Лого

Меню

Страницы

Статья

2025 жылдың 9 айының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

2025 жылдың 9 айының қорытындысымен Жалағаш ауданының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 624 өтініштер (Жеке тұлғалардан - 467 өтініш, заңды тұлғалардан - 157 өтініш) түскен. 

Оның ішінде:
290 өтініш  - аудан әкімі аппаратына;
334 өтініш - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын өзге де мекемелерге.

Қазіргі таңда аудан тұрғындары арасындағы көтеріліп отырған өзекті мәселелердің  көрсеткіштері төмендегідей:

№

Өтініштерде көтерілген сұрақтардың салалары

 Көрсеткіш (%)

1.

Жер және ауыл шаруашылығы мәселесі

217 (34,8%)

2.

Әлеуметтік және жұмыспен қамту

60 (9,6%)

3.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

63 (10,0%)

4.

Білім және денсаулық сақтау мәселесі

5 (0,8%)

5.

Ішкі саясат, ономастика

39 (6,3%)

6.

Кәсіпкерлік

11 (1,8%)

7.

Мәдениет және спорт

33(5,3 %)

8.

Тұрғын үй мәселесі

32 (5,1 %)

9

Мемлекеттік сатып алу

33 (5,3%)

10

Басқалары

131 (21 %)

Барлығы

(2025 жылдың 9 айы бойынша )

624

 

2025 жылдың 9 айында жергілікті атқарушы органдарға түскен 624 өтініштердің:
- 19 өтініші немесе 1,7% құзыреттілігі бойынша басқа органдарға жолданды;
- 277 өтініші немесе 47,8% ішінара немесе толық қанағаттандырылды;
- 41 өтініші немесе 7,1% өтініш тоқтатылды;
- 261 өтінішіне немесе 45,1% заң талаптарына сәйкес түсіндірілді;
- 26 өтініш немесе 4,5 % орындалу мерзімдері бар өтініштер.

 Келіп түскен жолданымдардың қаралуы бақылауда болып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілген. Өтініштермен жұмыс жасау 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары сақтала отырып жүргізіліп келеді.

Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелермен
қабылдау туралы

2025 жылдың 9 айында аудан әкімдігімен 189 жеке және заңды тұлғалар (тұлғалардыңдың өкілдері) жеке қабылдауда болып, оның: 138-і аудан әкімінің, 51-і міндеттер бөлінісіне сәйкес аудан әкімі орынбасарларының және аппарат басшысының жеке қабылдауында болып, заңдылыққа сәйкес тиісті тапсырмалар берілді.

Барлық келіп түскен өтініштерге талдау жасалынып, құзыреттілік бойынша бөлім басшылары мен кент және ауылдық округтер әкімдеріне орындау үшін жолданды.

Жеке қабылдауда болған азаматтардың көтерген мәселелері төмендегідей:

№

Жеке қабылдауда көтерілген салалары

2025 жылдың 9 айы бойынша

1.

Пәтер мәселесі және коммуналдық шаруашылық

57

2.

Жұмысқа орналасу

104

3.

Қаржылай қолдау және  әлеуметтік көмек мәселесі

4

4.

Мәдениет саласы

5

5.

Кәсіпкерлік

4

6

Ауыл шаруашылығы және жер мәселесі

11

7.

Басқа да мәселелер

4

Барлығы

189

Ағымдағы жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғаларға жүргізілген қабылдауларды талдау барысында кент, ауылдық округ әкімдерінің жеке қабылдауында - 106  тұрғын болса, дербес бөлімдердің басшылары - 32 тұрғынға жеке қабылдау жүргізілген.

Қабылдау кестесі мен сенім телефоны бұқаралық ақпараттық құралдарында тоқсан сайын жариялануда.

Аудан әкімі аппаратының ғимаратының 1-ші қабатында орналасқан жұмыс бөлмесінде өтініштерді шұғыл түрде жолдау үшін азаматтарға «Фронт-кеңсе»  арналған.

Дата публикации
09 октября 2025
Дата обновления
09 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы