
Мектепке дейінгі ұйым
Ауданда 38 мектепке дейінгі ұйымда (10 мемлекеттік, жеке балабақша 27, 1 шағын орталық) 2508 бала тәрбиеленуде ( МАД-595 ). Қамтылу көрсеткіші 3-6 жас 2495 бала 100%, 2-6 жас 3103 бала 83,1 %.
Биылғы жылы 10 балабақшада консультациялық пункттер ашылып, балалары балабақшамен қамтылмаған 32 ата-анаға тұрақты кеңестер берілді.
Биылғы жылы 5 балабақшада бейіні бойынша құзіреттіліктер желісі құрылып, жұмысын бастады. Үздік тәжірибелер басқа балабақшаларға таратылатын болады.
Анықтама үшін: IT балабақша -«Ақмаржан», Жасыл балабақша -«№19 санаторлық балабақша», «№7 Шұғыла», Балабақша театры - «№13 балдырған», Ұлттық құндылықтар бағытындағы балабақша «Жауқазын».
МДҰ жұмыс жасайтын 329 педагогтардың (жоғары-215, арнаулы-114)
6-зерттеуші (1,8 пайыз), 37-сарапшы (11,6 пайыз) 107-модератор санатында ( 33,1 пайыз), санатсыз-179
2024 жылы 65 педагогты курстан өткізу жоспарланған. Бүгінгі күні 47- курстан (72,3%) өткізілді, оның 10-і жеке балабақшаның педагогтары.
Инфрақұрылым бойынша, материалдық база
2025 жылы жәй жөндеу жұмыстарына қаралған қаржы 262 млн 576,8 мың.
Реновацияға енген Жалағаш кентіндегі №31 мектеп-гимназиясының есік, терезе, кафель ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Қаралған қаржысы 64 800,0 мың теңге.
Сонымен қатар 60 млн теңгеге Led экран, жылжымалы сенсорлық панель тақталар, эрисман парталар алынуда.
Мектептің абаттандыру жұмысы бойынша мектеп ауласына асфалть төселеді 15 млн қаржы қаралды.
Мәдениет ауылы №32 мектеп-лицей сыртқы ғимаратына жөндеу жұмысына /20 млн 746 мың теңге/.
Жалағаш кенті №201 мектеп-лицей жөндеу жұмыстары ішкі есік кафел ауыстыру (14 млн 508 мың теңге);
Аққұм ауылы №38 мектеп ғимараттың сыртқы бетін тегістеу сырлау (5 млн 800 мың);
3 мектепке (№31,122,202) спорт алаңдары салынды және 2 мектеп /246,201/ спорт алаңдарын қайта жаңғырту жұмысы жүргізілді. (97 млн 740,0 мың теңге қаржы қаралды/.
Қауіпсіздік бойынша 100 пайыз бейне бақылау жүйесімен қамтылған. 20 мектеп полиция бөлімімен интеграция жасалған.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына (10 мемлекеттік балабақша), қосымша білім беру ұйымдары Оқушылар Үйі, Өнер мектебі, «Ақтерек» сауықтыру лагеріне 53 млн 592 мың теңгеге бейне камералар орнатылды. Дабыл түймесін орнатуға 6 млн 215 мың теңге қаралды.
Жол картасының 82 - тармағы бойынша, балалар қауіпсіздігін, асхана мен кітапхана жұмысын цифрландыруға бағытталған сәйкестендіру карточкалары жүйесімен қамтылған мектептер үлесі 50 % құрауы тиіс. Осы бағытта 3,5 млн теңге қаржы бөлініп, 2 мектепке (№246,31) аппараттық бағдарламалық кешен орнатылды. Бүгінгі таңда 5 мектепке ақпараттық бағдарламалық кешен орнатылды. Барлық мектептер интернет желісіне қосылған (11 мектеп «Транстелеком» АҚ, 9 мектеп «Қазақстелеком» АҚ арқылы жұмыс жасайды.
Оқу- әдістемелік кешен
Мектеп кітапханалардағы барлық кітап қоры- 493 520 дана. Оның ішінде қазақ тілінде-269 818 дана, орыс тілінде-18595 дана. Оқырмандар саны-8114 адам. Көркем әдебиеттер саны -195 636 дана оның ішінде балалар кітапханасы 4546 дана. 17717 дана электрондық оқулықтар. Жыл сайынғы қордың өсу-55379 дана.
2025 жылға оқулықтар және оқу-әдістемелік кешен алуға қаралған қаржы 71 млн 311 мың теңге қаржы қаралды.
Орта білім
Білім алушылардың білім жетістігін мониторингілеуге (МОДО) 2025 жылы 4 мектеп (№115,188,203,232) қатысты.
2025 жылы PIZA халықаралық зерттеуіне 2 мектептен (№201-41 оқушы, №246-38 оқушы) барлығы 79 оқушы қатысты.
2025 жылғы ҰБТ-ге аудандағы 450 бітірушінің 389-ы, яғни 86,4 пайызы қатыстырылды. Ауданның орташа балы – 84,1% құрады.
«Жас дарын» олимпиадалық резерв бойынша 150-ден астам оқушы қамтылды. Жалпы білім беретін пәндердің мұғалімдерімен облыстық және республикалық пәндік олимпиада тапсырмаларын талдау жұмыстарын жүргізу үшін «Олимпиада күнделігі» жобасы енгізілді.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 6 пән бойынша «Қамбаш» Олимпиадалар және қосымша білім беру орталықтары базасында жалпы білім беру ұйымдарының 7-10 сынып оқушылары 3 кезең бойынша 96 (64%) оқушымыз дайындық курстарынан өтті. Түрлі танымдық байқауларға облыстық деңгейде 300-ден астам оқушы қатысып 182 орын (46%), ал республикалық деңгейде 29 жүлделі орын еншіледі.
Білім сапасын арттыру мақсатында «мақсатты мектептерді» дамыту жобасына енген 4 мектепке (№203,232,188,115) нысаналы әдістемелік көмек көрсетілуде.
Жалпы 4 мектепте педагогтар саны-88 (зерттеуші-13,сарапшы-33,модератор-28, педагог-12, І санат-1, жоғары санат-1).
Аталған педагогтар базалық деңгей бойынша курстардан толық өткізілді. Қорытынды тестілеуге 84 педагог қатысты. Тесттен өтпеген педагог саны-5 (№232-1,№203-3,№188-1 педагог).
Негізгі деңгей бойынша №232,188 мектептен 51 педагог курсты (11 пән бойынша) толық аяқтады. Алдағы уақытта жоспарға сәйкес 2 мектеп өтеді.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған 12 семинар-практикум, 11 ашық есік күндері және тапсырмаларды шешу алгоритмі көрсетілген дидактикалық материалдар әзірленді.
Педагогтардың кәсіби дамуы
Мектеп директорларының сапалық құрамы біліктілік санаттары бойынша 11 педагог-зерттеуші, 9 педагог-сарапшы.
Басшылық деңгей бойынша 2 мектеп директоры І ші деңгей, 10 мектеп директоры «басшы-ұйымдастырушы», «басшы-менеджер», ІІ-ІІІ деңгей біліктілік санаттары бар (60%)
1258 педагог жұмыс жасайды. Жоғары білімді-1221 педагог (97%), арнаулы орта білімді -37 педагог (3%).
Біліктіліктері бойынша кезең-кезеңде курстан өткізілуде 2023-2024 оқу жылында жылы 157 педагог, 18 мектеп директоры, 11 мектеп директорының орынбасарлары біліктіліктен өткізілді.
2024-2025 оқу жылында пәндер бойынша 249 педагог, 16 орынбасар, 6 мектеп директоры біліктілік курстарынан өткізілді
1258 педагогтардың жаңа формат бойынша аттестациядан өткені 84,5% 1064 педагог /2023 жыл 70% 903 педагог/ құрап отыр.
Педагог-шебер-4 педагог 0,3% /2023 ж 1 педагог/, педагог-зерттеуші- 286 педагог 22,8% /2023 ж 248 педагог 19,1%/, педагог-сарапшы-390 педагог 31% /2023 ж сарапшы 372 (28,7%/, педагог-модератор-384 педагог 30% /2023 жылы модератор 282 (21,8%/, санатсыз педагог саны-174 13,8% /2023 жылы педагог 390 30,1%/ , І-ІІ санатты педагогтар саны-4.
Ауданда 1258 педагогтың магистр дәрежесі бар педагогтар саны-88 (6,9%).
Инклюзивті білім беру –Бүгінгі күні 343 ерекше білім беруді қажет ететін балалар анықталып отыр. 169 бала мектепте, 22 бала арнайы психикалық дамуы тежелген сыныпта, 54 бала үйден оқытылуда, 60 бала балабақшада, 43 бала психологиялық-педагогикалық түзету, 45 бала ресурстық орталықта, 30 бала логопедиялық пункте түзету сабақтарын алуда. Жұмыс жасайтын пән мұғалімдері арнайы инклюзивті курстан тұрақты түрде өткізілуде.
1258 педагогтың (70%) арнайы инклюзивті курстан өтті.
Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында
«Мектеп парламенті» өзін өзі басқару ұйымы 3048 оқушы, «Мектеп театры» жобасына 180 оқушы ,«Дебат» ойындары 88 оқушы, «Оқуға құштар мектеп» жобаларымен 2789дан астам оқушылар қамтылды.
«Жеткіншектің жеті жарғысы», «Өзіңе және өзгеге жақсылық жаса», «Ғаламтор қауіпсіздігі», «Еңбегі адал жас өрен»,«Тоғыз айға 9 іс-шара», «Төрт тоқсан- төрт өнер», «Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы, «Балаларкітапханасы» жобалары бойынша былтырғы оқу жылында нәтижелі жұмыстар жүргізілді.
Жоба аясында 150-ден астам шаралар өткізіліп, 4000-нан астам оқушылар қамтылды
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары» ашылып, ай сайын психологиялық-педагогикалық білім беру сабақтары ұйымдастырылды.Шараға 1800-ден астам ата-аналар қамтылды.
«Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» атты құндылыққа негізделген тәрбие жұмысы басшылыққа алынып жұмыс жүруде. Білім алушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту мақсатында сыныптан тыс жұмыстар шеңберінде «Қамқор», «Еңбегі адал жас өрен», «Шабыт», «Ұшқыр ой алаңы», «Smart bala», «Балалар кітапханасы» әлеуметтік жобалары назарға алынып 50-ден астам шаралар өткізіліп 3500-ден астам оқушылар қамтылды.
Оқу-тәрбие процесі кезінде білім беру ұйымының аумағында оқыс жағдайлар орын алған жоқ.
2024-2025 жылы суицид жағдайы орын алған жоқ. «»Психологиялық қолдау тобында 25 бала есепке алынып, дәрігерге қаралып тиісті профилактикалық шаралар жүруде.
Анықтама ретінде: Қадамдық жоспарға сәйкес оқушылар арасында «Жасөспірім және Заң» құқықтық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында 36 шара (дебат қозғалысы, психолог сағаттары, семинар-тренингтер) ұйымдастырылды.Оған 5 мыңнан астам білім алушы қатысты.
Жыл басынан бері жауапты органдармен қатар, ата-аналар тартылып, құқық бұзушылықтың алдын алу «Түнгі қаладағы балалар» рейді күшейтілді. Есепті мерзімде өткізілген 111 рейдке 1789 адам қатысты. (оның ішінде, 1210 педагог, 579 ата-ана). Балалар бойында жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру, құқықтық сананы жетілдіру мақсатында «Армандар орындалады» жобасы жүзеге асырылып, білім алушылар мен ата-аналарға арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілді және психолог кеңестері өтті.
2024 жылдың 12 айымен 4 оқушы (№116 мектеп) полиция бөлімінің есебіне алынды. Аталған оқушылар мектепішілік спорттық үйірмелерге қамтылған.
Қосымша білім беру ұйымдарына қамту
Оқушылар Үйіне – 18 үйірмеге 630 бала, Өнер мектебіне мектебіне 7 үйірмеге 160 бала білім алса, №202 орта мектеп жанындағы қосымша білім беру орталығына- 5 үйірмеге 395 бала қамтылған.
Аудандық спорт мектептеріне – 1170 бала қамтылған.
Мектепішілік 669 үйірмеге 4058 бала қамтылған.(88,4 % пайызды құрайды).
Сонымен бірге, кент орталығындағы №201 мектеп-лицей жанында «Мұрагер» оркестр сыныптары жұмыс жасап, оған 140 бала қамтылып отыр.
Жалпы 7012 баланың 6553 бала (92 пайызы ) үйірмелерге қамтылған.