Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің 2025 жылы ІII тоқсанында атқарған жұмыстары туралы

Жалағаш ауданы бойынша 2025 жылдың 1 қыркүйегінде ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімі 4316,2 млн теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,7 пайыз орындалды.

Жалағаш ауданы бойынша 2025 жылы 36712 гектарға ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде негізгі дақыл күріш көлемі 19357 гектарды құрайды.

Р/с

Дақыл атауы

Көлемі, га

1

Күріш

19357

2

Жаздық бидай

775

3

Арпа

50

4

Мақсары

595

5

Қант құмайы

200

6

Соя

65

7

Сұлы

5

8

Жаңа жоңышқа

4850

9

Ескі жоңышқа

8150

10

Картоп

250

11

Көкөніс

1115

12

Бақша

1300

Барлығы

36712

2025 жылы 209 құрылым егін орналастыру жұмыстарын жүргізуде, оның ішінде күріш дақылын орналастырған шаруашылықтар саны 162.

Орналастырылған 19357 гектар күріш дақылының 18870 гектары (97,5%)  орылып, 18150 гектары (93,8%) жиналды. Күріштің әр гектарынан 55,0 центнерден, барлығы 998250 цн өнім жиналды.

Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін бидай, арпа, сұлы, қант құмайы, мақсары, көкөніс, бақша дақылдары толық жиналып алынды. Атап айтқанда:

775 гектар жаздық бидайдың әр гектарынан  9,0 центнерден, барлығы 6975 центнер;

595 гектар мақсарының әр гектарынан 9,0 центнерден, барлығы 5355 центнер;

200 га қант құмайының әр гектарынан 23,8 центнерден, барлығы 4760 центнер;

65 гектар сояның әр гектарынан 12,9 центнерден, барлығы 838 центнер;

50 гектар арпаның әр гектарынан 10,0 центнерден, барлығы 500 центнер;

5 гектар сұлының әр гектарынан 13,5 центнерден, барлығы 68 центнер;

1115 гектар көкөністің әр гектарынан 210,5 центнерден, барлығы 234707 центнер;

1300 гектар бақшаның әр гектарынан 230,5 центнерден, барлығы 299650 центнер өнім жиналды.

Бүгінгі күнге 4850 га жаңа жоңышқаның әр гектарынан 12,5 центнерден, барлығы 60625 центнер;

8150 гектар ескі жоңышқаның 150 гектары тұқымға алынып, қалған 8000 гектарынан 52190 центнер өнім жиналды.

Аудан шаруашылықтары техника паркін жаңарту жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді.

Аудан шаруашылықтары тарапынан биылғы жылы 691,7 млн теңгеге қаржыға 18 дана ауылшаруашылығы техникалары сатып алынды. Егін жинау жұмыстарына ауылшаруашылығы техникалары толық дайын. Аудан бойынша 998 дана ауылшараушылығы техникалары егін жинау жұмыстарына қатысу жоспарлануда. Оның ішінде 128 дана комбайн, 498 дана трактор, 124 дана жатка, 73 дана жүк көлігі, 175 дана трактор тіркемесі бар.

Күзгі егінді жинау жұмыстары толығымен бақылауға алынып, қадағалануда. 

Мал шаруашылығы туралы

Аудан көлемінде 2025 жылдың 1 қыркүйегіне     барлығы 36189 бас мүйізді ірі қара, 29004 бас  уақ мал,  31220 жылқы,  752 бас түйе,  50 бас шошқа, 9721 бас құс өсірілуде.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 99,5  %, жылқы 106,9 %, түйе 90,7 %, уақ мал 90,2% , құс 89,41 % орындалды.

Барлығы  2322,8 тн (тірілей салмақта) ет,  3306,9 тн сүт, 214,6 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 101,6 пайызға, сүт 100,8 пайызға, жұмыртқа 100,0 пайызға орындалды.

2025-2026 жылдың қысына түсетін 64740  шартты мал басына барлығы 90,3 мың тонна шөп, 29,5 мың тонна сабан және  19,0 мың тонна жем дайындау жоспарланды.

 Ағымдағы жылдың 06 қазанына қысқа түсетін ауылшаруашылығы малдарына барлығы   91,8 мың тонна табиғи шөп (оның ішінде 52,0 мың тонна жонышқа) 101,6%. 10,5 мың тонна жем (оның 800  тонна бидай, 100 тонна арпа, 50 тонна сұлы,350 тонна қант құмайы) 55,2 % ,27,4 мың тонна сабан 92,3% дайындалды.

Аудан бойынша 3 шаруашылық асыл тұқымды мүйізді ірі қара (Бақдаулет-57 ШҚ, Адал ЖК, Еркебұлан ЖК), 1 шаруашылық асыл тұқымды қой малын өсірумен (Атамекен ШҚ) айналысуда.

Алдағы уақытта сүт тауарлы фермасын ашу мақсатында «Адал» ЖК 2022 жылы  30 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы Симментал сиырының қашарларын өз қаражатымен  сатып алып жұмыс жасауда 2027 жылы шаруашылық жанынан сүт өңдеу цехын ашуды жоспарлап отыр.

«Бақдаулет-57» ФҚ  Чехия мемлекетінен 95 бас  асыл тұқымды «Симменталь»сүт бағытындағы  мүйізді ірі қара малының аналығын сатып алып жұмыс жасауда, бүгінгі күнге сатып алынған малдың 72 пайызы төлдеп тәулігіне 700  литр сүт өндіруде.

Азық – түлік туралы 

Облыс әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Атап айтқанда: ақ күріш, ұн, қарақұмық жармасы, нан, рожки, сиыр еті, тауық саны, сүт майлылығы 2,5%, айран майлылығы 2,5%, ірімшік майлылығы 5-9%, тауық жұмыртқасы С-1, сарымай майлылығы 72,5%, өсімдік майы, қырықабат, басты пияз, сәбіз, картоп, құмшекер, ас тұзы.

 Жыл басымен 3 қазан аралығындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің салыстырмалы бағалары бойынша 19 түрлі азық-түлік өнімдерінің ішінде 7 өнімнің бағасы арзандаған.

Ақ күріш-30 % (125 теңгеге), бидай ұны-12 % (27 теңгеге), қарақұмық жармасы-33 % (90 теңгеге), рожки-6 % (20 теңгеге), сүт-9 % (40 теңгеге), ірімшік-15 % (200 теңгеге), тауық жұмыртқасы (10 дана)-5 % (30 теңгеге).

11 өнімнің бағасы қымбаттаған.

Нан-12 %, сиыр еті-27 %, тауық саны-37 %, айран-13 %, өсімдік майы-35 %, қырыққабат-22 %, пияз-22 %, сәбіз-22 %, картоп-30 %, құмшекер-11 %, тұз-9%.

1 өнімнің бағасы тұрақты

сары май.

2025 жылдың 3 қыркүйек пен 3 қазан (1 ай) аралығындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің салыстырмалы бағасы бойынша 19 түрлі азық-түлік өнімдерінің ішінде

4 өнімнің бағасы арзандаған.

15 өнімнің бағасы тұрақты.

Бүгінгі күнге Жалағаш ауданы бойынша ірі және шағын сауда орындарында өндірілетін және сырттан келетін 592,4 тн азық-түлік өнімдерінің қоры бар

 Анықтама үшін:

Ұн-112 тн, күріш-70 тн, қант-35 тн, макарон-110 тн, күнбағыс майы-42 тн, тұз-45 тн, жуа-48 тн, картоп-56 тн, сәбіз-29 тн.

Ауданда азық-түлік өнімдерінің бағаларына тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді. Мониторинг нәтижесімен азық-түлік өнімдерін жоғары бағада сатқан кәсіпкерлер тиісті мекемелерге шара қолдану үшін ұсынылуда.

Мониторинг нәтижесімен жыл басынан бүгінгі күнге дейін сауда және тұтынушыларды қорғау департаментіне жеке тұлғалардан азық түлік бағаларын негіссіз көтермелеп сатқаны үшін 28 өтініш беріліп (Микс маркет, Ақкерке, Алихан 2 рет, Рита 2 рет, Дони, Бастау, Нұрлыбек ата, Қаракөз, Данияр, Дарын, Жанерке, ЖК Касымова, Сәтті, Аружан,Қашақбай-ата,Нұрислам, Сұлтан, Бастау, Өрлеу, Аяла, Рита, Данияр, Жәния, Қаракөз, Айдана, Дарын), 4 сауда орындарына айып пұлдар салынды.

Сонымен қатар сауда орындарында кассалық аппараттардың болмауы, тұтынушыларға тауарлы чектерді бермегені үшін аудандық кірістер

басқармасына 34 сауда орындарының тиісті құжаттары ұсынылды.  (Қашақбай ата, Жәния, Эврика 2 рет, Адиля, Айжан, Әбдібек 2 рет,  Ерсұлтан, Айнұр, Айдана, Ұлжан, Айжан, Аделя, Батырбек, Несібе, Қарақат, Асель, Эврика, Өрлеу, Адия, Сұлтан, Айнұр, Диас, Аяла, Айнұр, Дархан-Ата, Ақ жол, Асель, Айжан, Батырбек, Алихан, Айдана, Әбдібек).

Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында жыл басынан бүгінгі күнге дейін аудан орталығында 5 мәрте ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Жәрменкелерде азық түлік өнімдері  аудандағы сауда орындарындағы бағалармен салыстырғанда 10-12 пайызға төмен ұсынылды.

Алдағы уақытта азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмыстар жалғасын табатын болады.      

 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген  «ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидасына сәйкес 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2025 жылы көтерме жәрдем ақы сомасы 393 200 теңгені құрады. 2025 жылы жергілікті бюджеттен 57226,0 мың теңге қаржы қаралып, 40 сала мамандарына көтерме жәрдем ақы төленді. Қазіргі уақытта 164 сала мамандары кезекте тұр.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:

1) ауданның әкімшілік орталығына (Жалағаш кенті) келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бюджеттік кредит. 2025 жылға сомасы  9 830 000 теңге.

2) ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бюджеттік кредит – 2025 жылға 7 864 000 теңгені құрайды.

2025 жылға республикалық бюджеттен 320480,0 мың теңге қаржы қаралып, оның ішінде 35 маманға тұрғын үй несиесін беру жоспарлануда.

 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы «Отбасы Банк» АҚ-мы «Баспана маркет» сайт  арқылы мамандардан құжаттары қабылдануда.

Жер мәселесі туралы

Жалағаш ауданының жер қоры 2 873 640 гектарды құрайды, оның ішінде 591 563 гектары Қарағанды облысынан ұзақ мерзімді пайдалануға алынған. Бұдан басқа Жалағаш аумағының 11 149 гектар жері Ресей Федерациясына пайдалануға  берілген.

Санаттар бойынша;

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 275615,8 га,

Елді мекен жерлері – 42760 га,

Өнеркәсіп, көлік,  байланыс, қорғаныс жерлері – 16083,7 га,

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – 6,9 га,

Орман қоры жерлері – 769482,2 га,

Су қоры – 14915,1 га,

Босалқы жерлер – 1754776,3 гектарды құрайды.

Аудан бойынша 33 016 гектарды құрайтын, жалпы саны 60 инженерлік тұрғыда әзірленген күріш ауыспалы егіс жүйесі, 1 мал азығындық және 1 картоп ауыспалы егіс жүйелері бар.

Аудан бойынша жерді қашықтан зондтау нәтижесімен анықталған ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге пайдалану жағдайына талдау жүргізіп, шаруашылықтарға мал басын тіркеу, қайта тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру, жайылымдарда –  жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының елу пайыздан жоғары ауыл шаруашылығы малдарының тіркеу қажеттілігі жөнінде шаруашылықтар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 1378 гектар болатын 8 жер учаскесіне жалдау мерзімі ұзартылды.

Пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып отырған жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға байланысты тиісті жұмыстар атқарылып келеді.

Нәтижесінде, бүгінгі күнге жалпы көлемі 9260 гектар болатын 16 жер учаскелері мемлекет жер қорына қайтарылды.

Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайта айналымға енгізу мақсатында жалпы көлемі 17635 гектар болатын 14 жер учаскелері жеке және заңды тұлғаларға табыс етілді.

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес үстіміздегі жылдың 9 айында 209 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүргізілетін болады.

Дата публикации
10 октября 2025
Дата обновления
10 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы