
Статистика
*****
Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде жүгінген 1788 адамның тұжырымдамаға қатысушы ретінде 814 адам тіркелді. (о.і.:613- жұмыссыздар, 73 - жұмыс іздеушілер, 22 – өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, 106- өзге санаттағылар). Олар келесі бағыттарға бағытталды:
- 451 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды;
- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 167 адам жолданып, олардың 144-і оқу курсын аяқтап сертификатын алды, 46-ы өз кәсібін ашқан.
- 1338 адам (1338 сертификат алды) немесе жоспарланған 1353 адамның 96,6% «Электрондық еңбек биржасы» порталы (skills.enbek.kz платформасы) арқылы онлайн-оқудан өтті.
- жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар негізінде 134 адам гранттар алды (жоспар 137 адам).
- субсидияланатын жұмыс орындарына 794 адам жұмысқа орналастырылды, яғни:
- әлеуметтік жұмыс орындарына – 30 адам жолданып, (жоспар 30 адам) оның 13-уі жұмысын аяқтап, 10 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
- жастар практикасына – 146 адам жолданып, 20 адам жұмысын мерзімінен бұрынөз еркімен тоқтатып, 6 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды(жоспар 160 адам);
- қоғамдық жұмыстарға – 586 адам жолданды,оның 68-і жұмысын мерзімінен бұрын аяқтап, 24 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды(жоспар 560 адам);
- «Күміс жас» жобасына – 32 адам жолданып, оның 4-уі мерзімінен бұрын тоқтатылып, 2 адам тұрақты жұмысқа орналасты.(жоспар 25 адам).
Жыл басынан бері 9 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, оған 77 жұмыс беруші 124 бос жұмыс орнын ұсына отырып қатысып, 58 адам тұрақты жұмысқа орналастырып, 421 адам кеңес алды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы мәліметі
2025 жылдың 1 қазанына 84 отбасыға (542 адам) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2024 жылмен салыстырғанда 128 отбасыға (979 адам) 65,6% азайған.
Бүгінгі күнге өтініш білдірген 84 отбасының құжаттар пакеті отбасының материалдық жағдайын зерттеу үшін учаскелік қомиссияның қарауына ұсынылды, соның ішінде 84 отбасының құжаты учаскелік комиссиядан оң қорытынды алып, 84 (542 адам) отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. АӘК алушылардың ішінде:
- бала күтімінде отырған аналар – 61 адам;
- мүмкіндігі шектеулі жандар – 1адам;
- жүгіну кезінде жұмысы барлар – 62 адам;
- студенттер – 23 адам;
- жұмыссыздар – 20 адам;
- кәсіпкерлер –10 адам;
- балалар саны – 365 адам (1 жасқа дейінгі бала саны – 22, 1-3 жасқа дейінгі бала саны – 61, 3-6 жасқа дейінгі бала саны – 84, 6-18 жас аралығында бала саны – 198).
Бұл ретте шартты ақшалай көмек алушылар саны 77 адамды құрайды, оның ішінде 145 адам немесе 53,1% еңбекке қабілетті болып табылады, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 20 адам немесе 25,9%-ы қамтылды, оның ішінде:
- 10 адам қоғамдық жұмыстарға;
- 4 тұрақты жұмысқа орналасқан;
- 6 жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар.