
2025 жылға қаралған қаржы 867554,7 мың теңге (оның ішінде-Отбасын қолдау орталығына 53578,0 мың теңге), 2026 жылдың 1 қаңтарына игерілгені 867430,1 мың теңге.
Әлеуметтік көмек, жәрдемақылармен қамту шаралары
2025 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға 45468,0 мың теңге қаралған.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі учаскелік комиссиялар саны-15. Оның ішінде, Жалағаш кенті бойынша 1 учаскелік комиссия және әр ауылдық округ бойынша 1 учаскелік комиссиялардан.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша:
2025 жылы атаулы әлеуметтік көмекке 93 отбасының 595 мүшесіне 38490,4 мың теңге тағайындалып, төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 87 отбасының 566 мүшесінің 184 баласына 6977,3 мың теңге тағайындалып, төленді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген 93 отбасы 595 мүшесінің 18 жасқа дейінгі балалар саны 397, мүгедектігі бар адам-1, студенттер саны-28, зейнеткерлер-2. Еңбекке қабілетті мүшелер саны-167, оның ішінде жұмыссыздар-18, жүгіну кезінде жұмысы барлар-107, бала күтімінде -42.
Белсенді шараға қатысушылар-23, қоғамдық жұмысқа-10, тұрақты жұмысқа орналасқандар-7, кәсіпкерлік бастамашылық-6.
Тұрғын үй көмегін көрсетуге аудан бюджетінен 376,0 мың теңге қаралған. Бүгінгі күнге 7 отбасының 10 мүшесіне 375,6 мың теңге тағайындалып, төленді.
Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сатысындағы азаматтарға 2025 жылға қаралған қаржысы 11095,6 мың теңге. Қосымша тамақтануға 48 адамға 11017,0 мың теңге төленді.
«Отан Даңқ» ордендерімен наградталған, республикалық құрметті атағына ие болған 2 азаматқа 179,3 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.
Өрттің салдарынан зардап шеккен 3 отбасына 1926,7 мың теңге тағайындалып, төленді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген 71 азаматқа облыстық бюджеттен 13880,0 мың теңге, тағайындалып, төленді.
Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан 4 азаматқа 786,4 мың теңге тағайындалып, төленді.
Кеңес армиясының мүгедек 2 азаматына 393,2 мың теңге төленді.
Екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне 2 азаматшаға 393,2 мың теңге төленді.
Ауған соғысына қатысқан 20 азаматқа аудандық бюджеттен 3932,0 мың теңге төленді.
Семей ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен 16 азаматқа 3145,6 мың теңге төленді.
Тәжік–Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған 15 азаматына 2949,0 мың теңге төленді.
Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының 18 азаматына 3538,8 мың теңге тағайындалып, төленді.
Сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына 1 азаматқа 39,3 мың теңге тағайындалып, төленді.
Облыс әкімінің гранты бойынша 9 студентке 4916,5 мың теңге оқу ақысына, 2548,0 мың теңге тамақтануы мен тұруына барлығы 7464,4 мың теңге төленді.
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмекке қаралған қаржы 38676,0 мың теңге, бүгінгі күнге 2459 маманға 38675,2 мың теңге тағайындалып, төленді.
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай әлеуметтік көмекке қаралған қаржы 138,0 мың теңге. 7 адамға 137,6 мың теңге тағайындалып, төленді.
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар
Аудан бойынша мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтарға 1018 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны-247.
Мүгедектерді сауықтыру жеке оңалту бағдарламасы (ЖОБ) негізінде жүзеге асырылады. Барлығы 1776 жеке оңалту бағдарламасы бойынша өтініш түсіп, оның 1773-і немесе 99,8 %-ға орындалды.
2025 жылы 985 мүгедектігі бар адам міндетті гигиеналық құралдармен, 84-і кресло арбамен, 150-і санаторлы-курорттық жолдамамен, 131-і тифлотехникалық құралдармен, 20-ы сурдотехникалық құралдармен, 284-і протездік ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді.
Есту кемістігі бар 6 мүгедектігі бар адамға 1 ымдау тілінің маманы, жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектігі бар 113 адамға жеке көмекшілермен қызмет көрсетіліп келеді.
Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына 42 адам жіберілді, оның ішінде 12 зейнеткер.
2025 жылы 102 мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 65 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілуде.
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша 5266,0 мың теңге қаралды. 2025 жылы 59 мүгедектігі бар баланың ата-анасынан құжаттар қабылданып, 5264,4 мың теңге төленді.
Қызылорда қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығына 1 мүгедектігі бар бала орналастырылды.
Қызылорда қаласындағы №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 1 мүгедектігі бар адам орналастырылды.
Аудан бойынша тірек қозғалыс аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға күндізгі стационар жағдайында 12 балаға дейін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
«Кажмахан» жергілікті қоғамдық бірлестігімен 17 қыркүйек 2025 жылы келісім шарт жасалған. (1 балаға 1 күнге 4150,0 теңге төленеді.)
Жергілікті бюджеттен 2025 жылға 2701,6 мың теңге қаралып, игерілді. «Кажмахан» жергілікті қоғамдық бірлестігінде стационар жағдайында 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың күндізгі болу бөлімшесінде 7 бала қызмет көрсетілді.
Жыл басынан бері «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеуге» 6 адамға қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындалды.
Еңбек мигранттарына еңбек қызметімен айналысуға рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қызметі бойынша 2025 жылы барлығы 70 өтініш түсіп, 48-не рұқсат берілсе, 8-і ұзарту, 14-і бас тартылған.
Пробация туралы
2026 жылдың 1қаңтарына Жалағаш ауданы бойынша жаза өтеу орындарынан босатылған және аудандық пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың саны-45, оның ішінде 41 пробация қызметіндежәне 4 полиция бөлімінде есепке алынған.
Оның ішінде:
-шартты жазаға сотталғандар-6
-бас бостандығынан шектеу жазасына сотталғандар-27
-белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдануға тиім салынғандар-7
-уақытша ұстау изоляторына-1
-мерзімінен бұрын шартты түрде босатылып келгенде-4
Олардың, 27-сі Жалағаш кентінен, 18-і ауылдық округтерден.
Статустары бойынша:
-тұрақты жұмысқа орналасқандар-13
-қоғамдық жұмысқа жіберілгендер-6
-өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-6
-жұмыссыздар-5
-денсаулығына байланысты уақытша жұмыссыз-1
-зейнеткерлер-4
-мүгедек-1
-студент-1
-уақытша ұстау изоляторына-1
-белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдануға тиым салынғандар-7
Жыл басынан бері «Мансап» орталығына «жұмыс іздеуші» ретінде 25 адам тіркеліп, 11-ы тұрақты жұмысқа орналасты, оның ішінде 6-ы квота бойынша, 9-ы ақылы қоғамдық жұмысқа, 1 адам маусымдық жұмысқа жолданды. 2 адам Мемлекеттік қайтарымсыз грант алып өз кәсіптерін ашқан, 2 адам тіркеуден шығарылған.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек беру мақсатында 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 10 адамның құжаттары арнайы комиссияда қаралып, тиісті қаражаттар төленді.
Жыл басынан пробация қызметіндегі 11 адамға 202,0 мың теңге көлемінде азық-түліктей көмек көрсетілді.
Аудандық пробация қызметінің есебіндегі адамдарды әлеуметтік қолдау аясыннда “Жігер” Қызылорда облысы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі ағымдағы жылдың 4 сәуір күні дойбыдан жарыс ұйымдастырды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға номинациялар, алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар 20 мамыр күні пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған әлеуметтік жоба бойынша есепте тұрған азаматтарға аудандық прокуратураның прокуроры, адвокат және психолог мамандар психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмектер көрсету семинар-тренингтер өткізді.
4 шілде аудандық “Руханият” орталығында Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен “Жігер” Қызылорда облысы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған әлеуметтік жоба бойынша “Пробация: мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылы” атты дөңгелек үстел өткізілді.Жиынға «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, аудандық прокуратура, аудандық “Мансап”, “Отбасын қолдау” орталықтарының және аудандық қоғамдық даму бөлімі мен аудандық полиция бөлімінің мамандары қатысып, кездесу барысында туындаған сұрақтар талқыланып, тиісті жауаптар берді.
2025 жылғы 13 тамыз күні пробация қызметінің есебіндегі азаматтардың балаларына «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Акция аясында, есепте тұрған сотталғандардың 10 оқушы балаларына мектепке керек-жарақтарының толық жиынтығы бар мектеп рюкзактары түрінде көмек көрсетілді.
5 желтоқсан күні қол күрестен, кермеге тартылудан және гір тасын көтеруден спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіби мамандықтарға оқыту немесе жеке кәсіппен айналысу мүмкіндіктері туралы түсіндірмелер жасалып және қайта қылмысқа бейім азаматтардың қайталап қылмыс жасамау және қоғамдық тәртіп бұзып әкімшілік жауапкершілікке тартылмау туралы ескертулер жасалды.