Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2025 жылдың ІIІ тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

Жалағаш ауданы бойынша 17 мәдениет мекемелері жұмыс жасайды. Мәдениет және өнерді дамыту орталығы, 1 аудандық, 6 ауылдық мәдениет үйі мен 9 ауылдық клуб кәсіпорындары, 4 халықтық  ұжым, №1 және №2  жылжымалы  мәдени-демалыс  кешені  халыққа  мәдени  қызмет  көрсетеді.

Құны 1,6 млрд теңгені құрайтын "Руханият" орталығының ғимараты пайдалануға берілді. Орталық тарих пен мәдениетті біріктірген, жаңа идеялар мен шығармашылық, ақпараттың диалог орнататын кретивті алаңына айналып отыр.

2025 жылдың 9 айында балалар мен жасөспірімдердің мәдени тәрбиесін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған үйірмелермен қамту бағытында 109 көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс жасайды, оған тартылған өнерпаздар саны - 1200. Биылғы жылы жаңадан 2 үйірме /Жаңадария ауылында/ ашылды. Оның ішінде 6-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысатын үйірме -80, қатысушылар саны - 855.

Көркемөнерпаздар үйірме мүшелері 3 халықаралық байқау, 8 республикалық байқау, 51 облыстық байқау,15 аудандық байқауға қатысып, жүлделі орындарды иеленді.

 «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасына сәйкес ұлттық мәдениетті ілгерілетуге және дәстүрлерді жаңғыртуға, балалар мен жасөспірімдерді мәдени тәрбиемен қамтуға бағытталған түрлі форматтағы 1219 іс-шаралар: оның ішінде театр қойылымдары, шығармашылық конкурстар,фестивальдер, көрмелер, сұхбаттар, акциялар ұйымдастырылды. Оған 100 558 көрермен тартылды.

Жыл көлемінде «Алтын-Арай», «Қызғалдақтар» халық ән-би және «Классика» камералық ансамбльдерінің есепті концерттері, Халық театрының жаңа қойылымдары, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында "Партизан Тұрғанбике" II актлі драмасы көрермендер назарына ұсынылды. Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай Қызылорда қаласында Жалағаш ауданының мәдениеті мен өнер күні жоғарғы деңгейде аталып өтті.

Креативті индустрияны дамыту мақсатында құрылған "Тұмарша" креатив орталығы жыл көлемінде ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне өз үлесін қосып  келеді.

Ауылдық елдімекендерде өткізілген облыстық мәдени шараларды атап өтсек:

  1. Т.Жүргенов ауылдық мәдениет үйінде «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының «Әлем – BOOK» жобасы аясында «Ұлы Жеңісті жырлаймыз» атты Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай  облыстық жас жазба ақындар мүшайрасы өткізілді.
  2. Жаңадария ауылдық клубының ұйымдастыруымен 7 мамыр-Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр –Ұлы Жеңістің 80 жылдығына ,Ұлы Отан соғысының ардагері Нұржанов Ысқақ Нұржанұлының 100 жылдығына арналған «Ерлігі-елге мұра,ұрпаққа ұран» атты облыстық патриоттық ән байқауы өткізілді.
  3. Мәддениет және өнерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен мәдениет және өнер саласы ардагерлері арасында "Ардагерлер әуені" атты облыстық өнер фестивалі өткізілді.
  4. Жалағаш Аудандық Ардагерлер Кеңесі және Аққұм ауылдық клубы ұйымдастыруымен Ұлы ойшыл, кемеңгер ақын, қазақ руханиятының темірқазығы — Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл мерейтойына орай "Жүрекке жеткен Абай әуендері" атты Абай әндерін орындаудан ардагерлер арасындағы облыстық ән байқауы өтті.
  5. Аққұм ауылдық клубының ұйымдастыруымен сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтың 120 жылдығына арналған “Халқы сүйген қаламгер” атты облыстық мысал айтушылар байқауы өткізілді.
  6. Ұлы ойшыл, кемеңгер ақын, қазақ руханиятының темірқазығы — Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл мерейтойына Аққұм ауылдық клубы ұйымдастыруымен өткен "Жүрекке жеткен Абай әуендері" атты Абай әндерін орындаудан ардагерлер арасындағы облыстық ән байқауы өтті.
  7. Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтың 120 жылдығына арналған “Аққұм ауылдық клубы” КМҚ кәсіпорнының ұйымдастыруымен “Халқы сүйген қаламгер” атты облыстық мысал айтушылар байқауы өткізілді. 

Бүгінгі таңда кітапханалар оқырмандар үшін білімге еркін қол жеткізетін, әрі олардың сұраныстарын қамтамасыз ететін заманауи форматтағы ақпараттық орталық алаңына айналып отыр.          Электронды каталогтар, онлайн қызметтер, цифрлық платформалар – бүгінде кітапханалар қызметінің ажырамас бөлігіне айналды. Оқырман сұранысын қанағаттандыру кітапхананың басты міндеті. Қазіргі таңда оқырмандартарапынан жаңа туындылар, заманауи жанрлар, балама әдебиеттерге сұраныс жоғары. Сондықтан кітап қорын көркем әдебиетке ғана емес, ғылыми-көпшілік, кәсіптік, мотивациялық, балалар мен жасөспірімдерге арналған контентке де қатысты заманауи әдебиетпен толықтыру міндеті тұр. Бұл бағытта ағымдағы жылы кітапхана қоры 500-ге жуық (447) жаңа әдебиеттермен толықтырылды. Алдағы жылы да кітап сатып алуда оқырмандар сұранысындағы кітаптар тізімі қалыптастырылатын болады.

Сондай-ақ, цифрлық кітапханаларға тегін қол жеткізуін қамтамасыз ету бағытында «Руханият» орталығында электронды залдың мүмкіндігі жоғары. Оқырмандар Қазақстандағы кітапханалардың жиынтық электрондық каталогына, "kazneb.kz" мобильді қосымшасына қол жеткізуде.Кітапханада 900-ден астам (917 дана) жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары, 2000-нан астам (2488) мерзімді басылымдар цифрлық форматқа көшіріліп, пайдаланушылар саны артты.Кітапханалар жүйесі бойынша РАБИС бағдарламасына кітапхана қорындағы 131575 дана кітап және 7470 мақала электронды каталогқа енгізілген. Бүгінде электронды каталог пайдаланушылар саны – 4000-ға жетті. (3816).

Музей тарихи-мәдени мұраны сақтап, жұртшылыққа таныстыратын орталық.Аудандық  музей «АС Музей» цифрлық жүйеге қосылған. Бүгінгі күнге музей қорындағы 2000-ға жуық (1880)экспонаттар цифрлы форматқа көшірілді.

Құнды жәдігерлер, бағзыдан бүгінге жеткен тарихи-мәдени мұралар – бұл еліміздің асыл қазынасы. Оларды сақтау, зерттеу, қайта қалпына келтіру маңызды мәселе. Ауданның тарихи-мәдени мұрасы 74 объектіні құрайды. Биылғы жылы 23  ескерткіш жергілікті маңызы бар ескерткіштер қатарына енгізіліп, бұл дәрежедегі ескерткіштер қатары 55-ке жетті.Демеушілік есебінен Мырзабай ахун кесенесіне консервациялау жұмысы жүргізілді. 59 ескерткіштің құжаттары заңдастырылды.

Мәдениет ұйымдары алдағы уақытта да Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру бағытындазаманауи мәдениетті қоғам қалыптастыруда, ұлт руханиятын ұлықтап, ұлттық дәстүрді насихаттау, дәстүрлі және отбасылық құндылықтарға арналған қойылымдар санын арттыру, заманауи үйірмелер қатарын көбейту, концерттік іс-шаралардың репертуарларын жаңалау, музей, кітапхана ісі мен креативті индустрияны қамтитын ауқымды іс-шараларды жүзеге асыратын болады.

2025 жылдың 18 маусым күні аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен жастардың қатысуымен (маргинал, оқушы, студент, жасыл ел еңбек жасағы сарбаздары) Қалжан ахун, Оқшы Ата, Сауран, Сығанақ, Қожа Ахмет Яссауй кесенелеріне саяхат ұйымдастырды. Саяхат мақсаты жастарға қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттап, тарихын терең білуге шақыру болып табылады.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ

Тілдік ахуалды бейнелейтін басты көрсеткіш – құжат айналымы. Осы ретте мемлекеттік органдардағы тілдік ахуалға жүргізілген мониторинг нәтижесінде мемлекеттік тілдегі шығыс құжатының үлесі 100 пайызды құрап отыр.

Көрнекі ақпараттың пайдалануын бақылаудың өңірлерді қамту дәрежесі басты назарда.Тоқсан сайын мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының» мемлекеттік тіл мамандарының қатысуымен көрнекі ақпараттарға түсіндірме жұмыстарын  жүргізіп келеді.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-бап талаптарының сақталуына қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері 40 кәсіпкерлік субъектілеріне (дүкендер, жарнама агенттігі, мейрамхана, сән салондары, т.б.) мониторинг жұмыстары жүргізілді. Аудандағы шағын және орта бизнес өкілдеріне көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың сауаттылығын қадағалау және реттеу мақсатында whatsapp, телеграмм әлеуметтік желілері арқылы әдістемелік көмек  көрсету ұсынылған.

2025 жылы 5 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күніне  орай «Тіл тағдыры - ел тағдыры» дөңгелек үстел, жастар арасында «Ұшқыр ой» топтық интеллектуалды сайысы, этнос өкілдері арасында «Қазақ тілі –достық кілті» сурет салу байқауы  өткізілді. 

Аудандық кітапхананың  ұйымдастыруымен «Қасиетті мұратымыз - ана тіліміз» әдеби кеш, «Тіл - ұлт байлығы»  атты кітап көрмесі, «Тілім менің -тірлігімнің айғағы»,  «Тіл мерейі- ел мерейі»,  «Ана тілім-шешен тіл, көш бастайтын көсем тіл» зияткерлік сайыстары   ұйымдастырылып өткізілді.

Жалағаш аудандық мәдениет және өнерді дамыту  орталығы «Тіл-кемел болашақтың тұғыры» атты тіл жанашырларымен кездесу кешін ұйымдастырды.

 

Дата публикации
07 октября 2025
Дата обновления
07 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы