологиялық іс-шаралар

Ұлттық домбыра күніне орай Жастар ресурстық орталығы мен Мәдениет және өнерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Dombyra Party» атты әсерлі мәдени шара өтті.

12 тамыз – Халықаралық жастар күнінде тазалық акциясы, медициналық тексерулер, форумдар, «Muz Live» караоке, гала-концерт, неке қию рәсімі, құқықтық және мәдени шаралар он күн бойы өткізілді.

Мемлекет басшысының бастамасымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында ауданымызда аудан жастарының қатысуымен тазалық жұмыстары өз жалғасын тауып келеді.

Ақтерек сауықтыру лагерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жемқорлықсыз әлем» атты сурет байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік құндылықтарын қалыптастырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша көзқарасын шығармашылық тұрғыда жеткізу. Байқауға қатысушылар өз туындылары арқылы әділетті қоғамға деген көзқарасын, ұстанымын көркем түрде бейнеледі.

Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы мен әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай жоғары сынып оқушылары арасында интеллектуалды сайыс өтті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Оқушылар өз білімін, ой ұшқырлығын және ізденімпаздығын сынап, үздіктер анықталды. Жеңімпаздарға дипломдар, қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен студенттер мен мектеп оқушылары арасында “Нашақорлық пен есірткінің зардабы” тақырыбында еркін форматтағы ашық сұхбат өтті. Шара барысында “Ар-Рахим” мешітінің имамы Мадиев Айбек жастарға есірткінің адам денсаулығына, отбасына және қоғамға тигізер орасан зор зияны туралы кеңінен түсіндіріп берді.

Руханият орталығында еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға бағытталған аса маңызды шара – азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын ұйымдастыру мәселесіне арналған жиын өтті. Шара Жалағаш ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі мен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Жалағаш ауданы жастарының қатысуымен суицидтің алдын алуға бағытталған бейнеролик әзірленіп, қоғам назарына ұсынылды. Бұл бейнеролик – өмірдің мәнін ұғындыру, қиын сәттерде қолдау көрсету және әр жанның өмірге қайта ғашық болуына жол ашу мақсатында дайындалды.    

Жайдармандағы жетістіктер

Алматы қаласында өткен Республикалық “Jaidarman JUNIOR” финалдық сайысында “Дәуімбай” құрамасы тамаша өнер көрсетіп, топ жарды. Құрама өз тобының үздігі атанып, ІІІ-орын иеленді.

Тереңөзек ауданында өткен «Жайдарман» ойындарының финалында “Дәуімбай” құрамасы ІІ орын алды.

Облыстық Bastau лигасында ІІ орынға иеленді.

«Мардан ұландары» құрамасы Қараөзек ауылы әкімінің кубогы І орынға, С.Сейфуллин ауылы әкімінің кубогы І орынға иеленді. Облыстық білім басқармасы ұйымдастырған Сыр Лигасында ІІІ орынға иеленді.

«3/4» құрамасы Қызылорда облыстық SuperLiga ойындарында үздік ойын көрсетіп, І орынмен жартылай финалға жолдама алды.

Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясаты 2025 жылы жүйелі түрде жүзеге асырылып, жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға, олардың денсаулығын нығайтуға, құқықтық және патриоттық тәрбиесін күшейтуге бағытталған нақты жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Дата публикации
12 января 2026
Дата обновления
12 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы