Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласының 2025 жылдың ІІІ тоқсанына атқарылған жұмыстары туралы

Жалағаш ауданы бойынша 2025 жылдың 8 айында халық саны 35829 адам, тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі - ШОК) саны 2811 бірлікті құраса, халық санына шаққандағы үлесі 7,8 пайызды құрап, тіркелгендер өсімі 96,3 пайыз.

Оның ішінде, 2714 субъектісі немесе 96,5 пайызын нақты жұмыс жасап тұрғандар құрап отыр. Жұмыс жасап тұрғандар өсімі 95,2 пайыз. Ал тоқтап тұрған ШОК субъектілер саны 98 бірлік.

Аудан бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 4440 адам немесе 98,8 пайызды құрауда.

2024 жылдың 12 айында ШОК арқылы 3 млрд. 729 млн. теңгенің өнімі өндіріліп өнім шығарылымы 90,4 пайызды құрады.

ШОК субъектілер санын арттыру мақсатында кент және ауылдық округтердің халық санына шаққандағы үлесіне сәйкес аудан әкімінің іс-шара жоспары бекітіліп, ай сайын кент, ауылдық округ әкімдерімен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша

Аудан бойынша 2025 жылдың 8 айында макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсім қалыптасты. (2025 жылдың тамыз айының көрсеткіштері енді шығады)

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары арқылы («Көлжан», «Номад солар», Арал СЖКБД Жалағаш аудандық филиалы (Ауыз су), ТОО «ПетроКазахстан Кумкол Ресорсиз», «Саутс Ойл» серіктестіктері) ағымдағы жылдың 8 айында 128,8 пайызға артып, 27 млрд. 263,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді (2024 жылдың 8 айында  26 млрд. 362,0 млн. теңге).

Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 8 айында шаруашылықтардың күріш ақтау және «Өркен Әлем» ЖШС-нің өндірген өнімі есебінен 117,2 пайызға артып,             10 млрд. 837,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді (2024 жылдың 7 айында  8 млрд. 712,0 млн. теңге).

Бөлшек сауда (жанар-жағар май, газ құю бекеттері, дәріханалар, компьютерлік жабдықтар сатумен айналысатындар) көлемі ағымдағы жылдың 8 айында 2 млрд. 333,8 млн.теңгеге немесе 100,1 пайызға орындалды (2024 жылдың 8 айында 2 млрд. 135,1 млн.теңге).

Жалағаш ауданы бойынша Негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемі ағымдағы жылдың басында 21 млрд. 300 млн. теңгеге орындау жоспарланып (2024 жылы 21 млрд. 359 млн. теңгеге орындалған), облыс әкімінің бекітілген жоспарды артығымен орындау тапсырмасына сәйкес 23 млрд. 900 млн. теңге болып меже бекітілді.

Ағымдағы жылдың 8 айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 13 млрд. 153,0 млн. теңгеге немесе 100,8 пайызға орындалды (2024 жылдың 8 айында 12 млрд. 416,0 млн. теңге).

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту және жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 400 АЕК көлемінде мемлекеттік грант бағытында аудан бойынша 2025 жылдың 1 қыркүйегіне 218 жоба 2 млрд. 960,5 млн. теңгеге қаржыландырылды.

Оның ішінде мемлекет басшысының ауылдық жерлердегі тұрғындардың табысын арттыру туралы тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап өңірімізде «Ауыл Аманаты» жобасын іске асыру жұмыстары сәтті жүзеге асырылып келеді.

2025 жылы «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 109,4 млн. теңгені құрайтын 22 жоба қаржыландырылды.

Өңдеу бағыты бойынша 13 жоба 58,9 млн. теңге, асыл тұқымды мал шаруашылығы бағыты бойынша 5 жоба 29,0 млн. теңге, ара балы өндірісі 1 жоба 4,0 млн теңге, қызмет көрсету бағыты3 жоба 17,5 млн. теңге.

Жаңадан 24 жұмыс орны құрылды.

Анықтама үшін:

Жалағаш кенті – 10 жоба 54,3 млн.теңге;

Ақсу а.о – 2 жоба 13,5 млн. теңге;

Жаңаталап а.о – 2 жоба 3,7 млн. теңге;

Мақпалкөл а.о – 1 жоба 7,5 млн. теңге;

Бұқарбай батыр а.о – 2 жоба 10,7 млн. теңге;

Таң а.о – 2 жоба 7,5 млн. теңге;

Аламесек а.о – 2 жоба 7,8 млн. теңге;

Еңбек а.о – 1 жоба 4,3 млн. теңге.

«Ауыл Аманаты» жобасы бойынша жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады.

Ағымдағы жылы ауданда жалпы құны 2,7 млрд. теңгеге барлығы 6 жобаның іске қосылуы жоспарланған.

Оның ішінде: Ұлттық цифрлік инвестициялық платформа аясында (150 000 АЕК асатын жобалар) 1 жоба жүзеге асырылуы жоспарланған. Ол, «Агрохимсервис-С» ЖШС-нің жалпы құны 905 млн. теңгені құрайтын «Қоймалар және шатыр» құрылысы жобасы.

Бүгінгі күнге аталған нысанның жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы бар. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жоба толықтай іске қосылған уақытта 5 (бес) жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

Өңірлік пул аясында (150 000 АЕК дейінгі жобалар):

  1. «Ер Әлі» ШҚ-ның «Күріш ақтау және жем өндіру» зауытының құрылысы, жоба құны 150 млн.теңге. 5 жұмыс орны.
  2. «ТАҢ ЛТД» «Өндірістік база құрылысы», жоба құны 422 млн.теңге. 22 жұмыс орны.
  3. ЖК «Бейбарыс» «Кондитерлік өнімдер шығару» цехы, жоба құны 50 млн.теңге. 2 жұмыс орны.
  4. ЖК «Тәтті» Ойын-сауық орталығы, құны 380 млн.теңге. 3 жұмыс орны.
  5. «Өркен Әлем» ЖШС-нің өндірістік цех, шатыр және қосымша құрылыс салу 826,4 млн. теңге. 10 жұмыс орны.

Ағымдағы жыл басынан бері «Ер Әлі» ШҚ Күріш ақтау зауыты, ЖК «Бейбарыс» Кондитерлік өнімдер шығару цехы іске қосылды.

Қалған жобалар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, жыл соңына дейін іске қосылатын болады.

Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында тұрақты түрде бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Облыс әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Тұрақтандыру қоры өнімдері бойынша:

ӘМАТ бағаларынын тұрақтандыру мақсатында, жыл басынан «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның тұрақтандыру қорының қоймасынан 16 800 кг пияз, 84 тонна картоп, 16 800 кг сәбіз өнімдері алынып отыр. Аталған өнімдер аудандағы бірнеше кәсіпкерлерге таратылды.

ӘМАТ сату бағасына сауда үстемесінің 15 пайызынан аспауы туралы жадынама берілді.

Аудан орталығында 3 белгіленген операторлар бар. "Байқоңыр (Байконур)" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамынан тиісті өнімдерді алып, аудан халқына нарықтағы бағадан төмен бағада сатуда. 

Дата публикации
07 октября 2025
Дата обновления
07 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы